Қазақстан тыл еңбеккерлері Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында
Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында фашисттік Германияның КСРО ішкі аумағына барынша кіре бастауы Кеңестік Одақтың стратегиялық жоспарларды жүзеге асыру тура келді. Соғыс басталған жылдың алғашқы күндері-ақ Орталық комитеттің Саяси бюросының мүшесі Н.М. Шверниктің бастауымен эвакуация істері бойынша Кеңес құрылған болатын. Соғыс жылдарында Ресейдің орталық бөліктерінде орналасып, фашисттік Германия күштерінің қолына өтіп кету қаупі бар аймақтардағы өндіріс орындары Еділ бойы мен Орал, Батыс Сібір мен ең бастысы Қазақстан аумағына көшірілу басталды.
Жалпы Екінші дүниежүзілік соғыс тарихын зерттеу ісімен айналысатын зерттеушілер осы мәселеге қатысты түрлі пікірлер мен статистикалық мәліметтер келтіреді. Мысалы отандық зерттеушілердің бірі Т. Жангельдин өзінің ғылыми-зерттеу жұмысы барысында 1941-1942 жылдар аралығында Қазақстан аумағына 220 зауыттар мен фабрикалар көшіп келді десе, оған қоса 50 мың арнайы білімі бар арнайы мамандар көшіп келді деген пікір білдіреді [1, с. 9]. Г. Абишев өзінің еңбектерінде 1941 жылдың қазан және қараша айлары аралығы мен 1942 жылдың шілде және тамыз айының аралықтарында 110 кәсіпорын көшіріліп әкелді деген пікір білдіреді [2, с. 49-51]. Сонымен қатар осы салаға қатысты өзінің зерттеу жұмыстарын жүргізген Б. Жангуттин 1941 жылдың шілде айы мен 1942 жылдың қазан айы аралығында 142 ірі өндіріс орындары көшірілді деген пікір білдіреді [3, с. 73-75]. Жалпы соғыс аяқталғанға дейін елімізге барлық саны үш жүзден аса ірі өндіріс орындары көшірілгені белгілі. Рас аталған мәселеге қатысты тек отандық зерттеушілер ғана емес, сонымен қатар Ресейлік мамандар да ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастырып, архив құжаттары негізінде тұжырымдар жасады. Мысалы зерттеуші В. Павленко 1941 жылдың шілде айы мен 1942 жылдың ақпан айы аралығында жалпы саны 110 өндіріс орны көшіп келді деген мәліметтер береді. Ал 1942 жылдың қазан айына дейінгі бұл көрсеткіш 142 өндіріс орнына дейін өскенін байқаймыз. Көшіп келген өндіріс орындарының саны 150-ге жетіп, оларды 107-і Қазақстанға келуінің алғашқы күндерден-ақ дербес жұмыстарын бастап кетеді [4, с. 205-207]. Демек Қазақстанға көшіп келген өндіріс орындары туралы нақты статистикалық көрсеткіш жоқ. Оның үстіне отандық зерттеушілер үшін аталған мәселе көлемінде нақты тұжырымдар жасау үшін мүмкіндік беретін архив қорлары да жабық болып келді. Соңғы жылдары аталған қорлардың ашылуы зерттеушілер үшін жаңа мүмкіндіктер беруі тиіс деп санаймыз.
Көшіп келген өндіріс орындарының жұмыстарын жүйелі түрде басқару үшін 1941 жылдың 20 шілдесінде Қазақстанда Эвакуациялық бөлім пайда болды. Арнайы эвакуациялық комиссия құрылып, майдан қажеттілігін орындайтын зауыттар мен фабрика жұмыстарын белсенді ету жұмыстары қолға алына бастады.
Осы мәселеге қатысты зерттеу жұмыстарын жүргізген мамандар нақты архив құжаттары негізінде Қазақстанға көшіп келген зауыттар мен фабрикалардың және ірі өндіріс орындарының көшіп келу үдерісі қалай жүргендігін анықтап беріп отыр. Осы ретте біз индустриаландыру жылдарында салынған Түрксіб темір жолының маңызы жоғары болған. Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавловск қаласына шоғырланған өндіріс орындары Қазақстан аумағына бөлінді. Бір ерекшелігі осы жылдары Қазақстан аумағына азаматтық қажеттіліктерді өтетін зауыттар мен фабрикалармен қатар, соғысқа қажетті заттарды өндіретін өндіріс орындары көшіп келді. Осылайша Қазақстан – майдан арсеналына айнала алды. Сөзсіз бұл Қазақстанның Ұлы Жеңіске қсоқан үлесін арттырып, тыл майданындағы еңбеккерлердің ісіне ерекше қарқындылық берді деп нақты айта аламыз.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
- Жангельдин Т. Историческое значение и источники победы СССР в Великой Отчественной войне // Известия Академии наук. – Выпуск 4. – 1965. – 265 с.
- Абишева Г. Казахстан в Вликой Отечественной войне 1941-1945. – Алма-Ата: КГИ, 1958. – 362 с.
- Жангуттин Б. Эвакуация советского населения в казахстан (1941-1945 гг) // Новый исторический вестник. – №1 (14). – 2006. – 196 с.
- Павленко В. Промышленность Казахстана в дни войны 1941-1945 годов // Вестник Челябинского университета. – Серия Востоковедение. Евразийство. Геополитика. №10. – 2006. – 292 с.
Орындаған: Әл – Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің, Тарих факультетінің 4 – курс студен Жарылқасын Г.Б Ғылыми жетекшісі: Профессор, тарих ғылымдарының кандидаты Сайлан Б.С.