Мен және менің достарым
Кадыркулова Карлыгаш Нурымбетовна
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы
Күні: 04.04.2022ж
Білім беру саласы: Әлеуметтік орта.
Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы: «Мен және менің достарым»
Мақсаты 1. Өзінің есімін, тегін атай білуге жаттықтыру.
- Топтағы балаларды атымен атауды үйрету; «ұл», «қыз» ұғымдары туралы түсініктерін бекіту.
- Адамдармен өзара түсінісіп, қарым-қатынас жасай білуге үйрету.
Қажетті құрал-жабдықтар:.ойыншық тышқан, доп, балалардың суреттері, үлестірмелі материалдар.
Сөздік жұмыс: достық, ынтымақ.
Оқу іс – әрекеттің кезеңдері | Тәрбиешінің іс – әрекеті | Балалардың іс – әрекеті |
Мотивациялық қозғаушылық | Қандай ғажайып таң! Бәріміз шаттық шеңберіне тұрып, бір-бірімізге игі тілектерімізді айтайық.
-Бізге қонаққа келіп тұр. Кім болды екен?(тышқан жылап кіреді). Тәрбиеші тышқаннның дауысына салып: -Сәлеметсіңдер ме балалар! Менің көңіл-күйім түсіп кетті, өйткені менің достарым жоқ. Қарап тұрсам, сендер өте көңілдісіңдер, сендер көпсіңдер. Мен достардың қандай болатынын да білмеймін. -Балалар, алдымен танысып алайық. Шеңбер бойымен өз есімдеріңді атап шықсаңдар жақсы болар едіңдер. |
Шаттық шеңберіне тұрады, бір-біріне игі тілектерін білдіреді, тышқанға әрқайсысы аттарын айтады |
Ұйымдастырушылық-ізденістік. | 1.Білімді өзектендіру:
-Тышқанға көмектесіп, достың қандай болатынын және достық туралы айтып берейік. -Сендердің достарың бар ма? -Достық дегенді қалай түсінесіңдер?
2.Достық тақырыбында әңгіме өткізу. -Достық – ада–дардың бір-бірімен жақсы ниетпен араласуды, бірге ойнауы. Балалар, нағыздостың қандай болатынын білесіңдер ме? -Ынтымақ – адамдар арасындағы ұйымшылдық, бірлік.
3.Үлестірмелі материалдармен жұмыс. Тапсырманы қалай орындау керектігін түсіндіреді, қалай орындағандарын қадағалайды. Жеке жұмыс жүргізеді. «Иә немесе жоқ» ойыны. Шарты: тәрбиеші сөйлемдерді айтады, балалар келісетіндерін немесе келіспейтіндерін «иә», «жоқ» деген жауаптармен білдіреді. -Ұзақ дос боламыз. -Достықты біз бағалаймыз. -Бірге ойнаймыз. -Бір-бірімізге көмектесеміз. -Достарды ренжітеміз. -Досымның қолындағы ойыншығын тартып аламын.
4.Саусаққа арналған жаттығу. Достық Қыздар менен ұлдар, Дос қой біздің топта. Ұсынса біреу қолын, Ешқашан бас тартпа.
5.»Досың туралы айт» жаттығуы.
-Досыңның есімі кім?
-Сенің досың ұл ма, әлде қыз бала ма? -Досың ызақор ма, әлде мейірімді ме?
|
Сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерімен бөліседі.
Тәрбиешіні мұқият тыңдап, сұрақтарға жауап береді.
Тапсырманы орындайды.
Сұрақтарға жауап бере отырып, ойынға қатысады.
-Иә. -Иә. -Иә. -Иә. -Жоқ. -Жоқ.
Саусаққа арналған жаттығуды орындайды. Мәтін мазмұнына сәйкес қимыл-қозғалыс жасайды.
Өз достарын сипаттайды.
Менің досымның аты Аяжан. Ол – қыз бала.
Ол мейірімді. |
Тышқан: Балалар, сендерге көп рақмет. Менің кетуім керек. Енді мен дос табатыныма сенімдімін, өйткені мен дос және достықтың не екенін түсіндім.
Балалармен қоштасады. |
Тәрбиешімен бірге оқу іс-әрекетті қорытындылайды.
Тышқанмен қоштасады.
|
Күтілетін нәтиже:
Орындайды:Заттарды сипаттап айтуға және басқа да ойыншықтардың неден жасалғанын ажыратуға арналған тапсырмаларды.
Түсінеді: Металл және ағаштан жасалатын ойыншық түрлері туралы мәліметтерді тыңдап.
Қолданады: Заттардың қандай материалдардан жасалатынын анықтап, оларды топтастыра бәлу дағдыларын.
Технологиялық картаны толтырған:
Тәрбиеші: Кадыркулова карлыгаш Нурымбетовна