Зияткерлік меншік

Зияткерлі меншік – азаматтық мүліктік құқықтар нысаны‚ жеке немесе ұжымдық зияткерлік еңбектің нәтижелеріне айрықша меншік. Зияткерлік меншік – материалдық емес игілікке жатады. Ол біреудің меншігіне берілмейді және тек құқық иесінің келісімімен ғана пайдаланылады.

Заңдарда белгіленген тәртіппен рәсімделген және материалдық тұлғаға көшірілген зияткерлік меншік нысандарының бәрі нарықтық тауар айналымында пайдаланылады және материалдық емес құндылықтар түрінде есепке алынады. Материалдық емес құндылықтар туралы мәмілелер нәтижесінде алынған табысқа жалпы белгіленген тәртіппен салық салынады.

Зияткерлік меншік құқығы біреудің меншігіне берілмейді және тек құқық иесінің келісімімен ғана пайдаланылады.

Заңдарда белгіленген тәртіппен рәсімделген және материалдық тұлғаға көшірілген зияткерлік меншік нысандарының бәрі нарықтық тауар айналымында пайдаланылады және материалдық емес құндылықтар түрінде есепке алынады. Материалдық емес құндылықтар туралы мәмілелер нәтижесінде алынған табысқа жалпы белгіленген тәртіппен салық салынады.

Зияткерлік меншік — зияткерлік шығармашылық қызметтің нәтижесі және оған теңестірілген заңды тұлғаларды, жеке және заңды тұлғалардың өнімдерін, олармен орындалатын жұмыстар мен қызметтерді (фирмалық атаулар, тауарлық белгі, қызмет көрсету белгісі және т.б.) дараландыру құралдары. Зияткерлік меншіктің объектісі авторлық құқық пен өнеркәсіптік меншік болып табылады.

Зияткерлік меншіктің басты сипаттамасы меншікті пайдаланудың жеке құқықтарын тек зияткерлік меншіктің иесі, яғни автор ғана шамалай алуында, сонымен қатар, оның рұқсатынсыз зияткерлік меншікті ешқандай бөгде адам пайдалана алмауында.

Зияткерлік меншік нысандары келесі түрлерге бөлінеді: әдебиет, өнер туындылары мен ғылыми еңбектер; фонограммалар жасау, орындаушылық және радиобағдарламасын жүргізу; адам іс-әрекетінің барлық салалары бойынша өнертабыстар; ғылыми жаңалықтар; өнеркәсіп үлгілері; тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері және коммерциялық атаулар мен белгілеулер; жосықсыз бәсекелестіктің алдын кесу шаралары.

 

Зияткерлік меншік:

— авторлық құқық;
— патенттік құқық;
— дараландыру құралдарын;
— зияткерлік меншіктің дәстүрлі емес нысандарын (интегралдық микросхемалар топологиясы, селекциялық жетістіктер, коммерциялық құпия, өндіріс құпиялары (ноу-хау) және т.б. қамтиды.

 

          Зияткерлік меншікті басқарудың негізгі қағидаттары

 

Зияткерлік меншікті басқару бірнеше компоненттерді қамтиды.

1.Басқару объектісі — зияткерлік меншік объектісі, яғни құқықтық қорғау, оның ішінде өнертабыс, пайдалы модель, өнеркәсіптік үлгі, өндіріс құпиясы, компьютерлік бағдарлама, ғылыми жұмыс немесе тауарлық белгі ұсынылуы мүмкін зияткерлік қызметтің нәтижесі.

2.Басқару субъектісі — зияткерлік қызмет нәтижесіне құқықтары бар немесе осындай құқықтарды иемденуге ниет білдірген ұйым немесе жеке тұлға.

3.Басқару әдістемесі — белгілі бір заңдар, нормалар, ережелер, зияткерлік меншікті басқару әдістері мен әдістерінің жиынтығы.

Зияткерлік меншікті басқару — бұл күрделі көп сатылы процесс, оны зияткерлік меншік объектісінің өмірлік циклімен байланыстыруға болады. Бұл оның өмір сүруінің дәйекті кезеңдерінің жиынтығы.

Зияткерлік меншік объектісінің өмірлік циклі құқықтық қорғауды құру, алу, коммерцияландыру кезеңдерін және басқа да маңызды емес кезеңдерді қамтиды.

Басқару зияткерлік меншік объектісінің өмірлік циклінің барлық кезеңдерінде, оны құру идеясының пайда болуынан бастап, мерзімінің аяқталуына дейін жүргізілуі керек.

Зияткерлік меншікті басқару процесі белгілі бір зияткерлік меншік объектісінің өмірлік циклінің кезеңіне сәйкес келуі керек. Бұл жалпы ережелермен қатар, әр кезеңнің зияткерлік меншікті басқарудың өзіндік рәсімдері бар екенін білдіреді.

 

Автор: Дәріғұлов Алшынбай, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің 1-курс магистранты

Жетекші: Жанатаев Данат, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің доценті, философия ғылымдарының кандидаты

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *