Оңтүстік Қазақстан. Алматы қаласының тарихи сипаты

Алматы – республикалық дәрежедегі қала. Қала республиканың оңтүстік-шығысына, Тянь – Шань тау жүйесінің жалғасы болып саналатын Іле Алатауының бөктеріне, теңіз деңгейінен 750-880 м биіктікте, Үлкен және Кіші Алматы өзенінің таудан шыға берісіне 1929—1931 жылдары салынған Семей—Құлан (Түрксіб) темір жолынан 9 шақырым оңтүстікке орналасқан.

Ол Іле әскери бекінісі ретінде 1854 жылы пайда болған, алайда қаланың тарихы ғасырлар тереңінен басталады. Бұл жерде орта ғасырдың бас кезінде сауда және қолонермен айналысатын Алимату деген елді мекен болған, ол арқылы Византия мен Орта Азиядан Қытайға баратын керуен жолы өткен. XIII ғасырда қаланы монғолдар жермен-жексен еткен. Кейінірек қала бірде қалпына келсе, бірде қайтадан шапқыншылардың қиратуына ұшыраған.

Көп кешікпей Іле бекінісінің, ал 1855 жылдан бастап Верныйдың айналасына казактар мен Сібірдің және Ресейдің еуропалық бөлігінен қоныс аударған шаруалар орнығып, Үлкен және Кіші Алматы казак станицаларын   қүрған,   60-жылдары Семейден шыққан татарлар және ішінара Шығыс Түркістаннан келген үйғырлар мен дүнгендер мекендеген Татар қыстағы пайда болды. Ол кезде қалада тұратын қазақтар өте аз еді, олар қала түрғындарының 6%-ы ғана болды. Сонымен, Верный өзі пайда болған күннен бастап көп ұлтты қалаға айналды. Ол 1867 жылдан бастап жаңадан құрылған Жетісу облысының орталығы болды.

Верный XIX ғасырдың аяғынан бастап белгілі сауда орталығына айналды. Бұған қаланың географиялық орнымен бірге Семей, Ташкент және Батыс Қытайдағы Құлжаға баратын маңызды керуен жолының торабына орналасуы да жағдай туғызды.

Қазан революциясынан кейін, 1921 жылы Верный Алматы болып атанды. Ол 1924 жылдан бастап Жетісу губерниясының, кейінірек — Қазақ АССР-і Алматы округінің орталығы болды. 1929 жылдың мамырында бұл қалаға Қызылордадан республиканың астанасы көшірілді, ал бір жыл өткен соң Түркістан—Сібір темір жолы қатарға қосылып, қала өзінің бүкіл тарихында түңғыш рет Қазақстанның және басқа елдердің аудандарымен темір жол байланысын орнатты. Осы уақыттан бастап Алматыда ірі өнеркәсіп, мәдени-ағарту және коммуналдық-тұрмыстық құрылыс өрістетілді. Қала тез өсіп, көп кешікпей халқының саны жөнінен республиканың барлық қалаларын басып озды.

Қазіргі Алматы — республиканың ондаған зауыттары мен фабрикалары бар аса ірі енеркәсіп орталықтарының бірі. Мұнда тамақ және жеңіл өнеркәсіп салалары басым. Олар өнеркәсіп орындары өндіретін өнімнің 70%-дан астамын береді. Тамақ өнеркәсібінің барлық аса маңызды кәсіпорындары, негізінен, жергілікті шикізаттарды пайдаланып, жұмыс істейді. Олардың көпшілігі өз өнімдерінің басым бөлігін басқа қалаларға жөнелтеді, ет-консерві және жеміс-консерві комбинаттарының республикааралық маңызы бар [37].

Алматының жеңіл өнеркәсібі тамақ өнеркәсібіне қарағанда, жергілікті шикізатты да, сондай-ақ сырттан әкелінетін шикізатты да пайдаланады. Мұнда мақта иіру, тоқыма, тігін және аяқ киім фабрикалары жұмыс істейді. Ескі иленбеген қайыс-бұйым зауыты тері комбинаты болып қайта жабдықталды, қалада ірі жиһаз фабрикасы бар. Алайда жылына 77 миллион метр мата шығаратын мақта-мата комбинаты жеңіл өнеркәсіптің ең ірі кәсіпорны болып саналады.

Қаланың ауыр өнеркәсібі бірнеше машина жасау және жөндеу-механикалық зауыттарынан тұрады. Бұл саладағы аса ірі кәсіпорын – ауыр машина жасау зауыты (АЗТМ). Ол домна пештері үшін күрделі жабдықтар, сондай-ақ болат, мыс, алюминий сымдары мен кіші диаметрлі түтіктер жасауға арналған созу стандартын шығарады. Қалада станок жасау зауыттары және көлік құралдарының қажетін өтейтін вагон жөндеу, аспаптар жөндеу, подшипник жөндеу, шина жөндеу және автомобиль жөндеу зауыттары секілді бірқатар кәсіпорындар бар. Кейбір кәсіпорындар ауылшаруашылық машиналарына қосалқы бөлшектер шығарады. Жылу электр станциялары, Іле өзеніндегі Қапшағай СЭС-і, Үлкен Алматы езеніне салынған су электр станциялар тобы қаланы электр энергиясымен қамтамасыз етеді.

Алматы – Қазақстанның ғылым мен мәдениет орталығы. Мұнда республиканың Ғылым академиясы, он бестен жоғары және соншама арнаулы орта оқу орындары, көптеген кітапханалар, театрлар бар. Алматы – бірін-бірі тік қиып өтетін түзу көшелері, жер сілкінуін көтеретін биік үйлері, жаңа алаңдары бар республиканың әсем қалаларының бірі. Жақсы көгалдандырылған бұл қаладан жазғы ыстықтың өзінде де салқын леп есіп түрады.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *