ТАЛҒАР ӨЗЕНІ МЕН ОНЫҢ ТОҒАНДАРЫНДАҒЫ ХАРА БАЛДЫРЛАРЫНЫҢ ТҮРЛІК ҚҰРАМЫ

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың доценті, философия ғылымының кандидаты Жанатаев Д.Ж.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ магистранты Аблай А.П.

Қазақстан ішкі және еларалық су қоймаларына бай ел болып табылады, осы су айдындарының көпшілігінде хара балдырларының қазіргі жай-күйі мен түрлік құрамына зерттеулер толық жүргізілмеген. Бұл мақалада Алматы қаласы маңындағы Іле Алатауынан бастау алатын Туғанбай ауылындағы Талғар өзенінен және одан пайда болған тоғандарға: Тоған -1, Тоған -2, Тоған -3, Тоған -4 тоғандарынан сынамалар алынып, зерттеу жүргізілді.

Экспедиция жұмысы кезінде жоғарыда аталған тоғандардан 15 альгологиялық сынамалар жиналып, формалиннің 4%-дық ерітіндісі мен 96%-дық спиртте фиксацияланды. Материал жинау барысында су айдындарының GPS координаталық нүктелері, судың pH- концентрациясы, судың температурасы өлшеніп журналға жазылды, судың тұнықтылығы Secci дискісімен өлшенді. Материал жинау барысында харофитті балдырлар арнайы қаққыштармен (сачок), тырма көмегімен жиналды. Балдырлар түрлерін анықтауда «МБС-9» бинокуляры және MicroOptix жарық микроскоптары қолданылды.

Балдырлардың түрлік құрамын анықтауда альгологиялық жəне гидроботаникалық əдістер мен халықаралық анықтауыш əдебиет көздері пайдаланылды, ал анықталған балдырларды заманауй систематикалық жүйеге келтіруде «Algaebase (Guiry and Guiry, 2018)» базасы қолданылды жəне харофитті балдырлардың кездесу жиілігін анықтауда 5 баллдық шкалаласы бойынша есептелінді.

Зерттеуге алынған 4 нысанның барлық аймақтарынан жинақталған 15 балдырлар сынамаларына зертханалық сараптау жұмыстары толықтай аяқталды. Зерттеу нәтижесінде Туғанбай ауылы маңындағы өзеннен жинақталған 3 сынаманы зерттей келе бұл өзеннен харофитті балдырлардың 2 түрі анықталды. Талғар өзенінен пайда болған Тоған -1 тоғанынан жинақталған 3 сынаманы зерттей келе бұл көлден харофитті балдырлардың 1 түрі анықталды. Келесі кезекте Тоған -2 тоғанынан алынған 3 сынаманы зерттей келе мұнда харофитті балдырлардан 1 түрі; Ал төртінші нысан Тоған -3 тоғанынан алынған 3 сынаманы зерттей келе мұнда хара балдырларының 2 түрі бар екендігі анықталды. Тоған -4 тоғанынан алынған 3 сынаманы зерттей келе мұнда хара балдырының 2 түр анықталды. Сонымен 5 зерттеу нысанынан харофитті балдырлардың 4 түрі анықталды.

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1)         Bolognesi, C., Perrone, E., Roggiere, P., Pampanin, D.M., Sciutto, A. Assessment of micronuclei induction in peripheral erythrocytes of [U+FB01]sh exposed to xenobiotics under controlled conditions // Aquat. Toxicol. 2006, 78S:S93–S98.

2)         Obiakor, M.O., Okonkwo, J.C., Nnabude, P.C., Ezeonyejiaku, C.D. Eco-genotoxicology: Micronucleus assat in [U+FB01]sh erythrocytes as in situ aquatic pollution biomarker: A review // J. Anim. Sci. Adv. 2012, 2:123–133.

3)         Al-Sabt, K., Metcalfe, C.D. Fish micronuclei for assessing genotoxicity in water // Mutat. Res. 1995, 343:121–135.

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *