Шәкен Айманов қазақ киноиндустриясының негізін салушы

  • Қазақ ұлтының өнер мен мәдениет тарихында өшпес орын алатын тұлғалардың бірі-қазақ театрының іргесін қалаушы, кино тарихында ойып орын алатын мемлекет және қоғам қайраткері, режиссер Шәкен Айманов ғасырдың бір туар тұлғасы. Кино тарихы қазақ даласына кеш келгендіктен зерттеуді қажет етеді. Бүгінгі заманда Шәкен Аймановтың артына қалдырған мұраларына зерттеу жасау, ұрпаққа үлгі ету маңыздылығын жоймаған мәселелерлің бірі. Шәкен Аймановтың шығармашылығының алғашқы кезеңдері қазақ өнерінің қара шаңырағы- Қазақ драма театрының сахнасында шыңдалып, құлаш жайды. Шәкен Аймановтың өзіңе үлгі алар өнер ұстаздары және тәлімгерлері мен әріптестері атақты актерлер сол заманның мықты тұлғалары Құрманбек Жандарбеков, Серке Қожамқұлов, Елубай Өмірзақов, Қалибек Қуанышбаевты Шәкен Айманов өзің ұстаз тұтты, кейбірімен тіпті үзеңгелес серік те болды.
    Шәкен Айманов театрда сан қырлы актерлік дарыны жарқырай ашылып, айналасындағы өнерсүйер қауымға жылы нұрын септі. Оның шығармашылық жұмыстары мен репертуарында ұлттық, орыс классикасы және шетел драматургиясының шығармалары бір –бірімен астасып, бірін-бірі толықтырып тұрды. Оның актерлік шеберлігі және режиссерлік жұмыстары ұлттық сахнада табыстарға жетіп, қазақ өнерінің дамуына үлес қосты. Шәкен Аймановтың өнер ордасынан шыққан шекспирлік кейіпкерлер- Петруччио мен Отелло көрермен тарапынан жоғары бағаланды. Шәкен Айманов өзінің актерлік шеберлігімен, қайталанбас тамаша өнердегі жетістігімен қазақ сахнасы үшін эталон өлшемі болып қалыптасты. «Абай» қойылымы үшін Сталин атындағы КСРО Мемлекеттік сыйлығына ие болады.
    Шәкен Айманов 1938 жылдан бастап фильмдерге түсуге шақырту алады. Оның ең алғашқы түскен киносы « Амангелді». Одан кейінгі түскен фильмдері «Райхан», «Абай әндері», «Алтын мүйіз» болды. Бұлардан кейін түсірілген «Жамбыл» фильмінде Шәкенге Шаймұхамет ақынның рөлі берілді. Бірақ фильмге дайындық барысында ол сценарийдегі өлеңдерді ұнатпай, басқа өлеңдерді оқып береді. Сонысына риза болған режиссер Ефим Дзиган бастапқы шешімін өзгертіп, Шәкен Аймановты 100 жасаған Жамбыл ақынның рөліне бекітеді. Көпшіліктің көңілінен шыққан «Жамбыл» фильміндегі ең сәтті рөл – актер Аймановтың кезекті шығармашылық жеңісі болды.
    Елуінші жылдан бастап Шәкен Айманов киноөнер саласына келді. Алғашқы фильм-спектаклін «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» ді Мәскеулік режиссер Гаккельмен бірігіп түсірді. Кино өнерінде де Шәкен Айманов талантымен жарқырап көрініп, ерекше қырынан өзін көрерменге таныстыра білді. «Біздің сүйікті дәрігер», «Тақиялы періште», «Алдар көсе», фильмдері күні бүгінге дейін өз бағасын түсірмеді. Шәкен Аймановтың фильмдерін қанша көрсе сонша қырларын көре білуіміздің өзі оның өнерінің өміршеңдігін көрсетеді. Шәкен Аймановтың кинокомедия жанрдағы ғана емес «Бір ауданда», «Біз осында тұрамыз» кинохикаяттары көрермен көзаймына айналып, қалың көпшілікке актерді танымал ете бастады. Оның ең баға жетпес үздік шығармаларының бірі «Атаманның ақыры» ұлттық кинематография сара жолдың енді нағыз өнерге басқан қадамды көрсете білді. Киностудияға көркемдік жетекші болып келуімен бірге, жас актерлердің жас дарындардың кино өнеріне түсуіне жол ашып, заманынның сұранысына сай көркем және деректі фильмдерді түсіру қолға алынды. Шәкен Айманов жиырмадан астам киноленталардың дүниеге келуіне септігін тигізді, бұл фильмдер осы күнге дейін еліміздің киноэкрандарынан түскен емес.
 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *