Үйлер

Берік Гүлзия Ғалымқызы

Ұйымдастырылған оқу-қызметінің  технологиялық картасы

Күні: 14.03.2022ж.

Білім беру саласы: «Таным»

Оқу іс-әрекеті:Құрастыру

Тақырыбы:«Үйлер»

Мақсаты: балаларды өзінің отбасы, жақсы көретін адамдары, олардың жақсылығы мен қайырымдылығы, қызметтері мен қарым – қатынастары туралы әңгімелеуге: әңгімелесу барысында (амандасу, қоштасу, алғыс айту) әдептілік, қарым – қатынас мәдениеті мен сыпайылыққа қатысты сөздерді қолдануға үйрету. Өзінің отбасы мүшелерінің бір – біріне қалай көмектесетіндері жайлы сұрақтарға жауап беруге басқа балалардың да отбасы туралы айтқандарын тыңдап, түсіне білуге ынталандыру.Отбасы мүшелеріне құрметпен, сыйластықпен қарауға тәрбиелеу.

Қажетті  көрнекіліктер: Үнтаспа,

Оқу -қызметінің кезеңдері  

Тәрбиешінің оқу-қызметі

Балалардың оқу-қызметі
 

 

 

Мотивациялық қозғаушылық

Үнтаспадан«жарығым», «ботам», «құлыным», «күнім» деген сияақты жылы сөздерді тыңдатылады.

–         Балалар, қалай ойлайсыңдар, осындай жылы сөздерді сендерге кімдер айтады?

–         Ия, балалар сендерге жылы сөздерді аталарын, аналарын, әкелерін, әжелерін айтады екен.

–         Ал, осы адамдарды бір сөзбен кімдер деп айтамыз?

–         Онда бүгінгі жиынымызда біз кімдер туралы әңгіме қозғайды екенбіз?

Балалар өз ойларын ортаға салады.

–         Маған мұндай сөздерді анам айтады.

 

 

 

 

–         Отбасы мүшелері туралы

 

 

 

 

Ұйымдастырушылық- ізденістік

 

Тәрбиеші балаларға отбасы мүшелеріне байланысты сұрақтар қояды.

Тәрбиеші балаларды қалауы бойынша екі орталыққа бөледі.

Бірінші орталықтағы балаларға отбасы бейнеленген суреттерді қарастырып, өздерінің отбасы мүшелерінің қызметтері мен қарым – қатынастары туралы айтып беруді тапсырады.

 

 

 

 

 

Екінші орталықтағы балаларға бірнеше қуыршақтарды пайдаланып, отбасы мүшелерін топтастыру және олардың отбасындағы туыстық қарым – қатынасын анықтап айтып беру, тапсырмаларды (әңгімелесу барысында, амандасу, қоштасу, алғыс айту секілді әдептілік қарым – қатынас мәдениеті мен сыпайылыққа сөздерді пайдаланады).

Тәрбиеші сергіту сәтін ұйымдастырады да, балаларға орталықтағы орындарын ауыстыру керек екенің ескеріп, қадағалайды.

Орталықтағы жұмыстардың аяқталғаның айтып орындарына отырғызады.

 

Балалар сұрақтарға жауап беріп, өзінің отбасы мүшелері туралы айтып береді.

Бірінші орталықтағы балалар өз отбасы мүшелерінің немен айналысатындығы,

 

 

 

 

 

 

бір – біріне жасаған қамқорлығы жақсылығы мен қайырымдылығы туралы айтып береді.

Екінші орталықтағы балалар бір – біріне қуыршақты алып, ол қуыршақтың туыстық қарым – қатынасы туралы айтады.

 

 

 

 

Рефлексиялық түзетушілік кезең.

 

 

«Жылулық тілегі» Дидактикалық ойын:

Ойын шарты бойынша ойынға қатысушы барлық балалар ата, апа, ана, әке, ағаның ал допты ұстаған бала,  баланың рөлінде ойнайды. Бала допты лақтырған кезде қағып алған бала (ата, апа, ана, әке, аға) допты кері қайтарып теңеу сөз, жылы сөз, лебіз немесе тілек айтады.

Балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл – күйлерін немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды.

 

Балалар шеңбер бойына тұрады. Допты қағып алған бала жылы сөз немесе тілек теңеулер айтады.Мысалы:

–         Мен сені жақсы көремін.

–         Жұлдыздай жарқырай бер.

 

Күтілетін нәтиже:

Біледі:өзінің отбасы, жақсы көретін адамдары, олардың жақсылығы мен қайырымдылығы туралы әңгімелей білу, басқа балалардың отбасы туралы айтқандарын тыңдап, олардың ата – аналарының қамқорлық жасайтыны туралы түсіну, сұрақтарға жауап бере білу.

Игереді:Өзінің отбасы, жақсы көретін адамдар, олардың жақсылығы мен қайырымдылығын, бір – біріне қалай көмектесетіндерін, басқа балалардың да ата – аналарының қамқорлық жасайтының.

Меңгереді:Отбасы мүшелеріне құрметпен, сыйластықпен қарауды, жақсылық, қайырымдылық жасауды, әңгімелесу барысында әдептілік

қарым – қатынас мәдениеті мен сыпайылыққа қатысты сөздерді.

Тәрбиеші: А. Мусиралиева

Тәрбиеші: Берік  Гүлзия  Ғалымқызы

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *