Домбыра сазы
Кутенова Салтанат Бейсенходжаевна
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
«Балдәурен тобы»
Білім беру саласы: «Шығармашылық» Тақырыбы: «Домбыра сазы»
Өтілетін күні:15.03.2022ж
Ұйымдастырылған оқу қызметінің түрі: «Музыка» Мақсаты: Балалардың қолының пластикасын ұлттық би қимылдары арқылы дамыту.Аспаптарды тембрлік бояуынан ажырату,білу.Балаларды ұлттық музыкаға,ойынға деген қызығушылыққа тәрбиелеу. Күйлерді тыңдауға, тануға,сипаттама беруге дағдыландыру.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыс: Қобыз туралы айту, күй тыңдату. Аспаптарды дыбысынан ажырату.музыкалық дидактикалық ойын ойнату.
Көрнекіліктер: Музыкалық аспаптар (бубен,қоңырау,қасықтар,металлофон, сырнай,домбыра,сылдырмақ),музыкалық баспалдақ,жануарлардың (қошақан,ат,түйе) суреттері.
оқу қызметінің кезеңдері | Музыка жетекшісінің қызметі | Балалардың қызметі |
Мотивациялық
қозғаушылық |
Балалар көңілді әуенмен залға кіреді.
Саламатсыздар ма,балалар! Бүгінгі біздің ұйымдастырылған оқу қызметімізде ерекше. Ерекшелігі-бізге қонақтар келіп отыр,сондықтан біздер келген қонақтарымызға ән-күй сабағында алған білімдерімізді көрсетейік. Ал,білімімізді мына музыкалық баспалдақ арқылы көрсетеміз. Бұл баспалдақтың әр сатысында өз тапсырмасы бар, соларды біз орындауымыз керек. |
Балалар залға көтеріңкі көңіл күймен кіреді.
|
Ұйымдастыру шылық ізденістік
|
Ал, ендеше, балалар, неше тапсырма бар екенін білу үшін біз есімізге түсірейік, музыкада неше нота бар? Дұрыс,демек бізде жеті тапсырма болады. Енді сол ноталарды қайталайық. Күй сандықты ашайық – до-до-до
Тілдерін біз басайық. Бас дыбысты басайық, Жәйлап әнге салайық. Шалқып шығар сонда күй. Бәрі до-дан басталар. До-ны қоштар басқалар. До-мен әнді бастаймыз. Балалар металлофон аспабымен сүйемелдейді. До,ре,ми,фа,соль,ля,си. Жарайсыңдар, балалар, енді тапсырмаларды орындайық. «До» нотасы- 1-тапсырма: Аспаптардың суреті тұр. Біз көп аспаптармен таныстық.Ендеше осы аспаптарды дыбысынан танып,айтайық. (ширманың артында аспаптарды көрсетпей ойнаймын, үнінен табады) Өте жақсы,балалар,көп аспаптар бірігіп ойнағанды не деп атайды? Ал,оркестрдің жетекшісін қалай атайды? дирижер (слайдтан суреттерді көрсету) «Ре» нотасы- 2-тапсырма: Күй деген жазуы бар екен. Күй дегеніміз не? Күйді кім шығарады? Қандай күйшілерді білесіңдер? Алматы қаласындағы ұлттық консерватория қай күйшінің атымен аталады? Ал,Қорқыт атаның ескерткіші Қазақстанның қай облысында орналасқан? Пішіні қай жақтан қараса да қобызға ұқсайды.Төрт қобыз қатар тұрған секілді. Жел соққанда қобыздың үні естіледі.(слайдтан суреттер көрсетіледі) «Ми» нотасы- 3-тапсырма: Қазір күй тыңдаймыз. Сендер сол күйдің қалай аталуын, қандай күйші жазғанын айтасыңдар. (үнтаспада күй ойналады) Қандай күй тыңдадыңдар,балалар? Күй не туралы?
Ал күйді кім жазған? Қандай аспапта ойналады күй? Келесі күйден үзінді тыңдайық. Қандай аспапта ойналды? Қобызбен домбыраның дыбыстары бір-біріне ұқсайды ма? Домбырада қалай ойнаймыз? Жарайсыңдар,үшінші тапсырманыда орындадық. «Фа» нотасы- 4-тапсырма: Музыкалық-дидактикалық ойын «Әр жануарға сәйкес аспапты табу» Көктемде,жазда жайлауда қойлар,жылқылар,түйелер жайылып жүреді.Қараңдаршы,мына жануарлардың бойлары бірдей ма? Сондықтан оларға ойналатын музыкада әртүрлі болады. Алдарыңда үш музыкалық аспап-қоңыраулар,қасықтар және үлкен бубен. Қай аспап қай жануарға сәйкес келеді? Қоңырау-қошақандарға, қасықтар-аттарға, үлкен бубен-түйелерге. Біз қазір үшке бөлінеміз-қойлар,аттар,түйелер. Әр аспап ойнағанда соған сәйкес жануарлар дыбыстайды. «Соль» нотасы- 5-тапсырма: «Би қимылдары»- қазақ халқы би өнерін өте жоғары бағалаған. «Ля» нотасы- 6-тапсырма: Ән айтамыз. Балалар, әннің әуенін кім жазады? Композитор-сазгер Сөздерін кім жазады? Ақын «Достарым» әнін кім жазған? Музыкасын жазған Ибрагим Нүсіпбаев,сөздері-Ермек Елубаев Сүйемелдеумен балалар әнді орындайды. «Си» нотасы- 7-тапсырма: «Сен дос-мен дос» ойыны. Сен дос-мен дос, Сен ақылды-мен ақылды, Сен әдемі-мен әдемі Біз екеуміз доспыз. Балалар жұппен тұрып, қимылды ойын-биді ойнайды. Ойын бірнеше рет қайталанады. Жарайсыңдар, балалар, өте көңілді ойнадыңдар. |
Жеті
Балалар ноталарды қайталайды
Оркестр.
Домбыраға арнайы шығарылған музыка. Күйші, сазгер Құрманғазы, Дина Нұрпейісова, Қорқыт, Тәттімбет. Құрманғазы атындағы консерватория. Қызылорда облысында.
«Қос алқа»
Ертеде қыз-келіншектер,апа-жеңгелеріміз әдемі әшекей бұйымдар тағып жүрген. Соған арналып осы күй шығарылған. Дәулеткерей
Домбыра аспабында
Қобыз Ұқсамайды.
Балалардың жауаптары. (слайдтан суреттер көрсету)
(слайдтан суреттер көрсету)
Балалар тапсырманы орындайды.
|
Рефлексиялық түзетушілік |
Балалар,бүгінгі оқу іс-әрекетімізде неше тапсырмалар орындадық?
Енді есімізге түсірейік,қандай тапсырмалар болды? |
Өте жақсы,балалар,бәріңде музыкалық білімдеріңді және қабілеттеріңді көрсете білдіңдер.
Сау болыңыздар! |
Күтілетін нәтиже:
Нені білді: Аспаптарды тембрлік бояуынан ажырату, білу.
Қандай түсініктерді игерді: Күйлерді тыңдауды, тануды,сипаттама беруді.
Меңгерген дағдылар мен іскерліктері: Музыканы қызығушылықпен, сезіммен қабылдау.

Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718