ҚМЖ “Болашаққа саяхат”. Армандар орындалады
Педагогтің аты – жөні | Туребаева М.Е | ||||||
Күні: | 22.04.2021 | ||||||
Сынып:4-В | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақтың тақырыбы: | Болашаққа саяхат. Армандар орындалады | ||||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | 4.3.2.1. – таныс мәтінге жаңа кейіпкерлер қосу, жаңа сюжеттер енгізу, өлең (төрт жолды) жазу;
4.2.2.1. – шығарманы қайта құруға, бағалауға негізделген сұрақтар қою және жауап беру. |
||||||
Сабақтың мақсаты | |||||||
Сабақтың барысы | |||||||
Сабақтың кезеңі уақыты | Педагогтің
әрекеті
|
Оқушының
әрекеті |
Бағалау
|
Ресурстар | |||
Сабақтың басы
|
Ұйымдастыру кезеңі Армысыңдар, балалар?
Қол ұстасып бәріміз, Жылылықты сезейік Шуақ шашқан күндей боп, Күлімсіреп жүрейік.
-Балалар көңіл-күйлерің қалай?-Керемет!(бас бармақпен көрсету) -Сабаққа дайындықтарың қалай?-Тамаша(алақан шапалақтау) -Ынталарың қалай?-Ғажап(қол көтеру)
Бүгінгі сабақты «Ашық журнал» арқылы бағалаймыз. Әрбір дұрыс жауап 2 балды құрайды. Осы бойынша бүгінгі сабақта белсенді қатысқан оқушыларды анықтайтын боламыз.Дөңгелекшені бояу
Топқа бөлу Ал енді балалар берілген қағаздарға қарап тобымызды анықтайық.
І топ Робот ІІ топ Ұшақ ІІІ топ Пойыз ҮІ топ Кеме
Топ ережесін сақтаймыз.
Үй тапсырмасын сұрау
Ұжыммен жұмыс 1. Қиял дегеніміз не? 2. Ежелгі адамдар нені қиялдауы мүмкін? 3. Әр адамның өзінің арманы, қиялы болады. 4. Ал, сенің болашаққа деген қандай арманың бар?
Олай болса бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Армандар орындалады» деп аталады. |
Оқушылар амандасады.
Оқушы топқа орналасады. Топ ережесін құру: 1.Бір-бірін тыңдау. 2.Уақытты үнемдеу. 3.Нақты жауап беру. 4.Сабаққа белсене қатысу.
Оқушылар сабақтың тақырыбы мен мақсатымен танысады. |
Мадақтау арқылы бағалау
|
Маркер, А4
Қима қағаз |
|||
Сабақтың
ортасы
|
Оқулықпен жұмыс
Ұжымдық жұмыс «Ой толғаныс» әдісі
v Өткен замандағы адамдар болашақ туралы нені армандауы мүмкін?
2. Өткен күндерді қазіргі өмірмен салыстырып әңгімелеп көрші?
«Атақты қаламгер»
Бүркіт Ысқақов (1924 – 1991) – ақын. Қарағанды облысы Нұра ауданы Көкмөлдір ауылында дүниеге келген. «Отан», «Сенің Отаның», «Кім жүйрік?», т.б. өлеңдері бар. Орыс ақындарының шығармаларын қазақ тіліне аударған. Өлеңдері орыс, өзбек, татар, т.б. тілдерге аударылған.
Оқулықпен жұмыс «Қанатты қиял»
Жазғытұрым. Жайлы кеш. Аулақта отыр қарт ата Қасындағы ұлына Әңгіме, шерін тарқата. v Шырағым, – деді ол – ертеде Ұшатын кілем болыпты. Айшылық алыс жерлерге Шапшаң жетіп қоныпты. Адам оған ауыр жүк Артып, көкке ұшыпты. Кең аспанды аралап, Айды, Күнді құшыпты. Тыңдап сөзін атаның, Оқуға жүріп ұл кетті. Содан бері арада Талай ай, жыл өтті. Қайтты бір күн баласы, Самолетін самғатып. Өнерімен ұшқыштық Көрген жанды таңғалтып. Осылайша атаның Қиялын сан ғасырлық Шығарып біз шындыққа Іс жүзіне асырдық.
Ақын өлеңнің тақырыбын неліктен «Қанатты қиял» деп атаған?
«Сиқырлы сандықша»
Шер тарқату – бұл жерде: әңгіме айту
Армандар орындалады Қазақтың жастарына ақын қандай өсиет айтып, бата берді? «Қанатты қиял» және Ы.Алтынсариннің «Өнер-білім бар жұрттар» өлеңдеріндегі кейіпкерлердің арманы орындалғанын қалай дәлелдейсің?
Топтық жұмыс «Төрттік» әдіс І топ Тұжырым жасайық
ІІ топ Баланың мамандық таңдауына не әсер етті деп ойлайсың?
ІІІ топ Кестемен жұмыс
ҮІ топ Тұжырым жасай біл Мына суреттерге қарап қандай тұжырым жасар едің?
Сергіту сәті
«Жұбыңмен бөліс» v Тыңдаған және оқыған «Қанатты қиял» өлеңдеріндегі ойлары ұқсас кейіпкерлер кімдер? v Ақындардың арманы орындалғанын қалай дәлелдейсіңдер?
Жеке жұмыс Дәптермен жұмыс
Айтылуы мен жазылуына байланысты кестеден қате сөзді тап.
|
Оқушылар берілген сұрақтарға өз жауаптарын береді.
Сұрақтарға жауап береді.
Ұжыммен жұмыс жасайды.
Ұжыммен жұмыс жасайды
Дескриптор:
– Тұжырым жасай алады; – Мамандық таңдауға не әсер еткенін біледі; – Суретпен жұмыс жасайды.
Берілген тапсырманы орындайды.
Барлығы бірге сергіту сәтін орындайды
Дескриптор: – Ұқсас кейіпкерлерді ажыратады; – Ақынның басты арманын біледі.
Оқушылар өз бетінше жұмыс жасайды
|
Мадақтау арқылы бағалау
1 балл
Мадақтау арқылы бағалау
1балл
Мадақтау
1 балл
Қошеметтеу
1 балл
Мадақтау арқылы бағалау
.
1 балл
1 балл
Мадақтау арқылы бағалау
1 балл |
Слайд
Слайд А4 жапсырмалар фломастер желім
Қима қағаз желім
Қима қағаз
Таратпа қағаз
|
|||
Сабақтың соңы
Кері байланыс |
Қорытынды
1.Қанатты қиял авторы? 2.Өлеңдегі кейіпкерлерді ата? 3.Ұшатын кілемге қарап адамдар нені ойлап тапты? 4.Ұшақ көліктің қай түріне жатады? 5.Қиял деп нені айтамыз? Кері байланыс «Мұғалімге хат» әдісі
Бағалау.Боялған дөңгелекшені санап,жинаған ұпай санына қарай роботты бағалау айлағына орнатамыз.Осылайша,бүгінгі сабағымыздан алған бағамызды білетін боламыз. Үйге тапсырма |
Өлеңді мәнерлеп оқу. |
Плакат жапсырма суреттер |