Алихан Бөкейханов Алаштың ардақты арысы

Өмірбаяны. Ә.Н.Бөкейханов 1866 жылы 25 наурызда Семей облысы Қарқаралы уезі Тоқырауын болысының 7-ші ауылында дүниеге келген. Бұл қазіргі Жезқазған облысы, Ақтоғай ауданына қарасты Қаратал ауылы. Ол қазақтың ақырғы ханының бірі Бөкейден тараған ұрпақтың төртінші буыны, Бөкей ханның шөпшегі.

Нұрмұхамедұлы Бөкейханов – көрнекті қоғам қайраткері, Ресейдің жергілікті және қалалық қоғам қайраткерлері съезінің депутаты, Ресейдің I Мемлекеттік думасының және мұсылман халықтары съезінің депутаты, IV Мемлекеттік думаның мұсылман фракциясының Бюро мүшесі, Санкт-Петербор масоны, қазақтың 20 ғасыр басындағы ұлт-азаттық қозғалысының негізін салушы әрі көсемі, халқымыздың тұңғыш саяси Алаш партиясының ұйымдастырушысы және ұлттық Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, ғұлама ғалым – ормантанушы, экономист, тарихшы, этнограф, әдебиеттанушы, аудармашы, әрі дарынды публицист.

Ғылыми еңбектері. ХХ ғасырдың соңында Омбы орман шаруашылығы училищесінде оқытушылық қызмет атқарып, ғылыми жұмыстармен айналысады. Ә.Бөкейханұлының әдебиеттану тұрғысынан жазылған еңбектері ғалым Д.Қамзабекұлы тарапынан жан-жақты қарастырылады. Бұл зерттеуде Ә.Бөкейханұлының алғашқы еңбектерінің бірі ретінде «Женщина в киргизкой былине Кобланды» атты мақаласы сарапталған. «Туркестанские ведомости» газетінің бірнеше санында жарияланған. Ә.Бөкейхановтың әйгілі «Қобыланды» жырындағы әйел бейнесі» деп аталған мақаласы белгілі ғалым С.Қасқабасов тарапынан жан-жақты талданып, сол кездегі қазақ фольклористикасы үшін аса маңызды бірнеше мәселе көтерілгенін жеріне жеткізе айтылып: «Бұлар эпостың тарихилығы, «Қобыланды» жырының шығу мезгілі, қазақ фольклорының түрлері, жыршы және оның шеберлігі, қоғамдық ой-санасының жырда көрініс табуы, «Қобыланды» жырындағы әйелдер бейнесі, олардың атқарып отырған идеялық қызметі. Осындай ғылыми мәнді проблемаларды автор сол кездегі әлеуметтік, моральдық мәселелермен ұштастыра қарастырған»,- делінген.

Еңбектері мен қызметі. Әлихан Бөкейханов – қазақтың тұңғыш энциклопедисі деуге де негіз бар. 20 ғасыр басында неміс Ф.А.Брокгауз бен орыс И.А.Ефрон секілді баспагерлер көптомдық «Жаңа энциклопедиялық сөздігін» шығарып тұрған. Қазақ өлкесін танушы ғалым Бөкейханов осы «сөздікті» әзірлеуге ат салысқан. «Сөздікке» енген қазақтын тарихы, қазақтың хандықтары, мысалға Бөкей ордасы жайында (8 том, 447-452 беттер), қазақтың көрнекті хан-көсемдері туралы және басқа материалдарды Ә.Бөкейханов әзірлегендігі күмән тудырмайды. Энциклопедиялық сөздікті баспаға дайындаған қызметкерлердің тізімінде Ә.Бөкейхановтың аты-жөні 4 томнан 21 томына дейін дерлік көрсетілген.

Бөкейхан Сібір темiржолы аймағындағы мал шаруа-шылығын статистикалық-экономикалық тұрғыда зерттеумен айналыса­тын С. П. Швецовтің экспедициясында да еңбек етті.

1904 жылы қоныс аударту басқармасына шенеуніктік қызметке тұрады.
Әлихан қоғамдық-саяси қызметпен белсенді түрде айналысты. Оның отаршыл патша үкіметінің саясатына көзқарасы өзгерді. Сонымен қатар ол дәстүрлі қазақ қоғамындағы: пайдакүнемдік, болыс лауазымы үшін талас-тартыс сияқты жағымсыз көріністерді де сынға алды. Өз халқының жарқын болашағын алдын ала болжады: «Қазақ даласы… табиғатынан ақылды және қабілетті қазақ халқы болашақта, өркениет жолында іргелі жетістіктерге жетеді», – деген пікір білдірді.

Қазақ газеті мен өмірі. Әлиханның алғашқы мақалалары Омбы техникалық училищесінде оқып жүрген 1889 жылы жарық көрді. Омбыда басылатын «Дала уәлаяты» газетінде жиырмадан астам мақалалары мен фельетондары шықты. Ол «Дала өлкесі», «Семей облыстық ведомстволары», «Қырғыз да­ласының газеті» және «Түркістан ведомстволары» газеті жұмы­сы­на қатысып тұрды. Оның мақалалары Мәскеу, Омбы, Томск және Се­мей қалаларында шығатын либералдық бағыттағы газеттерде жа­рық көрді.

Әлихан Бөкейхан «Қазақ» газетін ұйымдастыруға зор еңбек сіңірді. Газет беттеріне оның мақалалары қазақ және орыс тілдерінде басылып шықты. Патша үкіметі тарапынан қуғынға ұшырағандықтан, ол мақалаларына «Қыр баласы», «Ғали хан», «Қырғыз-қайсақ» т.б. лақап аттар қойып отырды. Ол өз мақалаларында қазақ халқын отарлық езгіден азат ету, тарих пен мәдениет, әлеуметтік жағдай, саясат пен халық ағарту ісі мәсе­лелерін қарастырды.

Әлихан Бөкейханов ескерткіші жайлы. Алаш-Орда автономиясының орталығы саналған Семейде Әлихан Бөкейханов ескерткішінің салтанатты ашылуы өтті. Бұған дейін ескерткіштің ең үздік эскизіне арналған ашық республикалық байқау аяқталды. Жеңімпаз болып мүсінші Бақытбек Мұхаметжанов таңдалды. Әлихан Бөкейханов қазақ халқының тарихына ірі қоғам қайраткері, халық қаһарманы ретінде енді. Жиналғандарды аймақ басшысы Даниал Ахметовтің атынан Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағанов Алаш қозғалысының ғасырлық мерейтойымен құттықтады: — «Алаш-Орда идеясы – бүкіл Қазақстанның идеясы.Бұл ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан қазақ идеологиясының негізі».

Алаш қозғалысының 100 жылдығына орай Алаш зиялылары өкілдерінің шығармаларын оқу, Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві мен Жаңа заман тарихын құжаттау орталығының «Архив қорларындағы Алаш тарихы» құжаттарының көрмесі. «Алаш» қозғалысының жүз жылдығына орай Шәкәрім атындағы СМУ-де өтті. Сонымен қатар, «Алаш және рухани жаңғыру: идеялар сабақтастығы» тақырыбында халықаралық ғылыми-танымдық конференция өтіп, ұлт-азаттық қозғалысының тарихы, Алашорда қайраткерлерінің өмірінен бұрын беймәлім болған деректер талқыланды.

Қола мүсіннің биіктігі 3,6 метр, астарлы гранит тұғырының биіктігі 1,9 метр, ескерткіштің салмағы 2,5 тонна. Ескерткіш жасау идеясы үш жыл бұрын ұсынылған. Семей қаласының әкімдігі ескерткіш жасауға байқау жариялады. Мүсіннің өзі Астанада құйылып, тұғыры Семейде жасалған.
Егер ескерткіштің көркемдік идеясына қатысты проблемалар болмаса, оны орнату орнының айналасында ұзақ талқылаулар болды.

Ескерткіш орнату үшін алдымен аспалы көпірдің жанындағы айналма жолдың жанынан орын ұсынылды. Менің көзқарасым бойынша, бұл орынсыз болар еді: ескерткіш іс жүзінде көпірдің астында болар еді. Ал мен ол жерге ескерткіш орнатудан бас тарттым. Ескерткіштің түпкілікті орны үш кездесуден кейін анықталды», — деп түсіндірді мүсінші. «Біз жұртшылықтың пікірін ескере отырып, ескерткішке жер телімін өзгерттік. Барлығы заң аясында жүргізіліп, нәтижесінде Ленин көшесінің қазіргі Арбат деп аталатын жаяу жүргіншілер бөлігі белгіленді. Бірақ жақын арада қайта жөндеуден кейін көшеге Мәңгілік ел атауы беріледі деп жоспарлануда», — деді Семей қаласы әкімінің орынбасары Надежда Шарова.

Alikhan Bokeikhan University. Әлихан Бөкейханның туғанына 155 жыл толуына және Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Әлихан Бөкейхан отандық ғылым контекстінде: жаңа пәнаралық зерттеулер мен ізденістер» атты конференция барысында университет ректоры, профессор Шырын Құрманбаева Alikhan bokeikhan University деп Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін қайта атау туралы жариялады. — Бұл еліміздің және қаланың тарихына, еліміздің ұлттық мүдделерін әрдайым бірінші орынға қойған Әлихан Бөкейханның Тарихи қызметіне деген құрмет, — деп атап өтті ЖОО басшысы.

Бұл – ел мен қаланың тарихына, елдің ұлттық мүддесін әрқашан басты орынға қойған Әлихан Бөкейханның тарихи қызметіне деген құрмет, – деді оқу орнының басшысы. Университет құрылтайшылары қала жұртшылығының, сондай-ақ қала жұртшылығының кең қолдауына ие болған профессорлық-оқытушылар құрамы мен студенттердің бастамасын қолдап, көрнекті қоғам және саяси қайраткер, Алаш қозғалысының көшбасшысы құрметіне университет атауын өзгерту туралы шешім қабылдады. еліміздің ғылыми және мәдени зиялы қауым өкілдері.

Сондай-ақ, 2021 жылдың тамыз айында университеттің бас ғимаратының залында Әлихан Бөкейхан бюстінің салтанатты ашылуы өтті. Бюст авторы – белгілі мүсінші, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі Талғат Анарбеков.

Тарихтағы орны. Әлихан Бөкейхан халықтың көшбасшысы қандай тұлға болу керектігін өз үлгісімен айқындап берді. «Алаш» көшбасшысы Ә. Бөкейханның қазақ тарихындағы алар орнына Алаштың келесі ірі тұлғасы, қайраткер, ғалым Қошке Кемеңгеров «Қазақ тарихынан» еңбегінде мына тұрғыда баға берді: «Биліктің қуғындау мен қудалау жылдарында түрмеге қамалып, жер аударылса да бірқатар батыл да ержүрек азаматтар өз халқының болашағы үшін күресті жалғастыра берді. Бұл топтың жетекшісі, тәрбиешісі де Әлихан Бөкейхан еді. Ол елінің болашағы үшін қиыншылықтан қорықпайтын ұлтжанды азаматтарды күрескерлік рухта бау­лып, әдеби тіл нормасының орнығуы мен діни фанатизмнен арылуға зор үлес қосты. Нәтижесінде қазақ ұлты қалыптасты. Әлихан Бөкейханның қазақ тарихындағы алар орны, міне, осында жатыр.

Қорытындылай келе, біздің президентіміз Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан мемлекеті мен оны ары қарай дамытып, көркейту мақсатында бірлесіп жасаған әрекеттері арқылы, белгілі зиялы қауым өкілдері Абай Құнанбаев пен Алихан Бөкейханов сияқты тағыда басқа тұлғалардың біз үшін, болашақ ұрпақ қамы үшін, Қазақстан жері, Отаны үшін атқарған қызметіне қарай, барша қазақ халқына үлкен қуаныш сыйлап, былайша айтқанда  екінші мәрте  тәуелсіздік алғандай, қолымызға қайта өзіміздің Қазақ туымызды көтергендей,Жаңа Семейного, Абай  облысы атанып, бастан қайталанбас сезім кешірдік!Біздің Семейіміз облыс қана атанып қоймай, Қазақстан инновациялық гуманитарлық заң университетінің атын Алаш Орда төрағасы Алихан Бөкейхановтың құрметіне атап, сіздерге белгілі Нұр Сұлтан қаласындағы Ғ.Қараш көшесінен басталып, Ағыбай батыр, А.Иманов, Т.Рысқұлов, Кенесары көшелерімен  қиылысып өтетін көшеге де біздің қоғам қайраткері Алихан Бөкейханның есімі берілген болатын.

«№32 жалпы орта білім беретін мектеп»

тарих пәні мұғалімі Кемельбаева Индира Муратовна

 

 

 

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *