«Үш қыз» ертегісі

 

Көркем әдебиет.

Тақырыбы:                                                       «Үш қыз»   ертегісі:

Мақсаты:  1.Сюжетті ойын ойнату арқылы балаларды жаңа тақырыппен таныстыру.  Балаларға ертегіні  мәнерлеп оқып бере отырып, ертегінің мазмұнын ашу.

  1. Балалардың қызығушылықтарын, ынталарын арттыру. Балалардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Логикалық ойлау қабілетін, зейін салу қабілетін және есте сақтау қабілетін дамыту.
  2. Балаларға отбасындағы үлкендерді, ата – анасын құрметтей білуге және балаларды «мейірімділікке,

«әдептілікке»,  «қамқорлыққа» тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:  Суреттер, үлестірмелі картокалар, слайд, мнемотехника, сюжеттік ойыннан көрініс.

Ұйымдастыру барысы:

Психологиялық  дайындық.

Тәрбиеші:                       –  Балалар, бүгінгі таңымыз қалай өтті?

Балалар:                          –  Көңілді!

Тәрбиеші:                       –  Бүгінгі таңымыз қалай өтті?

Балалар:                          –  Сәтті!

Тәрбиеші:                       –  Бүгінгі таңымыз қалай өтті?

Балалар:                          –  Жайнап!

Тәрбиеші:                       – Бүгінгі таңымыз қалай өтті?

Балалар:                          –  Жарқырап!

Тәрбиеші:                       –  Бүгінгі таңымыз қалай өтті?

Балалар:                          –  Тамаша!.

 

Шаттық шеңбері:

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де,

Қуанамын достым,

Қуанады бәрі де бірге,

Тәрбиеші      – Саламатсыздар ма, балалар?!

Балалар:       – Саламатсыздар ма, апайлар?!

Өткенді қайталау.

Балалар, қанекей, айтыңдаршы бәріміз үшін өмірдегі ең жақын, ең аяулы жан кім?

-Ең аяулы жан – ол ана. Анамызды әрқашан аялап, құрметтеп, ешуақытта ренжітпей жүруіміз керек.

Анамыз ауырып қалса, дәрі-дәрмек беріп, қарауымыз керек. Анамыз біздер үшін бар жанын салады. Біздер де дәл солай айтқанын тыңдап жүгіріп жүруіміз керек.

– Олай болса, бүгін біз татар халқының «Үш қыз» ертегісімен таныс болайық.

 

                                              Дидактикалық  ойын:  «Ойлан тап»

 

 

– Балалар енді не көріп отырсыңдар?

Балалардың жауабы:  Үш қыздың суреті.

 

 

Сюжетті ойын «Әженің ертегісі»

 

Тәрбиеші:  Әже саламатсыз ба?!  Қал  жағдайыңыз қалай?

 Әже:  Амансыңдар ма! Бұл кім қонақтар келген?

Әже, менімен бірге еріп келген бұл балалар менің шәкірттерім. Үлкен әжелердің айтатын кеңестері,

ақылдары болатын еді және баларына, немерелеріне айтатын, оқитын ертегілері болатын еді,

Соның бірін тыңдайық деп келдік.

Әже:  Иә, иә менде ертегі кітап көп, міне «Шалқан»  ертегісі, «Арыстан мен тышқан», «Қызыл телпек» пен «Мақта қыз бен мысық»  және  «Үш қыз» деген ертегі кітаптарым бар.

Тәрбиеші:   А аа, әже Сіз бізне осы «Үш қыз ертегісін оқып беріңізші»

Әже:  Жақсы, көзім көрсе оқып берейін.

Тәрбиеші:  Әже егер Сіздің көзіңіз дұрыс көрмесе мен осы ертегіні өзім оқып берейін, ал, Сіз балаларға бұл ертегіні әңгімелеп беріңіз..

 

Жаңа тақырып:                          «Үш қыз» ертегісі. 

 

Әже: Ой, апайы рахмет, мен де қызығып кеттім ғой.

Тәрбиеші:  Балалар, міне ертегімен танысып, тыңдадыңдар. Енді мазмұндап берейін.

Әже:  Қызым бұл ертегінің мазмұнын мен айтып берейін, ал балалар мұқият тыңдасын.

Тәрбиеші: Қане, балалар, айтыңдаршы сендерге ертегі ұнады ма? Ендеше әжеге көп – көп рахмет айтып топқа оралайық.

Әже: Балалар, сендерге де рахмет!  Балалар аман болыңдар! Сабақты жақсы оқыңдар.   Аналарыңды құрметтеңдер!   Сау болыңдар!  (топқа  оралу, жеткенше сергіту сәтін жасау)

 

Сергіту  сәті:

Апам мені  «Айым»  – дейді,

Мен мұңайсам, уайым жейді.

Апам мен:  «Күнім»  – дейді,

Мен қуансам күлімдейді.

Апам мені  «Құндызым»  – дейді,

Жалт – жұлт еткен «Жұлдызым»  – дейді,

Апам мені  «Жрқыным»  – дейді,

Мен апайды «Жалғызым» деймін

Тәрбиеші: Балалар, сендер кімге бардыңдар және не үшін?

Балалардың жауабы:

Тәрбиеші: Ертегі сендерге ұнады ма?

Балалардың жауабы:

Слайдпен жұмыс:

Балалар слайд арқылы ертегіні ашып береді.

 

 

                                                        Логикалық ойын:  «Мнемотехника»

Ой алмасу:  (балалардың пікірін білу)

                                                                            Жұмбақ:

Еркелесем  күлімдейтін,

Ұрысқаны  білінбейтін.

Маңдайымнан сипап мені

Құлыншағым, күнім дейтін. (ана)

                                                  Шығармашылық сәт:   «Егер,…,  онда…»

 

*Егер анаңның басы ауырып қалса, (…не істер едің?…)  (анама дәрі беремін)

*Егер сен анаңды ренжітіп алсаң, ….. (кешірім сұрар едім)

*Егер анаң бір жұмыс тапсырса не істер едің, ….. (бірден тыңдар едім)

*Егер анаңның көңілі болмай тұрса , ….. (анамды жұбатар едім)

*Егер анаң риза болса, ….. (анам үшін қуанар едім)

*Егер анаң күліп жүрсе, ….. (мен де күліп жүрер едім)

 

Бекіту:              Сұрақ – жауап:

  1. Ертегідегі ананың неше қызы болды?
  2. Оларды аналары қалай өсірді?
  3. Осы үшеуі өскенде аналарымен тұрды ма?
  4. Біраз уақыт өткеннен кейін аналары қандай жағдайда болды?
  5. Тиін анасының өтінішімен бірінші кімге барды?
  6. Ол үлкен қыз не деп жауап қатты?
  7. Сол жағдайдан кейін үлкен қызды неге айналдырды, неліктен?
  8. Екінші қыз не деді?
  9. Оны тиін неге айналдырды?
  10. Ал үшінші қыз анасының жағдайын естігенде не істеді?
  11. Оны тиін қандай мақсатта араға айналдыырды?
  12. Тиінге үшінші қыздың әрекеті ұнады ма?

 

Қорытынды:  Дидактикалық ойын:    «Ертегіні  орналастыр»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                № 44 «Тұлпар» МДҰ

 

 

 

 

 

 

                 Ашық қаралым:

 

 

 

Көркем әдебиет

«Үш  қыз» ертегісі.

                             

 

 

 

 

 

 

Мектепалды даярлық топ

тәрбиешісі:  Тенизбаева Нуриля.О.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақтөбе қаласы – 2022 жыл

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *