Ауыр –жеңіл ұғымы.
Толеуканова Гулжанат Турлановна, тәрбиеші.
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы
№51 «Жарқын бала» бөбекжай-балабақшасы
Тақырыбы: Ауыр –жеңіл ұғымы.
Мақсаты: Заттардың самағы бойынша ауыр- жеңіл екендігін анықтайды.
Заттың салмағы оның өлшемінің айырмашылығын ажыратады. Заттардың қалай өлшенетінің біледі.
Керекті құралдар: Тастар, су, жапырақтар, үлестірмелі қағаздар,өлшеуші құралдар.
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, көрсету, сұрақ – жауап, салыстыру, тәжірибе жасау.
Сабақ барысы:
Амандасады. Психологиялық дайындық.
Т: Балалар қыздар (1-10) тура ербалдар (10-9) кері санайды.
Б: (балалар жауабы)
Т: Балалар мен жолда келе жатып 1 дорба тауып алдым. Өзі ауыр. Бірақ ішінде не бар екенін білмедім. Ішінде не бар екенін бәріміз бірге білетін боламыз.
Б: Балалар дорбадағы заттарды ұстап көріп қандай ерекшеліктер мен айырмашылықтарын айтады. (ауыр –жеңіл заттарды атайды.)
Т: Ендеше бүгінгі оқу қызметінің тақырыбы «Ауыр және жеңіл». Қолдарына тас және қауырсын суреті бар карточка беріледі. Сол бойынша топқа бөлінеміз.
1-топ Қауырсын
2- топ Тас
Т: Балалар бізді қоршаған ортамызда көптеген заттар бар. Олардың салмақтары әртүрлі болып келеді. Ауыр және жеңіл болады. Ауыр және жеңіл ұғымына бірнеше мысалдар келтірген. Тақтадағы суреттер бойынша түсіндіру.
Педагогика жетекшілігімен ойын:
Т: Балалар заттардын салмағын анықтау үшін тәжірибе жасайық.
- топ: тас пен жапырақты суға салып тәжірибе жасайды
- топ: бүтін мен бөліктерді таразыға өлшеу арқылы салыстыру.
Тәжірибе жұмысының қорытындысы:
1-топ Тас суға бірден батып кетті себебі салмағы ауыр, ал жапырақ судың бетінде тұрды ,себебі самағы жеңіл.
2-топ: Таразының оң жағына бүтін алма, сол жағына жарты алмұрт салынады. Бүтін алманың салмағы ауыр, төмен тұрады. Жарты алмұрттың салмағы жеңіл болғандықтан көтеріліп тұрады.
Т:Балалар заттардың салмағын қалай, немен анықтауға болады?
Б: Таразы арқылы өлшеп білеміз.
Т: Дұрыс , таразыға өлшеу құралдарын пайдаланып заттардың салмақтарын анықтаймыз. Мысалы алманы өлшесек ,таразының тілі 2 де тұрса ,онда 2кг болғаны.
Құрылымдалған ойын:
Т: таразыға байланысты тапсырма орындаймыз.
1-топ Артык ,кем, тең ұғымдарына байлынысты заттарды санмен сәйкестендіру.
2-тор балықты аулап,балық салмағын өлшеуші құралдармен сәйкестердәру.
Б: 8 кг балык +8 саны
4кг балық + 4 саны т.б
Т. Тапсырмаларды жақсы орындадындар. Бүгінгі тақырыбымызды қорытындылау мақсатында бейне тапсырмаға назар аударайық.
Б: Ауыр Жеңіл
Асқабақ баклажан
Шапка жапырак
Үтік қарандаш
Суы бар шелек кошалек
Аквариум ойыншық
Т: Балалар жарайсындар. Бүгінгі оқу қызметінде тапсырмалар ,тәжірибелік жұмыстар, ойындар ойнадық. Қандай тапсырмалар ұнады?
Б: (балалар жауабы)
Т: Балалар бүгінгі оқу қызметі ұнаса, түсінсек 3 рет шапалақтаймыз.
Сабақ аяқталды.
Сау болыңыздар