«Ғажайып орманға саяхат»
Карибаева Куралай Бимуратовна, тәрбиеші.
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы
№16 «Аққайың» бөбекжай-балабақшасы
Тақырыбы: «Ғажайып орманға саяхат»
Мақсаты:Ойын арқылы жемістерді,түстерді ажырату,сандарды ретімен санай білу,ажырата білуді қалыптастыру.Балалардың тілдік қорын жетілдіру,байқағыштыққа,шап-шаңдылыққа,тәрбиелеу.
Тәрбиеші:Балалар қонақтармен амандасайық.
Балалар көңіл күйлеріңіз қалай?
Балалар:жақсы
Тәрбиеші:Ауа райы қандай керемет,балалар жылдың қандай мезгілі?
Балалар:Көктем мезгілі
Тәрбиеші:Көктем мезгілінде неше ай бар?
Балалар:Үш ай бар.
Тәрбиеші:Қәне айтайықшы үш айды.
Балалар:Наурыз, Сәуір, Мамыр
Тәрбиеші:Қазір Көктем мезгілінің қай айы?
Балалар:Сәуір
Тәрбиеші:Көктем мезгілінде қандай ерекшеліктер болады?
Балалар:Көктемде қар ериді,күн жылиды,ағаштар бүршік жарады,құстар
жылы жақтан ұшып келеді,жерде гүлдер,шөптер өседі. Жаңбыр
жауып,адамдар қолшатырларын ұстай бастайды.жер балшық болады,жел
болады.Адамдар бақшаларын тазалайды.
Тәрбиеші: Балалар бүгін ауа- райы керемет, орманға саяхатқа шығуға қалай қарайсыздар?
Балалар: Әрине шығайық!
Тәрбиеші:Олай болса балалар сиқырлы жолдармен орманға жетуіміз керек.Балалар сақ жүріңіздер,абай болыңыздар,демалып жүріңіздер.Құлап жарақаттанып қалмаңыздар. (Балалар сиқырлы жолдармен жүріп ғажайып орманға жетеді.) Міне балалар ғажайып орманға келдік.
Бақа:Бақ- бақ- бақ балалар Саламатсыздарма!Менің көлшіктен шығып қалған бақаларыма көмектесіп жіберіңіздерші.
Тәрбиеші;Кәнеки балалар көлшіктен шығып қалған бақаларымызға үру, демалу жаттығулары арқылы көмектесіп жібериік.
(Балалар көлшіктен шығып қалған бақаларға, үру, демалу жаттығулары арқылы көмектеседі.
Тәрбиеші: Балалар сиқырлы жолдармен жүріп отырып ғажайып орманды тамашалап,таза ауа мен демалайық.
Тәрбиеші: Балалар көп жеміс берген талды қараңдаршы.Біраз жемісін құрт жеген екен. Олай болса бізде талды құрт жеген жемістерден тазартайық.Қәнекей балалар себеттерге жемістерді жинайық.Жеміс түсін жіп түсіне сәйкестіріп жинап,жіпке тізейік. (Монтосори тәсілі арқылы құрт жеген жемістерді жіпке тізіп тапсырманы орындайды)
Тәрбиеші: Балалар сиқырлы жолдармен жүріп отырып саяхатымызды жалғастырайық.
Саңырауқұлақ:Сәлеметсіңдерме балалар менің алаңқайымдағы гүлдерммен,саңырауқұлақтарымды қатты жел келіп құлатып кетті.Қәнекей менің гүлдеріммен саңырауқұлақтарымды құрастырып беріңдерші. (Саңырауқұлақтармен гүл күлтешелерін санына қарай ретімен орналастырады 1-5ке дейін.)
Орман:Сәлеметсіңдерме балалар мен жаңадан өсіп- өніп келе жатқан жас орманмын.Сіздер ғажайып орманда саяхаттап,демалып тамашалаған екенсіздер. Менде ғажайып орман сияқты үлкен орман болғым келеді.Маған сіздердің көмектеріңіз керек.
(Балалар жас орманды өз ойларымен безендіреді.)
Тәрбиеші: Балалар табиғат,орман туралы тақпақ білесіздерма?
Әділжан:
Жақсылықты қолдаймыз, Табиғатты қорғаймыз. Гүл егеміз бақтарға, Айналасын қоршаймыз.
Альфия
Табиғат біздің анамыз, Жер-Ана біздің панамыз. Таза болса табиғат, Бізде аман боламыз.
Орман:Рахмет балалар! Менде ғажайып орман боламын.Сол кезде сіздер саяхаттап келіңіздер. (Орман балаларды марапаттап,алғысын білдіреді.)
Тәрбиеші:Балалар сіздерге ғажайып орман ұнады ма?
Балалар:Әрине
Тәрбиеші:Ғажайып орманда қандай тапсырмалар орындадыңыздар?
Балалар: Көлшіктегі бақаларға көмектестік.
Талды құрт жеген жемістерден тазарттық.
Гүлдерді жинастырдық.
Орманға көмектестік.
Жарайсыңдар балалар!Біраз бойларыңыз,ойларыңыз серікті.Балабақшамызға оралатын уақытта жетті.Сау болыңыздар! (Сиқырлы жолдармен балалар ғажайып орманнан шығады.)
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718