Тілім-тірегім

Тіл – біздің елдігімізді, бірлігімізді танытатын құрал. Тіл барда ұлт мәңгі бар. Қай ұлтта, қай елде болмасын тіл қастерлі, құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев “Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде” деген тұжырымы бекер айтылмаған деп ойлаймын. Осы сөзінен  Елбасымыздың мемлекеттік тілге деген үлкен құрметін байқауға болады. Өзгеден сый күту үшін, өзіміз құрметін жайына қояйық.

Тіл – тәуелсіздігіміздің айғағы. Ата Заңымызда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі — қазақ тілі» деп жазылған. Әрбір Қазақстандық Ата заңымыздың талаптарын орындауға тиіс. Тіл ұлт пен ұлтты жақындастыратын ең үлкен қатынас құралы. Сондықтан тілдің қадір-қасиетін қазірден бастап сақтайық. Сонда ғана тіліміздің ғұмыры ұзақ болғай!

Тіл – халық қазынасы, ұлттың жаны. Тілдің мәселесі – ұлттың мәселесі. Мерейін асыратын да, құтын қашыратын да өзіміз. «Ана тілін білмеген, анасын да сыйламас» демекші баладан рахат көремін десек, тілді тал бесіктен бастап меңгерткеніміз дұрыс. Отбасында қазақша сөйлеп, қазақша ойлайтын ұрпақтың болуы ата- анаға тікелей байланысты деп білемін.

Қазақстанның азаматымын деп санайтын әрбір адам мемлекеттік тілді білуі шарт. Тіл – адамдар арасындағы қарым-қатынастың аса маңызды құралы ғана емес, ойлаудың, дүниетанымның, рухани мәдениеттің, ұлттық тәрбиенің сақтау құралы. Жас ұрпақты тәрбиелеу, оларға ғылым мен білімді үйрету тіл арқылы жүзеге асады. Сондықтан жаны да, қаны да қазақ деп соғатын тұлға тәрбиелеу біздің басты мақсатымыз болуы керек.

Тілге деген құрмет – халыққа деген құрмет. Демек, әрбір қазақстандық мемлекеттік тілді құрмет тұтып, жетік білуі тиіс. Тіліміздің тазалығын сақтап, шұбарлануына жол бермейік. Тіл мәртебесі – ел мерейі. Ана тілімізді үнемі дәріптеп, еліміздің абыройын арттырайық!

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *