Д.Қонаев
Д.Қонаевтың 110 жылдығы
Ел жадында мәңгі есінде сонау тәуелсіздіктің тұғыры ауыр кезде жүрегі түбінде қазақ соғып халқына жаны ашыған Қонаев атамызға биыл 110 жыл.Д.Қонаев атамыз нағыз аяз үскіріп шалып тұрған уақытта қаңтардың 12 сі 1912 жылы қазіргі Алматы қаласында дүние есігін ашқан болатын.Өзі жастайынан зерек әрі алғыр болып өсті.Отбасында 11 баланың 4-шісі.
Жалпы атап айтсақ атамыздың халқы мен елі үшін біршама жұмыстарды атқарып барын салған еді.Білім саласы мен спортқа қатты көңіл бөліп жастардың да назарынан тыс қалмады.Өнеркәсіптіп деңгейде көптеген жұмыстарды атқарып еліне деген сенімі мен даңқы өркендете түсті.Бірақ ол уақыт аралығында КСРО билігінің де өз қиыншылықтар орын алып тұрды.Мәселелердің барлығын шешуге тырысып,халықтың жүрегінен ортақ тіл таба білген Д.Қонаев үшін ешқандай кедергі емес еді.Десекте негізгі елдің дамуына зор үлесімен еңбектерін қоса білді.Тіпті кемеңгер тұлғамыз металл жасау салалары бойыншада біраз қалаларды шикізат зауыттарын құрған болатын.Сол уақытта Жамбыл мен Шымкент қалаларында орналасқан фосфор өндіру саласы бойынша әлем көрсеткішісінде бірінші орынға шыққан болатын.Ғылымға деген қолдауы да ерекше болды жастардың жаңа ғылыми жетістіктерінің сынамасын халық пайдасына ұсынды.Өзіде көптеген ғылыми еңбектердің авторы аталды.Иә бұл жәй ғана Д.Қонаев атамыздың білім мен ғылымға деген назары болса.Өнер шығармашылығынанда қолдау көрсетіп өнер ордаларының мәдениет үйлері бой көтеріп халықтың алғысына бөленген еді.
Осылайша халықтық пікірлер мен қоғам арасындағы нағыз көш басын жалғаушы тұлға болды.Әрбір халқы мен қазақ үшін жасаған еңбектері тарихта мәңгі халық жүрегінде өшпес іздей қалары анық!Көптеген игі бастамалар мен жастардың қызығушылығына жеке дара көңіл бөліп өз ризашылығын білдірді.Атамыздың нағыз елдің мен ердің рухы екенін анық белгісі мен көрінісі деп білемін.Тарихта және келешекте аты өшпес ірі тұлға.Елдің көркі мен батырдың рухы бола білді.
Ханатов Диас
М.Қаратаев атындағы №51 орта мектеп 11 сынып оқушысы
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718