Қазақ тілінің интернет кеңістігіне бейімделуі

Интернет және бүкіләлемдік Интернет деген терминдер ондаған жылдар бойы бір-бірімен алмастырылып келеді, бірақ іс жүзінде олардың әрқайсысының өзіндік мәні бар. Екі технологияның негізгі функциялары түсіндірілген кезде айырмашылықты түсіну оңай.
Интернет — бұл көптеген басқа да кішігірім желілердің желісі. Бұл күнделікті қолданылатын компьютерлерді, ұялы телефондарды, спутниктерді және көптеген басқа құрылғыларды қосатын инфрақұрылым. Электр желілері немесе транзиттік жүйелер сияқты басқа инфрақұрылым сияқты, Интернетке тікелей қол жеткізу мүмкін емес, және Интернеттің кез-келген бөлігіне қосылғысы келетін пайдаланушы дұрыс көлік құралын — немесе бұл жағдайда хаттаманы — қажет. . Құрылғылар, әдетте, Интернетке қосылу үшін сымды LAN байланыстарына немесе жақында сымсыз қосылыстарға байланысты. Көптеген адамдар Интернетті күнделікті қолданып жүрген кезде, Интернет-протоколдар, бірақ негізгі құрал-жабдықтар емес, олар тікелей өзара әрекеттеседі — World Wide Web сияқты протоколдар.
Интернет бүкіләлемдік ғаламтордан тұрады; ол алғаш рет 1960 жылы ARPAnet атауымен әскери мақсатта жасалды. Ол көп ұзамай университетті қолдануға тарады және уақыт өте келе күн сайын миллиардтаған адамдар пайдаланатын қарапайым тұрмыстық және коммерциялық желіге айналды.
Интернет — ғаламдық желілердің инфрақұрылымы болса, Дүниежүзілік Интернет — бұл инфрақұрылымға қол жеткізудің бір әдісі. Атап айтқанда, Интернет HTTP немесе Hypertext Transfer Protocol протоколын қолданады, ол Интернет арқылы берілетін мәліметтерді түсіндіру үшін пайдаланылады. Хаттамаларды кодтау тілдері ретінде де қарастыруға болады; олар компьютерге Интернет арқылы жіберілетін ақпаратты қалай оқуға болатындығын айтады.
HTTP веб-сайттарды көрсету үшін қолданылатын протокол ретінде ең танымал. Бұл протокол HTML (гипермәтінді белгілеу тілі) сияқты тілдерді веб-сайттар үшін кодты жазу үшін қолдануға мүмкіндік береді, бұл оларды қолданушыларға қол жетімді және оқуға оңай етеді. Бүкіләлемдік Интернет және HTTP интерфейсі үшін Интернет-браузерлер жиі пайдаланылады.
Бүкіләлемдік ғаламтор 1989 жылы зерттеушілердің ақпарат алмасу тәсілі ретінде пайда болған ARPAnet-тен (және Интернет) бірнеше онжылдықтан кейін құрылды. Интернет сияқты, бүгінде ол заңды түрде орталықтандырылмаған және бүкіл әлемде миллиардтаған адамдар қолданады.
Қарапайым тілмен айтқанда, Интернет — бұл аппараттық құрал, ал Дүниежүзілік Интернет — бұл жабдықты көрнекі түрде басқаруға және басқаруға мүмкіндік беретін бағдарламалық жасақтама. Электрондық пошта және жедел хабар алмасу сияқты басқа протоколдар Интернетке кіреді, бірақ бұл үшін Интернетті пайдаланбайды. Мысалы, веб-сайттағы сілтеме файл жүктеуді бастай алатын болса, файлдарды беру Интернеттен бөлек протокол болып табылады, сондықтан пайдаланушы файлды қотару үшін Интернетке бірнеше протоколдар (соның ішінде Веб) арқылы кіре алады. Шамамен үш онжылдықта Интернет ең әмбебап Интернет протоколына айналды, оны одан да көп ету үшін көптеген тілдер ойлап табылды. Веб, сөзсіз, көрінетін қабат. Интернетті құрайтын үлкен желі.
Пайдаланылған әдебиеттер
Интернеттің қазақ тіліндегі сегменті қазіргі уақытта белсенді түрде өсіп келеді. Есептеулеріміз бойынша, 2009 жылы интернетте қоғамдық-саяси бағыттағы 6 сайт қана болған. Бұлар – abai.kz, egemen.kz, jasqazaq.kz, qazaquni.kz, turkystan.kz, zamandas.kz. (Бұлардың ішінде тек 2 сайт таза интернет-жоба болған, қалған төртеуі – баспа түріндегі басылымдардың электронды нұсқасы).
Соңғы жылдардағы маңызды үрдіс – тек қана электронды нұсқада шығатын басылымдар көбейді. Қазіргі zero.kz қазақстандық рейтинг және интернет статистикасы сайтында 443 БАҚ тіркелген. Бұл рейтинг ж.йесінен бас тартқан және әлі тіркелмеген сайттар да бар. Бірақ нақты санын айту қиын. Дегенмен осы сайттар негізінде талдау жасап көрейік.
Сайттардың маңызды сипаты – олардың жаңартылу жиілігі. Жүргізген есептерімізге сәйкес, қарастырылып отырған сайттардың 40%-і күнделікті жаңартылады, ал демалыс күндері демалады (дегенмен бірнешеуі демалыс күндері де жаңартылған). Сайттардың 44%-ы аптасына 2-3 рет жаңартылады, ал 16%-ы аптасына бір рет қана жаңартылады. Күнделікті жаңартылатын сайттардың басым бөлігі бұрыннан бері шығатын басылымдар.
Барлық 25 сайттың беттерінде аптасына орташа есеппен 600-ге тарта материал жарияланады. Алайда, бірқатар сайттың ішіндегі жарияланымдар санындағы алшақтық үлкен – аптасына 2-ден бастап 80-ге дейін материал.
Сайттардың 28%-ы аптасына 10-нан кем материал салады.
Сайттардың анализі көрсеткендей, басылымдардың 44%-ы (11) редакциясының орналасқан жерін көрсетпейді. Ал 32%-інің редакциялары Алматы қаласында. Астанада сайттардың 16%-ы шоғырланған.
Жалпы байқалғаны – сайттар өздерінің деректерін жариялауда тым селқос. Мысалы, сайттардың тең жартысы редакторының кім екендігін де көрсетпеген.
Анализ кезінде критерийлердің бірі болған – сайтта тіркелмей-ақ коммент қалдыру мүмкіндігі. Анық болғанындай, іріктелген сайттарымыздың барлығында мұндай мүмкіндік бар. Бір ғана aikyn.kz-ті қоспағанда – мұнда тек аты жөні көрсетілген оқырмандар ғана пікір білдіре алады. Алайда қазір оқырмандардың дені материалдарды талдауды сайтта емес, әлеуметтік желіде жүргізеді. Сондықтан бір материалға қатысты пікірді мониторингті әлеуметтік желіде жүргізуге тура келеді.
Қоғамдық-саяси бағыттағы қазақ сайттарының жалпы көрінісі жағымды әсер қалдырады.
Қазіргі таңда қазақтілді интернет-журналистика өз дамуының жаңа сатысына көтеріліп отыр. Бұл туралы осы сегмент өкілдерінің өз өздерін ұйымдастыруға, кемелденуге алпыныстарынан ой түюге болады.
Алайда, Қазақстанда интернет басылымдадың газет және телевизияға қарағанда маңызды артықшылығы бар. Егер телевизиялық және газет контентін жасау орталықтандырылған және бірнеше адамға тәуелді болса, интернет БАҚ ол жағынан тәуелсіз, әрі оперативті. Интернет басылымдар өзге редакциялардан ерекшелігі салынған контентін өзгерте алады. Тіпті дәстүрлі БАҚ көтермейтін тақырыптарды айту оған есі емес. Мысалы қоғамда, әлеуметтік желідегі трендтерді, «мемдерді» айту, шолу телевизия мен баспасөз басылымдары үшін ерсі болса, интернет ресурстарға жарасымды. Бұл сонымен қоса контенттің стилистикалық, жанрлық ерекшелігіне де әсер етеді. Мақалалардың жеткізілу стилі ойнақы, еркін және жеңіл. Алайда орыс тілді сайттардың аудиториясы қазақ тілді ресрустарға қарағанда әлдеқайда кеңірек. Сонымен қоса кейбір жаңа медиа құралдары, бағдарламалары, сервистер қазақ тілді шрифтіні қолдамайды. Бұл да контент форматына кері әсерін тигізеді. Ал аудитория азайған соң жарнама берушілер, маркетологтар қазақ тілді сайттардан гөрі орыс тілді сайттармен жұмыс жасағанды жөн көреді. Нәтижесінде сайт редакциясына қаржылық қолдау білдірілмейді. Қазақ тілді сайттардың жазылғандары тек тар аудиторияға арналады. Орыс тілді сайттардың қазақ тілді басылымдарға, интернет сайттарға шолу жасауы сирек. Дегенмен 2018 жылдың ортасына дейін ratel.kz ресурсы қазақ тілді сайттардағы маңызды мақалаларды аударып шолу ретінде жариялап тұрған еді. Ал орыс тілді БАҚ мазмұны қазақ тілді журналистердің назарынан тыс қалмайды. Тіпті кез келген оқиға, шараларда таратылатын баспасөз релизі әдетте орыс тілдерінде беріледі. Қазақ журналистері қазақша шыққан релизді күтіп оперативтілігі жағынан қалыс қалады немесе аудару арқылы мақала маңызы мен шұрайын жоғалтады. Себебі аударма ісі журналистикадан спецификасы ерекше. Мысалы facebook әлеуметтік желісінде Қазақ журналистері тобы бар. Бұл топта Болатбек Мұхтаров ақпараттық сайттардың журналистерін сауатсыз, қате мәтіндері үшін сынап отырады. Алайда ақпараттық сайт редакторлары брифинг, баспасөз конференцияларында орыс тілді журналистерге ыңғайлы жағдай жасалғанын, баспасөз релизі, аңдатпа орыс тілінде алдымен жіберілетінін, қазақ тілді спикерлер табудың қиындығын алға тартады. Түптеп келгенде қазақ журналистері журналистикамен емес, аудармамен айналысады деген пікір айтады. Қазақ тілді журналистердің реніштері кейде эмоциялық тұрғыда асыра кетіп, «шовинистік» сипатқа кетіні бар. Ал орыс тілді сайттар әдетте осындай тақырыптарды назардан қалт жібермейді.
Қазақ тілді журналдардың бірінде шоу-бизнес өкілдерінің бірі «мен орыстар мен еврейлерді жек көремін» деген тақырыппен берілді. Бұл әлеуметтік желілерде көп талқыланып, реакция тудырды. Бұл жерде журналистің де қателігі бар. Ішкі наразылығы оның адекватты ой қорытып, салқынқандылық танытуына кедергі жасады. Дәл сол фразаны сұхбат тақырыбына берудің еш реті жоқ еді. Осыдан соң стереотипті пікірлер қазақ тілді контент, журналистердің сапасына күмін тудырып жатады. Ал қазақ тілді аудитория, журналистер бұл тақырыпқа назар аудара қоймас еді. Осылайша қоғамдық цензураның төмендігі мен қазақ аудиториясының бейімделуі мемлекеттік тілдегі интернет басылымдардың ерекшелігін айқындады. Бір жағынан бұл жағдайлар қазақ тілді ортаның шығармашылық ойы мен интеллектуалдық пікірін көрсетеді. Екінші жағынан шағын ақпарат вакуумында талқылайтын тақырып табылып, қазақ тілінің жағдайы мәселесіне қайта оралуға мүмкіндік береді. Қазақ тілді интернет басылымдарында ең көп талқыланатын және трафик жинайтын тақырыптар – тіл мәселесі, дін және ұлттық мораль. Ақпараттық себеп жоқ кезде ресурстарға аудитория жинайтын контент береді. Интернет БАҚ арқылы бұрын дәстүрлі БАҚты оқуға мүмкіндігі жоқ оқырман онымен танысуға, өз пікірін ортаға салуға, талқылауға қатысуға қол жеткізді. Осылайша қазақ тлді аудитория арасында танымалдыққа ие бола бастады. Екінші жағынан жалпы саяси қоғамдық тақырыптағы медиа қалған әлемнен тұйықталған жабық жүйені елестетеді. Бұл жүйеге әсер ететін сыртқы регуляторлар өте аз және бұл жүйенің дамуы өз ішкі импульстер әсерінен жүруде. Нәтижесінде қазақ тілді интернет БАҚ көрсететін реалий жалпы ақпараттық контексттен алшақтап кетті. Сондықтан да сарапшы, медиа тұлғалар арасында қазақ тілді және орыс тілді медиа екі әлемде жүргендей деген пікірлер жиі айтылады. Масс-медиа теорияларының басты постулаттарның бірі БАҚ белгілі бір ақпарат жиынтығын бере отырып, адамдардың санасында белгілі бір көріністі қалыптастырады.
Яғни СМИ көзқарасы арқылы қалың оқырман үшін объективті болып саналатын реалий қалыптасады. Бұл адам өзі пікір қорыта алмайтын, сарапшылар пікіріне сүйенетін салаларға қатысты. Әсіресе ақпараттық қауіпсіздік, ұлттық идеология сияқты мәселелерде бұл фактордың маңызы ерекше. Осылайша алғанда қазақ тілді интернет БҚ қазіргі уақытта қоғамдық-саяси реалийді, қоғамдық пікірді қалыптастыруда. Соңғы уақытта жаңа медиа, әлеуметтік желілердің пайда болуы, үлкен ақпарат ағыны адамды сындарлы ойлау, жеке пікір қалыптастыру мүмкіндігінен айыруда. Адам көзқарасы оның дүниетанымы арқылы емес, медиа, әлеуметтік желідегі бөгде адамдар пікірі негізінде қалыптасуда. Сондықтан қазіргі сайттардың беретін контентіне қадағалау, мазмұнына ерекше мн беру өте қажет. Бұл тек жаңа медиаға бейімделу, қазақ медиа нарығының дамуы үшін ғана емес, ұлттық идеологияның дамуы тұрғысынан құнды.
Қазақ тілді медиаортаның контентін зерттегенде, осы ақпарат айдынындағы басты кейіпкерлер мен контентке негіз болатын объектілер туралы тоқталған жөн. Қазақ тілді сайттарға жасалған контент анализ нәтижесінде мақалаларға арқау болған кейіпкерлерді анықтады. Төменде ұсынылған кестеден байқалғандай көптеген материалдардың кейіпкерлерін анықтау мүмкін болмады, себебі онда бірнеше кейіпкер аталады және олардың нақты деректері жоқ. Аталған себептерге байланысты зерттеу барысында бұл деректер лынып тасталды. Қалған материалдарда негізгі тұлғалар өнер, спорт, мәдениет және әдебиет өкілдері болды – 11%. Екінші орында қарапайым адамдар 7% болды, соңғы уақытта қарапайым адамдар өмірінен эпизодтар оқырманды көбірек қызықтыратыны анықталды. Жекелеген қоғамдық саяси қайраткерлер 6% және тарихи тұлғалар 5% да тізімге енді. Қызықтысы материалдар ішінде сирегірек кездескені президент (4%), үкімет мүшелері (3%), жергілікті атқарушы билік өкілдері (3%), бизнес өілдері (2%) күш құрылымдарының өкілдері (2%).
Спорт, мәдениет өкілдерінің қайраткерлеріне қатысты материалдар үнемі әлеуеттік-мәдени тақырыптарды қамти бермейді. Егер орыс тілді медиа орта заң жобаларына, қоғамдық-саяси өмірге қатысты тақырыптарды талқылап жатса, қазақ тілді медиа шоу-бизнес, өнер жұлдызарының күнделікті өміріне қатысты мәселелерді көбірек талқылайды. Сонымен қоса мұндай мақалалардың аудиториясы да ауқымдырақ. Қазақ тілді аудитория осындай тұлғаларды жиі талқылау рқылы олардан медиа тұлға жасайды. Сылайша медиа тұлға әрі қарай өзіне тиімді трендтерді қалыптастырып, жаңа тақырыптардың қамтылуына мүмкіндік бермейді. Қазақ тілді контент бір вектор бойымен дамитыны да сондықтан болса керек.
Сондықтан интернеттің дамуы тек экономиканың ғана емес, тілдің өркендеуінде көрінеді

 

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Цифрлық медианы басқару 2 курс қазақ тобыны

Әділ Әлфира

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *