«Ұлттың ұлы бақыты –Тәуелсіздік»

Егемендік–қанды жаспен қол жеткізген тәтті жеңіс болып табылады. Төгілген жастың, өлмейтінмықты намыстың күшімен келген ұлы бақытты күн! Мемлекетіміз егемендіктің бесігінде еркін тербелгелі міне, 30 жыл толып отыр. Отыз жыл ішінде Қазақ еліұлт болып қалыптасып,жер аумағын шекарасын тұрақтап, өз алдына дара зайырлы,тәуелсіз ел болды. Бұл атадан келе жатқан ұлы жеңістің жемісі болып табылады. 1991 жылы 16 желтоқсанда еркіндігін алған мемлекетіміздің өз ұлты мен ұлысы, салты мен дәстүрі, тілі мен діні, мәдениеті мен саясаты, экономикасы мен білімі болды. Қаһарлы желтоқсанның ызғары мен желіне қарсы тұрған жастардың жалынды рухы мен ерліктерінің арқасында шаңырағы биік, керегесі кең, бәсекеге қабілетті мемлекет болып қалыптастық.Тәуелсіздік – ең алдымен қазақ елінің бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен мықты қайтпас-қайсар рухының жемісі болып табылады. Қазіргі таңда Тәуелсіздік – барлығымыз үшін ерекше қасиетті де,қастерлі, бірліктің, ынтымақтастық пен татулықтың бақытты белгісі. Мемлекетіміздің Тәуелсіздігі – ең алдымен халқымыздың ұлы бақыты екені анық. Он алтыншы желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні. Бұл ерекше мейрам айтулы мейрамдардың бірі де, бірегейі болып табылады.Тәуелсіздік мерекесі – бүкіл қазақ халқы үшін, барша қазақстандықтар үшін,барлық ұлт пен ұлыстар үшін ерекше мереке! Себебі, ол мемлекетіміздің өз саясатын дара, өз еркімен,тәуелсіз жүргізуге қабілеттілігінің дәлелі. Әңгіменің басы, біз солай ете алдық па, жаһандық әлемнен өз орнымызды ала алдық па, олар бізді егемен, мықты ел ретінде таныды ма, сонан өрбуі қажет.1991 жылы ел тәуелсіздігін алған кезде қазақ халқы ғана болып қана қуанған жоқпыз. Бұл тәуелсіздікті бір ел ғана емес, бүкіл әлем болып қуанды, қолдады, мойындады деген сөз. Ал іргесі тасы қаланған жаңа мемлекеттің әрі қарай тәуелсіз өмір сүруі үшін ерен еңбек,рухы мықты жастар,білімді,бәсекеге қабілетті ұрпақ қажет. Ол оның ішкі және сыртқы жағдайы, экономикасы,ақшасы деген секілді көптеген құндылықтарға келіп тіреледі. Осы аталып өткен құндылықтарды отыз жыл ішінде үлкен мақсатқа айналдырған еліміз астанасын да бекітті. Тіпті бүгінде Нұр-Сұлтан сәулеті мен бүкіл елге,болашақтың қаласына айналып отыр. Әлемнің түпкір-түпкірінен Тәуелсіз Қазақ елінің астанасын көруге, миллиондаған қонақтардың көптеп келуі дәлел.Табиғатына бүкіл ел сүйсінген Алматының өзін мәдениет пен әдебиеттің қаласына айналдырды.
Ұлттық идея ел тәуелсіздігінің берік тұғыры.Ұлттық идеясы жоқ елдің тәуелсіздігі тұрлаусыз. Сондықтан тәуелсіздіктің баянды болуының бірден-бір алғышарты мен темірқазығы-ұлттық идея[1,23]. Өзінің 30 жылдығын атап өткелі жатқан Қазақ елі үшін де бұл тақырып маңыздылығымен көзге түіп отыр. «Қазақ елі-мәңгілік ұлттық идея. Сонымен қатар,қазақ елі мәңгілік деу-ұрпақтардың алмасуында ,олардың сабақтастығында болады»
Тәуелсіздікке қол жетудің маңызын ұлт жанашырлары «Қайтсек жұрт боламыз» деген атаумен шыққан мақалада: «Біз қазір екі жолдың тарауында тұрмыз.Қайсысына түсетін болсақ та,ерік өзімізде[1,44]-деп тәуелсіз ұлт болудың,еркін мемлекет болудың маңызын ,құндылығын, қасиетін айқындап бергендей.
Зиялылар тәуелсіздікті халықтың,ұлттық игілігіне жарату тұстарын да ескерген.Осы орайда: «Бұл бостаншылықтан көп жұрттың ер жетіп,ес біліп, ақыл тоқтатқан адам болып шықпақшы[2,78]-деген жолдарынан-ақ тәуелсіз,егемен мемлекет болудың маңызы тек қана қазақ ұлтының ғана емес,бүкіл қазақ жерінде тұратын ұлт пен ұлысқа да ,маңызы мен мақсаты, пайдалы жағы ортақ екенін ұғынамыз! Әр ұлт үшін тәуелсіз ел болу – ұлы арман. Мысалы, дүниежүзінде, әлемде алты мыңға жуық ұлттар мен ұлыстар бар екен. Солардың ішінде екі жүздей ғана ұлт тәуелсіз,егемен мемлекет болып отыр.Сондықтан тәуелсіздік әрбір азаматқа қымбат,құнды,қасиетті болуы тиіс.
Тәуелсіздік,ең алдымен, саяси азаттық. Бұл сонымен қатар, рухани бостандық, оның өзегі болып табылатын тілдің еркіндігі. Тіліміздің мемлекеттік мәртебе алғанына да, он жеті жылдан асты.Бұл-тілдік кеңістікте күрделі күрделі бетбұрыс жасауға жетерлік уақыт болып табылады.
Әлемдегі кез келген ұлт үшін басты байлық – ол тәуелсіздік. «Сен неткен бақытты едің келер ұрпақ», — деп ақын Қасым Аманжолов айтпақшы біз – жастар бақыттымыз! 1991 жылы Қазақстан атты мемлекетіміз көк байрағын көкке желбіретіп, ежелден аңсаған азаттығына қол жеткізді, тәуелсіздіктің дәмін таттық. Тәуелсіздік – ащы термен келген тәтті жеңіс. Төгілген қанның, өлмеген жігердің отымен келген ұлы күн. Тарихымыздың тереңіне үңілсек қазақ халқымыз қиыншылықтың бар түрін бастап кешірді.
Биыл ел егемендігіне – 30 жыл. Қоржынында сан ғасырлар толтырған тарихқа 30 жыл түк те емес. Бірақ, адамзат өмірімен есептесек, дүние есігін ашқан баланың тәй-тәй басқан алғашқы қадамы, ауызынан шыққан бірінші сөзі т.б. айта берсек ұсақ жеңістердің өзі – үлкен асу. Сол асуларды бірге асып, жаңа белестерге бірге қадам басып келе жатқаныма бүгін – 30 жыл!
Егемендігін алғанына ширек ғасырдан асса да, тәуелсіздігімзді бүкіл әлемге танытудамыз. Атап айтсақ, Абайдың 150 жылдығын «ЮНЕСКО» шеңберінде тойладық. «Біріккен Ұлттар Ұйымы» шеңберінде 2002 жылы Алматыда, яғни тұңғыш рет Азия құрлығында 24 мемлекет басшысын біріктіріп, кеңес өткіздік. «Шанхай ынтымақтастық ұйымын» құрудың негізгі ұйытқысы, алғашқы ұсыныс жасаумен танылдық.Қазақстанның дүниежүзілік қоғамдастықтың белсенді мүшесі екенін жан-жақты дәлелдедік.
Одан әрі, 2003 жылы Астанада тұнғыш рет әлемдік діндер жетекшілерінің съезін өткізумен тарихта аты жазылды. Еліміздің астанасында 100-ге жуық елдің басын қосатын халықаралық көрме «ЭКСПО-2017» өткіздік. Осының бәрін бағалауымыз керек.
Жас мемлекетіміз қысқа уақыттың ішінде экономикалық, саяси және әлеуметтік салаларда көптеген келелі, белесті кезеңдерден өтті. Қазақстанның әлем қауымдастығын құрайтын БҰҰ-ға мүше болып 193 елдің қатарына енуі өз алдына, ол жер-жаһанның жұрт санасып, ел ақылдасатын белді де беделді мемлекеттерінің біріне айналды. Әлемде өзіндік орны мен даусы бар биік беделге ие болды.
Екі құрлық тоғысындағы ел Еуропадағы Қауіпсіздік пен ынтымақтас-тық ұйымына абыроймен төрағалық етіп, Астaна сaммитін өткіздік, Елбасының «Әлем. ХХІ ғасыр» Манифесі БҰҰ Бас Ассамблеясы мен Қауіпсіздік Кеңесінің ресми құжаты мәртебесін aлды, Қазақстан БҰҰ Қауіп-сіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесіне сайландық.Бүгінде Қазақстaн тек өзі орнaласқан аймaқ қана емес, сонымен қатар, планета проблемалары төңірегінде пікір айтып, ой бөлісетін дәрежеге жетті.
Тәуелсіз мемлекет бола салысымен, көптеген шұғыл сұрақтарға шешім табылды. Неше түрлі ауыртпашылық әкелген Семей полигоны жабылды, Арал теңізі мәселесі шешілді, тарихи мұра, мәдениетіміз, қазақ тілі қайта жаңғыртылды, табиғи байлығымызды өз иелігімізге қайтара алдық.
Қазір біз болашағымызға сеніммен қарай алатын, зайырлы,өркениетті, индустриалдық жаңғырту жолында жоғарғы қарқынмен дамып келе жатқан мемлекеттердің қатарындамыз.
Тәуелсізбіз! Азатпыз! Еркін елміз!
Әлемдегі халықтармен қатар теңбіз.
Қазақстан мәңгілік жасай берсін,
Мақтан қазақ! Мақтанатын батыр елміз!..[1,1]– деген өлеңжолдар тіл ұшына орала береді.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында деп атап өтті: «Біздің міндетіміз – жастардың бойына мемлекетшілдік рухын сіңіріп, қай жерде жүрсе де туған елдің игілігіне қызмет етуге жұмылдыру. Ең ғажайып ерліктер Отанға шексіз сүйіспеншіліктен туындайтыны сөзсіз. Шын отансүйгіштік дегеніміз – жалаң ұран тастау емес, еліңе, халқыңа қызмет ету»[1,2]. Сондықтан да өскелең ұрпақтың бойына отаншылдық рухын сіңіру, Тәуелсіз елдің патриот жастарын тәрбиелеу басты міндетіміз болмақ. Ол үшін өскелең ұрпақтың бойына отансүйгіштік, патриоттық сезімдерді қалыптастырып, Тәуелсіздіктің құндылығын оларға барынша түсіндіру қажет. Себебі, Қазақстан азаматтарының бір ғана отаны бар – ол Тәуелсіз Қазақстан.
Қазақстан — қазақ халқының ата-баба мекені, ежелгі қонысы. Еліміз өлшеусіз табиғат байлығымен ғана емес, ең алдымен сан түрлі ұлттардан құралған халқымен ерекше екенін ұмытпағанымыз абзал. Бүгінгі бейбіт те шуақты күндерді бағалай отырып, жаңа биіктерге ұмтылу – біздің буынның бағыты болуы тиіс.
Бүкіл қазақ халқы аңсап күткен тәуелсіздіктің бізге бергені көп. Теріс ықпалының, жағымсыз тұстарының болғанын да жасырып қала алмаймыз. Бірақ бұл ойға келгенде бір жақты қарап, шешім шығаруға болмайды. Тәуелсіздіктің қазақ халқына тарту еткен үлкен сыйы деп қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесін алуын ерекше айтып өту керек. Жетпіс жыл тілге көрсетіліп келген қысымнан арылып, ұлт ретінде жойылып кетуден аман қалдық. Қазақ тілінің қолданыс аймағының артып, тіпті қазіргі заманауи құрылғыларды өз тілімізде сайратып жүргендерді айтуға болады. Бұл ұлттың болашағынының кепілі. Бұрынғы бұлыңғырлықтан, бағытсыздықтан құтылып, ақыры шын еркіндікті сезіну деп түсінген дұрыс.
Тілдің бар болуы ұлттың бар болуымен тікелей байланысты болғандықтан, оның мәңгі жасауы да ұлттық құндылықтарымызды насихаттаумен, діліміз мен дініміздің беріктігімен көрініс табады. Тіл өмір сүруін тоқтатса, онда халық та бірте-бірте құриды. Бодан болып, бағынып, бас изеп жүрген шақта тілдің осынау қиын да күрделі жағдайын түзеу біраз қиыншылық алып келді. Әрбір жазылған дүниенің ішін теріп-қазып отырған шақта, әрине, цензура қатал еді. Сондай жағдайға қарамастан тіл мәселесін көтере білген ұлт зиялылары тілдік құқықты сақтауды талап етіп отырды. «Ең бастысы- тілдің болашағы ұлттың болашағымен, тілдің дамуы ұлттың дамуымен өзектестіріле қарастырылыпты. Өйткені кез келген тілдің тек ұлттық тарихпен шектелмей, әу баста екі аяқты нәсілдің сөйлей бастауымен тамырласып жатқаны аян. Ендеше, тіл туралы ойлану-бәрі туралы ойлану. Тілдің келешегін ескеру- артымызда қалған мен алдымызда тұрғанның бәрін де еске алу деген сөз. » [3,64] Бұның бәрі ар жағында саясаттың ісіне жалғасып жатты. Қазақтарды түгелдей орыстандыру ісі қарқынды жүзеге асып жатқанда, бәрі жаппай орыс тілінде білім алып, соны күнделікті тіршілік тіліне айналдыра бастады. Орыстандыру саясаты ұлттың ең жанды жерінен алып, бір-бірін түсіне алмайтын, түсінсе де түсініктері сәйкес келмейтін адамдардың санын көбейте бастады.
Тіл ұлттың айнасы болғандықтан, оның адам өміріндегі рөлі зор. Бір тілдің пайда болуы үшін, оның бүкіл заңдылықтары мен ережесі, қағидаттары бір ізге түсуі үшін өте көп уақыт керек. Ал тілді жойып жіберу үшін ғасырдан аз уақыт болса жеткілікті. Адам сөз арқылы өз ойын, арманын, қиялын, мақсат-мұратын, тұла бойындағы сезім күйін жеткізеді. Бір тілде сөйлеу үшін сол тілде ойлау алу керек. Ал қазақ тілінде сөйлемеген адам, шынын айтқанда, қазақы түсінікпен ойлай алмайды. Біртіндеп өз түп-тамырынан айрыла бастайды. Тілді бірте-бірте қолданыстан шығарып, қолдану аясын тарылта беру тілдің жай өлуіне алып барады.
Тәуелсіздік алғаннан бастап әр қазақстандықта сөйлеу еркіндігі пайда болды. Өз ойын ауызша да, жазбаша да қазақ тілінде жеткізіп, оған мақтана алды. Қазақ тілі 1989 жылы 22 қыркүйекте мемлекеттік тіл атағын алып, тәуелсіз елде сөз, ой бостандығы бар екенін көрсетті. Арада отыз жыл өткеннен кейінгі қазіргі тілдің жай күйін шынайы айта білу маңызды. Тәуелсіздік жылдарында көп жеткен жетістіктерімізді санамалап отырып, осы тіл мәселесінің біртіндеп оң шешімін тауып,басымдығын алғандығы — қуантарлық жағдай. Бұлай деуімізге қазақ тіліне қызуғушылық танытатын, үйренгім келеді деген ниеті бар өзге ұлт өкілдері санының артуын келтірсек болады. Әсіресе қазақ тілінің мектептерде берілетін базалық білімінен бөлек арнайы оқу орталығында қазақ тілі курсына жазылатындардың көбеюін байқаймыз. Тілді қызықтырып оқыту, соның ішінде түрлі оқыту бағдарламаларын қосып өткізу арқылы тілді меңгертуге болады. Бұнда да педагогикалық шеберлік пен оқытудың әдіс-тәсілдері маңызды рөл ойнайды. Демек, тілге деген сұраныстың болуы, оның белсенді түрде қолданыла бастауы үлкен үміт сыйлайды.
Қазақ тілін дамыту ісі қазір өте танымал болып тұрған әлеуметтік желілерде қолға алынып жүр. Көптеген тұтынушы өздері пайдаланатын кез келген өнімнің, жасалатын қызметтің, сатып алатын тауардың қазақ тілінде болуын, сол тілде ұсынуын талап етіп жүр. Бұл қазақ тілді ортаның көптігін көрсетеді. Демократияны, сөз бен ой бостандығын алдыңғы орынға қояды. Жалпы қай тілді алып қарасақ та, оны алдымен қолданатын, оның өміршеңдігін айқындайтын халық екені белгілі. Ал халық тілді қандай жиілікпен қолдана ала ма, әсіресе, қарапайым өз қажеттілігін өтей алатын болса, онда тілдің өмірі ұзаққа созылады. Ал қазақ тілді ортаның кеңеюі үшін қазіргі біздің заманымызда ақпараттық құралдарды сөйлету керек. Осы мәселенің қазір актуальды болып, көп көтеріліп жүргені қуантады. Халыққа қандай да бір қызмет, мейлі, ол тауар болсын, басқа болсын өзін қазақ тілінде нарыққа шығаруы маңызды. Бұл тілдің қаншалықты дәрежеде қолдана алатынымызды, оның қажетімізге жарауы деген ауқымды ойға келіп тіреледі. Сондықтан тілдің мейлінше көп қолданылуы арқылы оған деген сұраныстың артуы заңды.
Тәуелсіздік еркіндік, бостандық деген дүниені алып келген болса, онда ең алдымен өз тілінде өз ойын ашық жеткізе алатын, ол үшін қысылып-қымтырылмайтын, алуан түрлі істі, саланы өз тілінде сөйлете алатын ұрпақты өсірді деп айта аламыз. Ұлт зиялылары бұрын ұлттың болмыс-бітімін, оның қадір-қасиетін, рухани құндылықтарын сақтап қалу үшін атсалысқанын білеміз. Тәуелсіздік алғанымызға 30 жыл толғаны біз үшін, адам үшін, өте үлкен уақыт болып көрінуі мүмкін. Алайда тарих үшін қас-қағым сәт сияқты өте шығады әрі аздық етеді. Осы уақыт ішінде ұлттың болмысын қалыптастырып, тілдің иммунитетін арттыру ісі өз деңгейіне жетпеді. Олай деуімізге кейбір қарын ашатын жағдайлар себеп болатыны бар. Өз кемеріне жетпеген, бұрынғы бағытынан көз жазып қалғандықтан, ұлттық өзекті қайтарып алуға да жеткілікті уақыт керек. «Тіл – ұлттың еркіндігінің нысаналы белгісі. Тәуелсіз мемлекеттің тәуелсіз ойлау жүйесімен қоса тәуелсіз тілдік жүйесі де мүлтіксіз қызмет етуі шарт. Тіл-бәрінің бастауы. Егер тіліміз тәуелді болса, онда Отанымыздың да тәуелді болғаны.» [4,135] Тілдің мәртебесі тікелей халыққа да, мемлекетке де байланысты болып отыр. Тек қана қағаз не статистика жүзінде қалмай, оған деген қажеттілікті арттыру үшін іс жүзінде тілді кез келген коммуникацияда қолдану керек. Осы жағдайда ғана тілдің күшін, қадірлі екенін түсінеміз. Тәуелсіздік алып, өз аузымыз өз қолымызға жету дегеніміз қазақтың өз болмысына, бастау бұлағына қайтып бару деген сөз.
Кезінде Елбасы Н.Назарбаев 1999 жылы жарық көрген «Тарих толқынында» атты тарихи – философиялық еңбегінде «Егер біз мемлекет болғымыз келсе, өзіміздің мемлекеттігімізді ұзақ уақытқа меңзеп құрғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн», деп жазған болатын[7,273]. Бұл еңбекте Ұлы даладағы руханият бастаулары мен халқымыздың этногенезінің, жеріміздегі мемлекеттілік тарихының қазіргі жыл санаудан бірнеше мың жыл бұрын басталғандығы айтылып, бүгінге дейінгі тарихымыздың мәселелері жалпыфилософиялық тұрғыда қарастырылады. Қазіргі таңда, Қазақстанның өзіндік үні, пікірі, мәртебесі бар. Біз әлемдік деңгейде аяғымызды сенімді басып, басқа елдер бізбен санасатын мемлекетке айналдық. Мұндай нәтижеге қол жеткізу үлкен шараларды, іс-әрекеттерді талап етеді.
Тәуелсіздігімізді жариялағаннан бергі мезгіл ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігі, көп ұлтты Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығы Президентіміздің жүргізіп отырған парасатты көреген саясатының нәтижесі.
Қазақстан – қазақ халқының ата-баба мекені, ежелгі қонысы. Еліміз өлшеусіз табиғат байлығымен ғана емес, ең алдымен сан түрлі ұлттардан құралған халқымен ерекше екенін ұмытпаған абзал. Бүгінгі бейбіт те шуақты күндерді бағалай отырып, жаңа биіктерде ұмтылу – біздің буынның бағыты болуы тиіс. Еліміздің рухы күннен – күнге көтеріліп келеді. Жалпы біз үшін тәуелсіздік – Ту, тәуелсіздік — ауа, жер — су, тәуелсіздік ел дәулеті болып табылады Тәуелсіздіктің арқасында елдігімізге құт қонып, ырыс үйіріліп, ортаға үлкен сыбаға түсіп тұр.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев бұл күннің шын бағасын: «Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек. Әрбір азамат Қазақстанның туын, елтаңбасын, әнұранын тұмардай қасиет тұтуы қажет. Елдігіміздің сыналатын бір тұсы осы» [7,34] деп берді. Ендігі тілек – бақыттың бағасына жетіп, қалтқысыз адал қызмет қылу. Білім алу, еңбек ету, қоғамға пайдалы іс жасау. Ал осының барлығы бүліктен ада бірліктің, тыныштық пен татулықтың арқасында атқарылмақ. Еліміз қалай болғанда да сан ғасырлық қиын қыстау жолдан, тар жол тайғақ кешуден өтіп, тәуелсіз елдер қауымдастығына қосылды. Отанымыз, Қазақстан, туралы айтарымыз да, мақтанарымыз да көп.
Тәуелсіздік – ең алдымен Қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні — ең қастерлі күн. Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды. Елбасының «Қазақстанның тәуелсіздігі қазақтарға тартқан тағдырдың сыйы емес, өзінің ежелгі жерінде қилы кезеңді бастан кешу арқылы қол жеткен өз мемлекеттілігін құруға деген заңды, бұл даусыз фактіге ешкім күмән келтірмеуі тиіс», [7,78]- деп атап көрсетуіне үлкен мағына жатыр. Ақиық ұлы ақынымыз М.Мақатаев:
«Ой — хой, қазақ даласы, не көрмедің?!
Қанша қурап, қаншама көгермедің?!
Қорқыт ата қобызымен боздаттың ғой,
Асанның шерге толы өлеңдерін!
Ой — хой, қазақ даласы, не көрмедің?!»- [8,290] деп жырлағандай, халқымыз қазақ болып, ұлт болып қалыптасуы жолында да, одан кейінгі кезеңдерде де, талай қиямет — қайым күндерді де, талай қилы замандарды, кескілескен шапқыншылықтарды да бастан өткерді.
Білектің күшімен, найзаның ұшымен, соңғы демі қалғанша туған жерімізді қорғап, бізге аманат етіп қалдырған ұлы даланың ұлы кемеңгерлерінің арқасында бақытты өмір кешудеміз.
Н. Ә. Назарбаев: «Алдымызда асу — асу белдер бар, ұлт жолында ұйтқи соққан желдер бар. Бел де талар, жел де беттен қағар. Бәріне төзу керек, бәріне көну керек, жас ұрпақ!»- деп айтқандай, біздер, жас ұрпақ, тәуелсіздігіміздің баянды болуы үшін жауапты екенімізді аға ұрпақ зор сенім артып отырғанын түсінуіміз керек. Бүгінгі партада отырған оқушы – ертеңгі азамат, ел патриоты. Сол азаматтардың ең бірінші міндеті – өзінің тәуелсіз елдің өркені екенін ұмытпау, екінші міндеті – сол елдің іргетасының берік болуына үлес қосу, тәуелсіз елдің патриоты екенін дәлелдеу.
Қорыта айтар болсақ, сонау қазақ хандығынан бастап берісі егеменді елдің іргесіне дейінгі көшті жалғастырып келе жатқан, атадан тараған ұрпақтың парызы осы тәуелсіздік тұғырын биік ұстап сақтау. Жәнібек пен Керей ханның керген керегесін бекем көтеріп, Отанды қастерлеп өту әрбір ұрпақтың міндеті. Қазақта «Отансыз адам ормансыз бұлбұл» деген сөз бар. Орманы жоқ құстың ұясы да, қонар бұтағы да жоқ. Дәл сол секілді тірлік кешу ортасы жоқ ұлттың өмір сүруі мүмкін емес. Тәуелсіздік ащы термен келген тәтті жеңіс. Төгілген қанның, өлмеген жігердің отымен келген ұлы күн екенін есімізден шығармауымыз қажет.
Жоғарыда атап өткен тәуелсіздік жеңістері мен мұраты қашанда әрбір қазақ үшін маңызды болмақ. Биыл қастерлі Тәуелсіздігімізге 30 жыл толады. Бұл –қайта жаңғырған қазақ мемлекеттігінің, ата-бабаларымыз аңсаған азаттығыныңүлкен жемісі болар маңызды белес. Тарих тұрғысынан алғанда, отыз жыл – тез өте шығатын уақыт. Дегенмен, бұл қазақ халқы үшін қиындығы мен қуанышы, дағдарысы мен дамуы алмасқан, рухани мұрасын қайта жаңғыртқан, жарқын болашақ үшін үздіксіз ілгері жылжыған тұтас дәуір десек болады. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында Тәуелсіздіктің отыз жылын шартты түрде үш он жылдыққа бөліп қарастырады.
Бірінші онжылдықты Қазақстанның іргетасын қалау кезеңі деп атап, ұлттық мемлекеттілік нышандары қалыптасып, қазақты қазақ басқарған билік жүйесі өмірге келді. Ұлттық валютамыз айналымға еніп, Қарулы Күштеріміз құрылды. Ата заңымыз қабылданып, шетелдермен дипломатиялық қатынас орнатылды. Еліміз беделді халықаралық ұйымдарға мүше болып, әлемдік аренада өзіне тиесілі мінберге ие бола бастады. Түрлі стратегиялық реформалар қабылдай отырып, ел экономикасы мен ішкі байланыстарды күшейте түстік. Алғашқы онжылдықта жүзеге асырылған істердің барлығы болашақты болжай отырып, бағдарланған сенімді жоспарлар болды.
Ал екінші онжылдық – Қазақ елінің керегесін кеңейту кезеңі. Осы жылдарда мемлекетіміздің тұғыры нығайып, экономикалық әлеуетіміз арта түсті. Құрлықтағы барлық шекарамызды айқындап, заң жүзінде бекіттік. «Мәдени мұра» бағдарламасын жүзеге асырып, тарихымызды түгендедік. Қазақстандағы түрлі экологиялық мәселелерді шешу жұмыстары қарқынды қолға алынды.
Үшінші онжылдықта шаңырағымыз биіктеп, өсіп-өркендеп, мерейлі мемлекетке айналдық. Шекара мәселесін нақты шештік. «Қазақстан – 2050» стратегиясын қабылдап, озық дамыған отыз елдің қатарына қосылуды межеледік. Әр бағыт бойынша «Үдемелі индустриялық-инновациялық даму», «Нұрлы жол», «100 нақты қадам» сияқты маңызды бағдарламалар жүзеге асты.[1. 18-б].
«Отыз жыл ішінде егемендік бізге не берді?» деген сауалға Тәуелсіз Қазақстанда туып өскен бақытты ұрпақ ретінде жауап беріп көрейік:
Біз, Тәуелсіз Қазақстанның бақытты ұрпағы, өзіміздің тарихымызды, ата -бабамыз салып кеткен сара жолды, беріп кеткен өнегені, рухани мұра мен ұлттық дәстүрді жасқанбай ұстанып, зерттеуге, оқуға, тануға, насихаттауға мүмкіндік алған ұрпақпыз. Яғни Тәуелсіздік бізге ең біріншіден, қазақ болып қалыптасып, қазақтықты дәріптеуге, дамытуға, «қазақпын» деген сөзді абыроймен айтуға мүмкіндік берді.
Екіншіден, өткенге қайта оралып, айтылмаған шындық пен ақтарылмаған ақиқатқа мән беруге, ескерілмей жатқан құндылықтар жайында ойымызды ашық айтып, шыншылдық пен еркін ойлауға жол ашылды.
Үшіншіден, жақсы материалдық жағдайда өмір сүре отырып, өзімізді дамытуға, яғни таңдау құқығына ие болдық. Тұлға ретінде толықтай қалыптасып, жан жүрегіміз қалаған маман иесі болып, біліктілігімізге сай білім алуға зор мүмкіндік туды.
Төртіншіден, бейбіт заманда еркін күліп-ойнауға, әлем көріп, ел аралауға, салыстырмалы тұрғыдан сыни ойлай білуге қалыптастық. Бұл да өз кезегінде бейбіт күннің, еркіндіктің беріп отырған жемісі.
Бесіншіден, ұлттық болмысымызды жаңғырту үшін, ұлттық рухты жаңғыртуға, өзіміздің артымыздан ерген бауырларымызға бағыт-бағдар көрсетуге де мүмкіндік бар. Сонымен қатар, еліміздің түрлі саяси істеріне, экономикалық әл-қуатына қатысты ойымызды білдіріп, қызығушылық танытуға да құқылы болып отырмыз. Яғни Қазақстанның демократиялы қырларын жаңғыртуға да өз үлесімізді қоса аламыз. Бұл әсіресе, соңғы уақыттарда белең алып келе жатқан «еркін ойлай білу» мүмкіндігі.
Тәуелсіз Қазақстан біздің бақытты ұрпақ атануымыздың себепшісі. Сонау заманнан бері даланың еркесі болып өскен түркі халықтарының ұрпағы, бүгінде сол қасиетті даланың иесі болып отыр. Бұл еркіндікке қаншама батырлардың, ұлт зиялыларының, ақылгөй данышпандардың ұшан теңіз еңбегі мен ақыл парасаты, өмірлерінің құны арқылы келіп отыр. Осыны ұмытпайтын болсақ, бізде сол ата-баба көрсетіп кеткен қайсарлық пен шыншылдық жолынан таймасымыз анық. Ал бүгінде қайсарлық таныту үшін терең білім, шыншылдық таныту үшін асқан адамгершілік пен тәрбие керек. «Ақыл мен жүректі тең ұстай білетін» ұрпақ болсақ, «Тәуелсіздік» атты жеңісіміз баянды да мәнді болмақ.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Болатбек Т. Ұлттық идея-тәуелсіздік тұғыры.Әлеуметтік-философиялық талдау. – Алматы: Алматы баспа үйі,2011. – 240бет.
2. Бәкір Ә.К. Тәуелсіздік тағдыры. – Астана:Сарыарқа БҰ, 2009. –356бет.

3. Қасым-Жомарт Тоқаев. Тәуелсіздік бәрінен қымбат /Қасым-Жомарт Тоқаев //ЕгеменҚазақстан.–2021 ж. — №1. – 20 б.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *