БАЙЛАНЫСТЫРЫП СӨЙЛЕУГЕ ҮЙРЕТУДЕ КӨРКЕМ ШЫҒАРМАЛАРДЫ ҚОЛДАУ

 

БАЙЛАНЫСТЫРЫП СӨЙЛЕУГЕ ҮЙРЕТУДЕ КӨРКЕМ ШЫҒАРМАЛАРДЫ ҚОЛДАУ

 

Аманбаева Гүлназ Кеңшілікқызы

№44 «Тұлпар» МДҰ МКҚК

 

Көркем әдебиет шығармаларыбалалар алдына адамға тән сезімдер дүниесін ашып, жеке адамға, кейіпкердің жан дүниесіне қызығушылық тудырады. Көркем шығарма кейіпкерлерімен бірге куана-қайғыруды үйрене отырып,балалар өзінің төңірегіндегілердің, жақын адамдарының көңіл күйін байқай бастайды.оларда адамгершілік сезім – қайырымдылық қасиет, әділетсіздікке қарсы тұру қабілеті ояна бастайды. Бұл – принципшілдік, адалдық, нағыз азаматтық қасиеттердің қалыптасу негізі. Сезім – білімге жол ашушы,  шындықты сезбеген адам оны түсінбейді, және оны тани білмейді де, – деген болатын В.Г.Белинский.

Баланың сезімі тәрбиеші таныстырған шығарманың тілін түсініп, оны ұғу процесінде дамиды. Көркем шығарма сөзі балаға ана тілінің әдемілігін түсінуге көмектеседі, қоршаған ортаны эстетика тұрғысынан қабылдауға, сонымен бірге адамгершілік түсінігінің қалыптасуына көмектеседі. Баланың көркем әдебиетпен таныстығы халық шығармашылығының ең кішкене түрлері тақпақ, өлең, халық ертегілерінен басталады. Асқан адамгершілік, барынша дәл рухани бағыттылық, өткір, мысқыл тілінің көркемдігі шағын көлемдегі фольклорлық шығармалардың ерекшеліктері. Бұдан кейін сәбиге авторы бар ертегілер, өлеңдер, әңгімелер оқылады.

Балаларды сөйлеу тіліне үйретуде ең үздік оқытушы халық. Халықтың шығарма тіліндегі басқа шығармалардың ешқайсысында кездеспейтін, естілуі жөнінен бір біріне ұқсас, ажыратып айтуға қиын сөздердің тамаша орналастырылуының өзі балалар ұғымына өте жеңіл тиеді. Сондай ақ жеңіл қалжыңды тақпақтар, жаңылтпаштар, жұмбақтар педагогикалық әсер берудің ең тиімлді құралы, жалқаулық, қорқақтық, өзімшілдік сияқты жағымсыз қылықтарға қарсы жақсы дәру.

Ертегілер дүниесіне сапар шегу балалардың қиялдау, елестету, тіпті өздері ойдан шығару қапбілетін дамытады. Әдебиеттің ең озық үлгілерінен адамгершілік рухында тәрбие алған балалар өздері шығарған ертегілер мен әңгімелерде де өздерін әділетті көрсетіп әлсіздер мен жәбірленгендерді қорғап, жауыздарды жазалауға тырысады.

Адамгершілік жайындағы түсінікті балалар тәрбиешілердің оқылған шығармалар бойынша айтқан ой пікірлерінен емес, нақ осы көркем шығарманың өзінен алуға тиіс. Көптеген сұрақтар қоюмен бөлшектеніп кеткен шығарма балалардың көз алдында барлық әсемдігін жояды, ондай шығармаға ынта кемиді. Көркем текстің тәрбиелік мәніне толық сеніммен қарау керек. Сөз пәрмендігі туралы К.Д.Ушинский былай деп жазған болатын: Бала ана тілін үйрене отырып, шартты дыбыстарды ғана үйреніп қоймайды, сонымен қатар ана тілінің қайнар бұлағынан рухани тіршілік пен күш алады. Ана тілі оған табиғатты түсіндіреді, ал мұндай дәрежеде бірде бір жаратылыс зерттеушітүсіндіре алмас еді, ана тілі баланы төңірегіндегі адамдардың мінез құлқымен, өзі өмір сүріп отырған қоғаммен, оның тарихымен және алға ұмтылыстарымен таныстырады, ал мұндай дәрежеде бірде бір тарихшы таныстыра алмаған болар еді, ана тілі оны халықтың сенімдері мен халық поэзиясына жетелейді, ал мұндай дәрежеде бірде бір эстетик істей алмас еді: ақырында, ол бірде бір философ балаға айтып жеткізе алмайтын логикалық түсініктер мен философиялық көзқарастарды бере алады. Ұлы педагогтың бұл айтқан сөзінде ана тілін үйренуден шығатын нәтиже ғана емес, оны оқып үйренудің әдістері де көрсетілген: бұл көп нәрсеге үйреніп қана қоймай, сонымен қатар, аса жеңіл әлде қандай әдіс арқылы оңай үйрететін тіл ұстазға деген сенім. Сонымен қатар, берілген шығарманың тілін меңгеруге көмектесе отырып, тәрбиеші балаларға тәрбие беру міндетін де орындайды.

Мектепке дейінгі балалар оқытук мен тәрбиелеу бағдарламасында балаларды көркем шығармалармен таныстыруды арнайы ұйымдастырылған оқу қызметінде жүргізумен де , сабақтан тыс уақыттарда да, ойнап жүргенде, сахналық ойын көрсету уақытында т.с.с. жүргізуді ұсынады. Арнайы ұйымдастырылған оқу кызметінде тәрбиеші балаларға оқып немесе әңгімелеп бере алады. Оған кітаптан оқып беруге де, жатқа айтуға да болады.

Мұндай сабақтар өткізудегі міндеттердің бірі балаларды, тәрбиешіні немесе әңгіме айтушыны тыңдай білуге үйрету.

Өте кішкентай немесе кішірек жастағы балаларға тәрбиеші негізінен ертегілерді, тақпақтарды, әңгімелерді жатқа айтады, ал орта және ересек топтағы балаларға көлемі үлкенірек әңгімені, тақпақтарды оқып береді. Балаларға арналған көркем шығармаларды жаттап алу, оны мәнерлеп оқи білу тәрбиешінің сол мамандықтыжетік меңгергендігінің басты белгісі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Колданылған әдебиеттер:

 

  1. Жұмабекова Ф.Н. «Мектепке дейінгі педагогика», Алматы,2008
  2. Мектепке дейінгі бала тәрбиесіндегі ана тілінің рөлі// Ұлағат 2000 №6
  3. Шығармашылық қабілеттер және дамыта оқыту. Тұрғынбаева Б.А., Алматы 2002ж.
  4. Ұстаздың шеберлікке жету жолдары// құрастырған Ж.Нұржанова, Алматы,1991ж
 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *