Журналистің кәсіби этикалық қағидалары
Журналист өзінің шығармашылық еңбегін жұмсап, туындысын (шығарма) объективті материалды формада дүниеге әкелген сәттен бастап, ол оған авторлық құқыққа ие. Шығарманың объективті (материалды) формасы деп – шығарманың мазмұнын емес, оның көзге көрінетін жеке меншік құқымен қорғалатын (бірақ авторлық құқықпен емес) материалдық келбетін айтады. Шығарма қағаз бетіне түскеннен кейін оның түпнұсқасы ғана емес, көшірме күйіндегі кез келген данасы да материалдық форма болып саналады. Ал журналға өз мақаласын шығарған тілшінің оған заң бойынша толық авторлық құқы бар. Автор өз авторлық құқын қорғау үшін шығармасының әр данасына өзінің шын аты-жөнін немесе бүркеншік атын қоюына болады. Осылайша, шығарманың барлық санында (данасында, көшірмесінде) автордың есімі қойылып, оның авторлық құқы кімге қарайтыны көрсетіледі.
Автор ретінде мақала шығарған журналиске мүліктік емес құқықтар қарайды – авторлық тану, жариялау құқы, қорғау құқығы. Жеке мүліктік емес авторлық құқықта материалдық мазмұн болмайды. Журналисте авторлық құқықпен бірге өз есіміне де құқығы бар, бірақ ол құқық адамға туған кезден бастап берілетін жалпыазаматтық құқықпен сәйкес келмейді. Автор өз шығармасын қалауына қарай, бүркеншек атпен де және аты-жөнін көрсетпей де шығаруына болады. Автор өз шығармасына кең қауымға таныстыру үшін өз аты-жөнін қоя алады және оны кері шақырып алуға құқы бар. Сонымен, жеке мүліктік емес құқықтарды автордан бөлек қарауға болмайды. Сонымен қатар, «Авторлық құқықты пайдалану принципі» де бар. Бұл дегеніңіз, автордың шығармасы өзінің келісімімен азаматтық таралымға жіберіледі, содан кейін оның көшірмелері қаламақы төлемей-ақ, автордың келісімінсіз еркін таратыла береді. Бірақ міндетті түрде автордың аты-жөні мен қай жерден алынғандығын көрсету керек.
Авторлық шығарманы қалай рәсімдеп, қаламақыны қалай төлейді?
Бас редактор авторлық шартты ұсына отырып, болашақ шығарманы мүліктік құқық ретінде заңдастыруды ұсынады. Себебі, авторлық құқық арқылы басқа адамға автордың мүліктік құқықтары беріле алады. Авторлық құқықты беруді авторлық құқықтың басқа біреуге өтуімен (заң бойынша мұраға қалдырылу, өсиет) шатастырып жүрмеңіз. Кез келген авторлық шарттың мазмұны – мүліктік құқық беру, ал шарттың нысаны – мүліктік авторлық құқықтар болып табылады.
Авторлық шартта шығарманы пайдалану (нақты құқықтар), пайдалану мерзімі және оған төленетін қаламақының көлемі мен төлеу тәртібі көрсетілуі керек. «Нақты» деген сөз заңда екі жақ шарт бойынша берілетін құқықтың көлемін нақты көрсету үшін қолданылады. Ал шарт бойынша авторлықтың құқықтық берілетін уақыты елеулі өзгеріп тұруы мүмкін. Сонымен бірге шартта қаламақының көлемі табысқа шаққандағы пайызбен немесе белгіленген сомада көрсетілуі мүмкін. Авторлық шарт жазбаша түрде жасалады, алайда шығармаларды мерзімді баспасөзде пайдалану туралы шарт ауызша да жасала береді. Егер шарт ауызша жасалса, онда автор өз шығармасын бір рет қана пайдалануға құқық берді деп санау керек. Жазбаша шартта болашақ шығармаға төленетін сыйақының көлемі, аванс және олар қашан төленеді, т.б. кіргізген жөн. Сондай-ақ, автор тапсырыс берушінің алдында өз міндеттемесін бұзған жағдайда қандай жауапкершілік болатынын да қарастырғаны дұрыс.
Бірігіп жазған шығармаға журналистердің құқы қандай?
Бірлескен авторлық шығарма – екі не одан да көп адамның бірлесіп дайындауы. Алайда бірлескен авторлықты процеске емес, нәтижеге қарап бағалайды. Маңыздысы – қанша адам жазғанында емес, шығармашылық еңбекке қайсысы және қаншалықты көп қатынасқанында. Егер адам шығармадағы идеяларды, айғақтар мен әдістемелерді өңдеумен ғана айналысса, онда ол адам шығарманың авторы немесе бірлескен авторы бола алмайды. Себебі ҚР «Авторлық және аралас құқықтар туралы» заңының 6-бабы 4-тармағында: авторлық құқық идеяға, концепцияға, принциптер мен әдістемелерге, жүйеге, процеске, айғақтар мен жаңалықтардың өздеріне тарамайды деп көрсетілген.
Әдетте, бірлескен авторлар бір жерде және бір мезгілде жұмыс істейді, алайда олар әр жерде жұмыс істеуі де мүмкін, бірақ бәрібір олардың бірлесіп жасаған шығармалары бірлескен авторлық дүние болып танылады. Бірлескен авторлықтың екі түрі бар: ол бүтін бір шығарма болуы да мүмкін және әр автордың бөлек бөлімдерінен тұратын шығарма болуы да ықтимал. Бірінші жағдайда бірлескен авторлық бөлінбейді, ал екіншісінде бөлек қаралады. Бөлінетін бірлескен авторлық – келісіммен жүзеге асады. Бұл жағдайда әр автор шығарманың өз бөлігін өз қарауынша пайдалана алады. Бірлескен шығарманы бірлескен авторлар өз қалауларынша пайдаланады. Ондай келісім ауызша да, жазбаша да жасалуы мүмкін. Келісім жоқ болса, онда оған сіңірген еңбек тең саналады. Дау туған жағдайды, сот бір автордың қарсылығына қарамастан, оны пайдалануға рұқсат бере алады. Шығарма жарияланғанда авторлар өз аттарын қалай қоюды өз ара келіседі, егер ондай келісімге қол жеткізе алмаса, онда авторлардың есімдері алфавит бойынша қойылады.
Авторлық құқық пен журналистік құпияның ара қатынасы қандай болуы керек?
Журналистің өз шығармаларына авторлық құқы бар. Ол өзінің осы құқығын толық пайдалана алады және оны басқаларының да – бұл жерде редакцияның сыйлауын талап етуіне болады. Автордың басты құқықтарының бірі – шығарманың авторы болып танылуы және өз атының аталуы. Заң мұндай жағдайларға орай үш әдісті қарастырған: өзінің шын атымен, бүркеншік атпен(псевдоним) және атын қомай-ақ(анонимно) шығару. Осы үш жағдайда да жеке мүліктік емес құқықтар тек авторға қарайды және шығармасын қай атпен(өзінің бүркеншік атпен немесе ат қоймай) шығару-ды ол өзі ғана шешеді. Және өткір тақырыпқа қатысты материал шығып жатқанда, жалған ақпаратқа жол берілсе, журналиспен бірге газет редакциясы да жауапқа тартылады.
Жайырова Нұрила
Тұран университеті 3 курс
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718