Инфляция және жұмыссыздық ашық сабақ талдамасы

Қызылорда медициналық жоғары колледжі

 

«Бекітемін»
«Әдістемелік бөлім» меңгерушісі

____________Жундабекова С.С.

“____” ___________2021ж.

 

 

Орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған педагогінің сабақ жоспары

 

 

Сабақ тақырыбы:   Инфляция және жұмыссыздық

Модуль /пән атауы: Денсаулық сақтаудағы экономика және құқық негіздері

Дайындаған педагог: Усманова А.С.

2021 жылғы “11” қараша

 

1.Жалпы мәліметтер

Курс, оқу жылы, топ: М47 топ, І курс 2021-2022 оқу жылы

Сабақ типі: құрама, жаңа материалды меңгерту

Сабақтың әдісі: СТО стратегиясы ,түсіндіру, топпен жұмыс, «Ақылдың 6 қалпағы» Де-боно әдісі, ДЖИГСО әдісі, мәтінмен жұмыс

 

  1. Мақсаты, міндеттері
Сабақ мақсаттары Инфляция туралы білім алушылардың білімін кеңейту және жүйелеу, оның мәні мен түрлерін ажырату. Жұмыссыздықтың мәні мен түрлерін анықтау, әлеуметтік-экономикалық зардаптарын зардаптарын білу. Инфляция және  жұмыссыздықпен күрес шараларын анықтау. Қазіргі инфляция мен жұмыссыздықтың ерекшеліктерін, өзгеру динамикасын қарастырып, зерттеу.
Сабақ міндеттері Студенттердің ойлау, топпен жұмыс істеу, өз бетінше қорытынды жасай білу қабілеттерін дамыта отырып, оқушы бойындағы шығармашылық, ізденімпаздық қабілеттерін шыңдау. Инфляция мен жұмыссыздық мәселелерін түсіндіру, олардың ел экономикасына тигізетін пайдасы мен зиянын  студенттерге жеткізу.
Бағалау критерийлері Инфляция, жұмыссыздық көрсеткіштерін салыстырып, өз түсінігін қалыптастырады. Қазақстанның  экономикалық жағдайын анықтайды. Жұмыссыздық жағдайындағы  адамдардың әл-ауқатын бағалайды. Инфляция мен жұмыссыздықтың зардаптарын біледі.
Тілдік мақсаттары Inflation – инфляция- инфляцияslow inflation – баяу инфляция –умеренная инфляцияJumping inflation – галопирующая инфляция- секірмелі инфляция Unemployment –  безработица –  жұмыссыздықHyperinflation – гиперинфляция – ұшқыринфляцияseasonal unemployment –  маусымдық жұмыссыздық –сезонная безработицаtechnological unemployment –технологиялық жұмыссыздық –технологическая безработицаCyclical unemployment  – цилкдік жұмыссыздық – циклическая безработицаFrictional unemployment – Фрикционная  безработица- фрикциондық жұмыссыздықHidden unemployment – Скрытая  безработица  – жасырын жұмыссыздықVoluntary unemployment – Добровольная безработица  – еркіті жұмыссыздық  Structural  – Структурная безработица –құрылымдық жұмыссыздықNatural inflation – Естественная  безработица  – табиғи жұмыссыздық

 

Пәнаралық байланыстар: Саясаттану және әлеуметтану негіздері

Тақырыбы:Саяси қақтығыстар және әлеуметтік тәртіп.

Пәнішілік байланыстар: Ұлттық шаруашылықтың циклдік өсу және экономикалық өсу  қарқыны.

  1. Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі/дағдылар:
  2. Бағдарлама аясында бөлімдердің мәнісін жұппен талқылау (айтылым дағдысы);
  3. Интербелсенді тақтаны қолдану арқылы студенттерге видеоролик, презентация, жекелеген тапсырмалардың дұрыс жауабын көрсету
  4. Қажетті материалдарды жинақтау мен топтастыру дағдылары   (сәйкестендіру тапсырмасы кезінде қаламмен сызу дұрыс жауапты)

 

  1. Сабақты жабдықтау: презентация, дәріс, тапсырмалар

3.1. Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер:Қ.С.Есенғалиева «Экономика негіздері» 756-796 беттер

  • . Техникалық құралдар, материалдар: Интерактивті тақта, ноутбук

 

  1. Сабақтың барысы
Сабақ кезеңдері: Оқытушы іс-әрекеті
Сабақтың басы:

Ұйымдастыу кезеңі

Ұйымдастыру кезеңі.

Білім алушылардың сабаққа дайындығын тексеріп, түгелдеп аламын.Журналға күн ретін қоямын. Өткен сабақтағы «Ұлттық шаруашылықтың циклдік өсу және экономикалық өсу  қарқыны» тақырыбындағы үй жұмысын тексеремін. Топтың сабаққа дайындығын тексеру, сабаққа қатыспаған студенттерді белгілеу, студенттерді сабақтың мақсатымен, жоспарымен таныстыру

Үй жұмысын тексеру

 

1.      Үй жұмысын тексеру.

Дескрипторлар:

1.Экономикалық цикл фазаларын,  кезеңдерін талдайды

2.Экономикалық цикл фазаларын сипаттайды.

3.Экономикалық өсу типтерін анықтайды

4.Экономикалық өсуге әсер ететін факторларды анықтайды.

Постер қорғау әдісі бойынша үй жұмысын тексеру

1-топ. Құлдырау

2-топ. Тоқырау

3-топ. Жандану

4-топ. Өрлеу

Жаңа тақырыпты болжау

Ой шоғырландыу

Қызығушылықты ояту кезеңі:

Тақырыбы: Жұмыссыздық және инфляция туралы  видеоролик көрсету. Берілген үзіндіден тақырыпқа шығу. 7 мин

Сабақтың ортасы

 

Сабақтың негізгі мазмұны

 

Мәтінмен жұмыс

(Теориялық материал)

Сабақтың жоспары:

1.Инфляция мәні

2.Инфляцияның түрлері

3.Жұмыссыздық мәні және түрлері

4.Инфляция және жұмыссыздықтың әлеуметтік-экономикалық зардаптары

Мағынаны тану: ДЖИГСО стратегиясын және  «Ақылдың алты қалпағы»  Де Боно әдісін қолдана отырып, топтарға 4 түрлі мәтін таратылады.

Мақсаты: Мәселені барынша мұқият талқылап, студенттің жалпы ойлау қабілетін жетілдіру үшін ойдың, сананың түрлі аспектілерін жандандыру мақсатында қолданатын әдіс

Топтар мәтінмен жұмыс жасайды. Жаңа білімді оқушының өзі игеруі, бірін-бірі ұжымдық оқыту.

 

1 топ: Инфляция мәні және түрлері. Жұмыссыздық мәні және түрлері (ақ қалпақтылар)

2 топ: Инфляция мен жұмыссыздықтың әлеуметтік-экономикалық зардаптарын айтады (қара қалпақтылар жағымсыз мәселелерді айтады)

3 топ: Инфляция мен жұмыссыздыққа қарсы іс-шаралар  (жасыл қалпақтылар жаңа идеялар ағымын  тудыратын шығармашылық ойлар)

4 топ:  Инфляция мен жұмыссыздықтың  жоқ екенін айтып халықтың жағдайы үшін барлық жағдайлар жасалып жатқандығы туралы айтылады. (сары қалпақтылар)

 

Жұмыс түрлері, (топтық, жұптық, жеке)

Әдіс тәсілдер (белсенді, саралап оқыту)

 

 

Қалыптастырушы бағалау әдістері

Ой толғаныс сатысы:

1-топ: Логикалық тапсырмамен жұмыс.

Төменде келтірілген жағдайлардың әрқайсысы жұмыссыздықтың қай түрі екенін анықта, сәйкес белгі қой.

1.Құрылысшы қыста жұмыс таба алмай жүр (маусымдық жұмыссыздық)  2.Экономикада құлдырау байқалады. Шахталар жабылып      шахтерлар жұмыстан шығарылуда (циклдік жұмыссыздық)

3.Заңгер Алматыдағы фирмадан жұмыстан шықты, өйткені Астана қаласындағы жұмысқа шақыру алды (фрикциондық жұмыссыздық)

4.Университет түлегі алғашқы жұмысын іздеп жүр (уақытша жұмыссыздық)

5.Дүкенде экономикалық дағдарыс әсерінен сатылу күрт азайды.    Сатушы жұмыстан шықты (циклдік жұмыссыздық)

6.Орта мектепті бітірген, белгілі мамандығы болмағандықтан жұмысқа қабылданбады  (құрылымдық жұмыссыздық)

7.Жоғары білікті программист жұмыстан шықты, өйткені оны жалақының мөлшері қанағаттандырмайды. (фрикциондық жұмыссыздық)

2-топ Келесі тұжырымдар дұрыс па?

1.Адам жұмысқа қабілетті жасқа келгенде жұмыс күшінің құрамына кіреді

Иә жоқ

2.Адамдар өздерінің өмір сүру аралығында жұмыс күшінің құрамына кіріп және оның құрамынан шыға алады.

Иә жоқ

3.Жұмыссыздық деңгейі жұмыссыздар санының жұмысқа қабілетті адамдардың жалпы санына қатынасымен анықталады.

Иә   жоқ

4.Жұмысы жоқ адам жұмыс іздеуден бас тартса, ол жұмыссыз болып есептелмейді.

Иә    жоқ

5.Жұмыс орны бар кез-келген адам толық жұмыспен қамтылған деп есептеледі.

Иә      жоқ

6.Егер адам алдыңғы аптада қатты қарлы боранға байланысты жұмыс істемесе, ол жұмыспен қамтылғандар категориясына жатпайды.

Иә  жоқ

7.Егер жұмыссыздық деңгейі төмендесе, онда бұл әрдайым жұмысшылардың көпшілігінің жұмысы бар екенін білдіреді.

Иә   жоқ

8.Жұмыссыздық бойынша жәрдемақының өсуі оның деңгейінің өсуіне жағдай жасайды.

Иә   жоқ

9.Еңбек нарығына алғаш кірген барлық адамдар уақытша жұмыссыздар категориясына жатады

Иә     жоқ

10.Уақытша жұмыссыздықтың негізгі себебі – мәліметтің жетілмегендігі

Иә     жоқ

3-топ: Анықтамалар мен түсініктердің жұптарын құрастырыңдар:

А)Әлеуметтік-экономикалық құбылыс, оның кезінде экономикалық белсенді халықтың жұмысқа қабілетті және жұмыс істегісі келетін белгілі бөлігінің жұмысқа орналасу мүмкіндігі болмайды. А) Жұмыссыздық деңгейі
Ә)Жұмысы бар адамдар (бұл кезде жұмыс күні толық немесе т

лық еместігіне, жұмыс аптасы толық немесе толық еместігі ескерілмейді.)

Ә) Уақытша жұмыссыздық
Б) жұмысы жоқ, бірақ оны белсене іздеп жүрген немес жұмысқа шығу уақытын күтіп жүрген адамдар Б)Жұмыспен қамтылғандар
В)Жұмыссыздар санын жал

ы жұмыс күші санына (жұмыспен қамтылғандар мен жұмыссыз адамдар санының қосындысына) бөлгенге тең болады (пайыз түрінде есептелінеді)

В)Жұмыссыздық
Г)Бұл жағдайда жұмысты белгілі деңгейдегі кәсіби дайындығы бар және білікті мамандар іздейді. Г

Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі

Д)Өндіріс құрылымының өзгеруіне байланысты еңбекке қабілетті халықтың бір бөлігінің уақытша жұмыстан айрылуы Д) Жұмыссыздар
Е)Еңбекпен толық қамтылу жағдайындағы жұмыссыздық деңгейі, ол әлеуетті ЖІӨ-ге сәйкес келеді. Е)Құрылымдық жұмыссыздық деңгейі
Ж)Құрылымдық жұмыссыздар санының жұмыс күшінің жалпы санына қатынасымен анықталады Ж)Құрылымдық жұмыссыздық
З)Нақты және табиғи жұмыссыздық деңгейлерінің арасындағы айырмаға тең болатын шама З)Жұмыссыздықтың экономикалық емес салдары
И)Бұл біріншіден, психологиялық және әлеуметтік, ал екіншіден, жұмысты жоғалтудың саяси салдары И)Циклдық жұмыссыздық

А) В  Ә)Б    Б)Д    В)А    Г)Ә     Д)Ж    Е)Г     Ж)Е     З)И      И)З

4-топ:Үш тілді меңгеру

Inflation – инфляция- инфляцияslow inflation – баяу инфляция –умеренная инфляцияJumping inflation – галопирующая инфляция- секірмелі инфляция Unemployment –  безработица –  жұмыссыздықHyperinflation – гиперинфляция – ұшқыринфляцияseasonal unemployment –  маусымдық жұмыссыздық –сезонная безработицаtechnological unemployment –технологиялық жұмыссыздық –технологическая безработицаCyclical unemployment  – цилкдік жұмыссыздық – циклическая безработицаFrictional unemployment – Фрикционная  безработица- фрикциондық жұмыссыздықHidden unemployment – Скрытая  безработица  – жасырын жұмыссыздықVoluntary unemployment – Добровольная безработица  – еркіті жұмыссыздық  Structural  – Структурная безработица –құрылымдық жұмыссыздықNatural inflation – Естественная  безработица  – табиғи жұмыссыздық

1-топ:

Анықтамалар мен түсініктердің жұптарын құрастырыңдар

А)Инфляцияның бұл түрі  қазіргі заманғы экономика үшін қалыпты болып есептеледі, кейде тіпті өнім көлемін өсіруді ынталандырушы болып есептеледі. А) сұраныс инфляциясы
Ә)Бір жылғы пайызбен өлшенетін және оның қарқыны 20%-дан 100%-ға дейін болатын, жоғары дамыған елдер үшін күрделі экономикалық мәселе болып еспетелетін инфляция Ә) Шығындар инфляциясы
Б) Бір айдағы пайызбен өлшенетін және жылына 200-300%, тіпті одан да жоғары болатын, жоғары дамыған елдер үшін күрделі экономикалық мәселе болып есептелетін инфляция Б)ашық инфляция
В)Бір аптадағы, кейде  бір күндегі пайызбен өлшенеді, бір айдағы деңгейі 40-50% немесе 1 жылда 1000%-дан да артық болатын инфляция В)жоғарғы инфляция
Г)бағалардың жалпы деңгейінің қадағаланған өсуінен көрінетін инфляция Г)Шапшаң инфляция
Д)мемлекет бағаларды белгілегенде және ол бағалар нарықтағы тепе-теңдік бағадан төмен болғанда орын алатын инфляция Д) Атаулы табыс
Е)туындау себебі жиынтық сұраныстың өсуінен болатын инфляция Е)Гиперинфляция
Ж)адамның өзінің атаулы табысына сатып ала алатын тауарлар мен қызметтердің санымен өлшенетін табыс Ж)Қысымдалған инфляция
З)адамға өз меншігіндегі экономикалық ресурстарын сатудан түсетін ақша сомасы З)нақты табыс
И)Жиынтық ұсыныстың төмендеу себебінен туындайтын инфляция И)баяу инфляция

А) И   Ә)Г   Б)В   В)Е   Г)Б   Д)Ж   Е)А     Ж)Д       З)З       И)Ә

2-топ.Келесі тұжырымдар дұрыс па?

1.Инфляция дегеніміз экономикада өндірілетін барлық тауарлар мен қызмет көрсетулердің бағаларының өсуі

Иә   жоқ

2.Егер инфляция деңгейі  төмендесе, бұл жағдай барлық тауарлардың бағаларының төмендегенін білдіреді.

Иә  жоқ

3.Егер инфляция қарқыны 2%-ға төмендесе, онда бұл-дефляция

Иә  жоқ

4.Әлеуетті және нақты ЖІӨ көлемдері тең болғанда, жиынтық шығындардың өсуі инфляцияға алып келеді.

Иә   жоқ

5.Жоғарғы инфляцияның себебі, елдің салық ретіндегі кірісіне қарағанда, шығындарға көп ақша жұмсауы және  айналысқа ақшаны өте көп шығаруы болып есептеледі.

Иә     жоқ

6.Егер инфляция қарқыны 150%болса, онда бұл баға деңгейінен 1,5 есе өскенін көрсетеді

Иә   жоқ

7.Әлеуетті өнім шығарудың деңгейінде тұрған экономикада жиынтық шығындардың өсуі, сұраныс инфляциясына алып келеді.

Иә      жоқ

8.Экономикада әскери шығындардың өсуінен туындайтын инфляция – шығындар инфляциясына мысал болады

Иә     жоқ

9.Стагфляция жиынтық шығындардың тез қысқаруының нәтижесі

Иә    жоқ

10. Инфляция әр уақытта ақшаның сатып алу қабілетінің төмендеуіне алып келеді, ол алдын ала болжанған не болжанбағанына байланысты емес.

Иә    жоқ

3-топ:Ойланып төмендегі сұрақтарға жауап береміз

1.Баяу, шапшаң және гиперинфляцияның айырмашылығын қалай ажыратамыз. Оларды ажыратудың критерийлері қандай?

1. Инфляцияның өсу қарқынына байланысты болады. Шапшаң инфляция мен гиперинфляцияның арасындағы айырмашылықты байқау өте қиын. Инфляцияның ең маңызды белгісі – ақшадан қашу болады.

2.Қысымдалған инфляция неден көрініс табады? «Қысымдалған» сөздің мағынасын қалай түсіндірер едіңіз?

2.Тауарлар жетіспеушілігінен, оған кезекке тұрумен, тауарлар сапасының төмендеуінен байқалады. «Қысымдалған» сөзі бағалардың әкімшілік жолмен, олардың тепе-теңдік деңгейінен төмен шамада белгіленуін және қадағалануын білдіреді. Бұл Кеңес үкіметі кезінде болды.

3.Экономикалық теорияда «70 шамасының ережесі» деген бар. Ол елдегі баға өсуінің жылдық қарқынын ескере отырып, неше жылдан кейін осы елде баға екі еселенетінін анықтауға мүмкіндік береді. Неліктен бұл «70 шамасының ережесі» болады? Неліктен 100 шамасының ережесі емес, бағаның екі еселенуі 70%-ды емес, 100%-ды білдіреді.

3.Бағалардың өсу қарқынын есептегенде жәй емес күрделі пайыздар әдісі қолданылады.

4.Инфляцияны гиперинфляциядан қалай ажыратуға болады? Экономистердің арасында бұл түсінікті  ажырату әдісі туралы мынадай әзіл тараған: Сіз инфляция қарқындаған жағдайында еңбекақы алдыңыз. Сөйтіп көптеген қағаз ақшаны үлкен сөмкеге салып, үйге келе жатқанда   танысыңызға қоңырау шалуға телефон-автоматқа кірдіңіз. Ал ақша салынған сөмкені аяфальтқа қойып кеттіңіз. Сөйлесіп болғаннан кейін, кабинадан шыққанда сөмке босап қалған болса, онда бұл бар болғаны – инфляция. Ал егер асфальтта ақша шашылып жатып, сөмке жоқ болса, онда бұл гиперинфляция. Осыған экономикалық теория тұрғысынан ғылыми түсінік беріңіз.

4.Бұл әзіл гиперинфляцияға тән белгіні көрсетіп тұр – ұлттық ақша бірлігіне сенімді толық жоғалту, экономикалық агенттердің өз байлықтарын қозғалмайтын мүлік, ұзақ уақыт қолданылатын тауарлар, тұрақты шетелдік валюталар түрінде ұстауға ұмтылысы

4-топ: Тест тапсырмалары

1.Инфляция – бұл …тұрақты өсу тенденциясы:

А)азық-түлік бағасының

Ә)импорттық тауардың бағасының

Б)экономикадағы барлық тауарлар мен қызметтер бағасының

В)бағаның жалпы деңгейінің

Г)энергия ресурстары бағасының өсу деңгейі

2.Инфляция деңгейінің көрсеткіші төмендегінің қайсысын сипаттайды:

А)бағаның жалпы деңгейінің өсу қарқынын

Ә)бағаның жалпы деңгейінің өсімшесінің қарқыны

Б)осы жылғы баға деңгейі мен алдыңғы жылғы баға деңгейінің айырмасын;

В)осы жылғы баға деңгейінің өсу қарқыны мен алдыңғы жылғы бағаның өсу деңгейінің өзгерісін

3.Инфляция көрсеткіші ретінде қолданылуы мүмін

А)валюта бағамы

Ә)тұтыну бағасының индексі

Б)пайыз мөлшерлемесі

В)Доу-Джонс индексі

Г)ақша массасының өсу қарқыны

4.Егер 2008 жылы баға деңгейі 165% болса, 2009 жылы 185% болды. Инфляция қарқынын анықтаңдар:

А) 20%

Ә)12,1%

Б)10,8%

В)0,2%

Г)мәліметтер жеткіліксіз

5.Баға деңгейінің тез көтерілуі қалай аталады:

А)инфляция

Ә)дефляция

Б)гиперинфляция

В)дезинфляция

6.Инфляция қарқынының төмендеуі не деп аталады?

А)дефляция

Ә)Фишер әсері

Б)баға секірісі

В)дезинфляция

7.Жалпы баға деңгейінің төмендеуі не деп аталады?

А)дефляция

Ә)Гипоинфляция

Б)дезинфляция

В)Гиперинфляциия

8. Егер бір айлық инфляция деңгейі 20%-ды құраса, онда бұл инфляция қалай аталады?

А)баяу

Ә)шапшаң

Б)жоғарғы

В)гиперинфляция

9.Егер бір жылғы инфляция деңгейі 20%-ды құраса, онда бұл инфляцияны қалай атайды?

А)баяу

Ә)шапшаң

Б)жоғарғы

В)гиперинфляция

10.Егер бір апталық инфляция деңгейі 10%-ды құраса, онда ол қалай аталады?

А)орташа

Ә)шапшаң

Б)жоғарғы

В)гиперинфляция

Сабақтың соңы

 

Кері байланыс:

Тазалық ойыны

1.Чемодан        2.Ет тартқыш        3.Қоқыс жәшігі

Білім алушылар сәйкесінше стикерді  өз ойлары бойынша қалаған  суретке жапсырады     4 мин

Бағалау Өзін-өзі бағалау парағы арқылы белгілеу
 

 

Үй тапсырмасы

 

 

 

міндетті бағыт бойынша:

Қ.С.Есенғалиеваның «Экономика негіздері» оқулығынан «Инфляция» , «Жұмыссыздық»тақырыптарын (683-694, 725-729беттерін) конспектілеу

тереңдетілген бағыт бойынша:

Инфляция мен жұмыссыздық туралы видеороликтер жинақтап, презентациялау

«Менің мамандығым» атты эссе

шығармашылық бағыт бойынша:

Инфляция мен жұмыссыздықты қалай жоюға болады атты модель қорғау

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *