Сүйікті қалам-Түркістан
Байзакова Арайлым Сапибиллаевана
Ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы: Сүйікті қалам-Түркістан
Ұйымдастырылған оқу қызметінің түрі: кіріктірілген сабақ
Ұйымдастырылған оқу қызметінің мақсаты: Балалардың ежелгі қазақ хандығының астанасы болған Түркістан туралы түсініктерін кеңейту. Елдік бейнеміздің кәусар бұлағы екенін ұғындыру. Оның пайда болу тарихын әңгімелеу. Осы қала арқылы біз өткен тарихымызды, мәдениетімізді білетінімізді балаларға дәріптеу. Отанын сүюге, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрпымызды берік сақтауға тәрбиелеу.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің көрнекілігі: Слайд, Түркістанның көрнекі жерлерінің суреті, видео ролик, кітаптар.
Оқу қызметінің кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушылық
Іздену -ұйымдастырушылық кезеңі
Мақсаты:
Шарты:
Рефлексивті түзетушілік |
Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңбері Туған жер –алтын таң, Кең далам таулы орман. Ұл мен қыз қорғаймыз, Бақытты ұлы Отан.
-Балалар бізде бүгін өзгеше ұйымдастырылған оқу қызметі болады. Себебі бізде қонақтар келіп отыр. Қане балалар қонақтармен сәлемдесіп алайық. -Жарайсыңдар балалар енді орындарыңа отырыңдар. -Балалар қазір жылдың қай мезгілі? -Қыста не жауады? -Қармен не жасаймыз? -Қармен тағы да не істеуге болады?
-Жарайсыңдар -Балалар бүгінгі біздің танысатын жаңа тақырыбымыз «Сүйікті қалам-Түркістан» деп аталады -Сендер Түркістанның қандай жерлерін білесіңдер?
-Балалар енді мен сендерге «Түркістаным – тұмарым» деген өлең оқып берейін. -Тыңдайсыңдар ма? Елімізге орнағанда азат күн, Айналдың сен тұмарына қазақтың. Қасиетіңмен шапағатты нұр сыйлап, Түркістаным түрленесің ғажап тым.
Кесенеміз көк күмбезін күн сүйген, Келген адам қасиетін түйсінген. Түркістанды күллі әлемге танытып, Тарихынан қазағымның ой түйген.
-Балалар біз қай мемлекетте тұрамыз?
-Біздің елбасымыз кім?
-Балалар сендер қай қалада туып өсіп жатсыңдар? -Сендер Қазақстан,Түркістан жайлы тақпақтар білесіңдер ма? -Қане айтып беріңдерші
-Жарайсыңдар балалар. -Сендер ойын ойнағанды ұнатасыңдар ма? «Өз туыңды тап?» ойыны Балаларға ойынның шартын түсіндіру. Әр елдің туының ішінен, өз туымызды тапқызу. Отанын қастерлеуге, сүйе білуге тәрбиелеу. Әр елдің туларының ішінен Қазақстан туын тауып көрсетеді.
-Балалар енді осы Тудың суретін салып көрсетіңдерші. -Жарайсыңдар балалар, енді бойымызды сергітіп алайық. Сергіту сәті Орнымыздан тұрайық. Шеңбер жасап алайық, Керегені құрайық. Уық болып иіліп, Бір шаңырақ астында, Тату-тәтті тұрайық. -Ал енді балалар орындарыңа жайғасыңдар. Тосын сәт Есік қағылады. Топқа саяхатшы кіреді. -Сәлеметсіңдер ме, балалар? Мен өмір бойы барлық жер шарын кезіп келемін, ал сендердің қалаларыңда мүлдем болған емеспін. Сендер маған қалаларыңды көрсетесіңдер ма? -Ал балалар онда барлығымыз отырып қаламызды саяхатшыға көрсетейік. Тақтадан Түркістан қаласының видео ролигі көрсетіледі. -Саяхатшы сізге біздің қала ұнады ма? -Балалар енді біз саяхатшымызға Отан туралы мақал-мәтел айтып берейік.
-Жарайсыңдар балалар! -Мен қайтайын уақытым болды. Рахмет сендерге сау болыңдар. -Балалар бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметіміз сендерге ұнады ма? -Қаламыздың көрікті жерлері сендерге ұнады ма? -Қаламыздың ең көрікті жерін ата?
-Ендеше біз туған елімізге, жерімізге деген жылы лебіздерімізді білдіріп оқу қызметімізді аяқтаймыз. 1) Күніміз жарқын болсын! 2) Туымыз көкке желбірей берсін! 3) Қазақстанымыз гүлдене берсін! 4) Әрқашан тату-тәтті өмір сүрейік! 5) Аман болыңыздар! |
Балалар өлеңді бірлесіп, қимылмен орындайды.
-Сәлеметсіздер ме!
-Қыс мезгілі -Қар жауады -Аққала жасаймыз -Сырғанақ тебеміз, шанамен ойнамыз.
-Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, темір жол вокзалы, театр, жеңіс саябағы.
-Иә
-Қазақстан Республикасында -Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев -Түркістанда
-Иә, білеміз Аяла Түркістан – ән көзі, жыр көзі, Алыстан көрінген күмбезі. Түркістан – шығыстың шырайы, Көгіңнен кетпеген күн көзі. Айсұлтан Егемен ертегі еліміз, Балбұлақ бау-бақша жеріміз. Түркістан түрлеген нұрланған , Келіңіз, келіңіз, келіңіз. Рауан Отан – жерім, Жібек Ерасыл Шұғыла
-Иә ұнатамыз
-Жарайды
-Иә көрсетеміз.
-Иә ұнады.
Отан – елдің анасы. Отан – алтын бесік. Отан – оттан да ыстық.
-Иә ұнады
-Иә -Балалар өз ойларын айтады.
|
Күтілетін нәтиже:
Біледі: киелі қаламыздың көрікті жерлерін біледі.
Игереді: мәнерлеп оқу дағдыларын.
Меңгереді: Тапсырмаларды толық, нақты орындауды.