19-20 жас аралығындағы студенттердің ағылшын тілін оқудағы проблемасы
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Қарағанды мемлекеттік Е.А.Букетов атындағы университеті
Шетел тілдер факультеті
Тақырып:«19-20 жас аралығындағы студенттердің ағылшын тілің үйренудегі
басты проблемасы» (1 қараша 2021 ж.)
Қарағанды 2021ж.
2
« 19-20 жас аралығындағы студенттердің ағылшын тілін оқудағы
проблемасы»
Болат М.Б., Берік Ж.А.,Дәулетбек Е.,, Русланұлы Б.,,Бахраева А. 1
Аннотация:«19-20жас аралығындағы студенттерде ағылшын тілін меңгеру»-басты
проблема болып ортаға салынды. Қазіргі жағдайда бұл проблемамен күресудің
таптырмас методтары мен эффектері бар екеніне көз жеткізілді және де эксперимент
жүргізу барысында қолданылды. Таңдалған білім алушылармен сұхбат барысында
тұңғиық мәселелермен,әр студенттің артықшылықтарына көз жүргізу барысында,
анықталған жағдайларға байланысты атақты психологтар мен мақалалар жұмыстарына
сүйене отырып,проблемалардың шешілу жолдары қарастырылды.
Кілт сөздер:Ағылшын тілі,Тілдік проблема, психологтар,эффектер, методтар
сұхбаттар.
Кіріспе:«19-20 жас аралағындағы шетел тілі мамандығының, студенттердің
ағылшын тілін оқудағы басты проблемасы» бұл тақырыптың өзара талқыға түскеннен
бастап психологиялық,педагогикалық тұрғыдада, барлық салалармен жан-жақты қарым
қатынаста жұмыс жасауға итермеледі. Сауалнама жауабына сүйене отырып, 2 актуалды
проблема көтерілді олар: “Сынып алдында сөйлей алмау” және “Оқуға мотивацияның
жетіспеушілігі”. Осы проблемаларды шешу үшін екі эксперимент таңдалды. Біріншісі
сабаққа ынталандыру,мотивацияны ашуға арналған “Хонорский эффект”, ал екіншісі
сынып алдында ашық сөйлеуге көмектесетін “Graded exposure” эксперименті. Осыған
қосымша Американдық оқытушы Дейл Карнегидің “Искусство публичных
выступлений” және Элтон Мэйодің «Человеческие проблемы индустриальной
цивилизация кітаптарынан қолайлы методтарды таңдап студенттерге
ұсындық.Эксперимент кезінде психологиялық,педагогикалық,әлеуметтік,жеке адам
құндылықтарымен кемшіліктерінде ортаға салып,өз ойларын айтқан болатын.
«19-20 жас аралағындағы шетел тілі мамандығының, студенттердің ағылшын тілін
оқудағы басты проблемасы» бұл тақырыптың өзара талқыға түскеннен бастап
психологиялық,педагогикалық тұрғыдада, барлық салалармен жан-жақты қарым
қатынаста жұмыс жасауға итермеледі. Біз алдымен,бұл пролемны анықтау үшін
гипотеза жасадық,бақылаудан өткіздік,студенттер арасында “Гугл-сауалнама”жүргіздік.
Қазіргі уақытта 19-20 жас аралығындағы студенттердің шетел тілдерін үйрену
барысында, кедергі жасайтын бірталай проблемалар туындайды.Осы проблемаларды
айқындау үшін біз студенттер арасында «Гугл-сауалнама» жүргіздік.Сауалнамада
жүргізу барысында келесі суреттегі көрсетілген сұрақтар қойылды:
1 Қарағанды мемлекеттік Е.А.Букетов атындағы университеті шетел тілдер
факультеті,Шет тілі «екі шетел тілі» мамандығының 3-курс
студенті,Қарағанды,Муканова 1 к9
3
Кесте №1. Қиыншылықтар Кесте №2. Іздену жолдары
Кесте №3.Тілдер Кесте №4.Қызығушылықтар
Кесте №5. Шет тілінің ұйымдастырылуы Кесте №6.Сезімдер
4
Өткізілген опростың жауабына қарап маңызды екі проблема айқындалды ,олар «Топ
алдында тақырыпты талқылай алмауы”-60,5%таңдады және «Оқуға мотивацияның
болмауы»-56,5% жинады. Осы актуалды проблемаларды шешу үшін,біздің топ 2
экспериментты таңдап,жұмыс жүргізді.Әр экспериментке 2 студент тандалынды
Бірінші эксперимент «Долана эффектісі-Хотронский эффект”
2
(ағылш. Hawthorne
effect ) – бұл жаңашылдық, экспериментке қызығушылық немесе инновацияға көбірек
көңіл бөлу бұрмаланған, жиі қолайлы нәтижеге әкелетін жағдайлар. Экспериментке
қатысушылар өздерінің тәжірибеге қатысқанын білгендіктен ғана, әдеттегіден басқаша,
ыждағаттылықпен әрекет етеді. Яғни,студенттерге ерекше көңіл бөліну арқылы сабақ
оқуға мотивациясын ашу. Экспермент барысында 2 студент таңдалды,олармен
жұмасына 3 рет зумға шығу арқылы жұмыс жүргізілді. Жұмыс жүргізу барысында
алдымен студенттердің қандай себептер үшін мотивация болмағанын анықтадық және
де оларға қажет методтарды ұсындық. Атақты американдық педагог Дейл Карнегидің
«Искусство публичных 3 выступлений» кітабындағы айтылған методтарды
ұсындық.Олар:
1.Сізді тыңдайтын адамдарға назар аударыңыз. Сізді тыңдайтын адамдарға назар
аударыңыз. Аудитория сіздің сөздеріңізге жауап бермейді деген сезім өзіңізді сенімді
сөйлеуге мәжбүрлеу әрекеттеріңіздің барлығын көрсетпеуі мүмкін. Ең алдымен өзіңізді
тексеріңіз: сіз сөйлеген кезде кімге назар аударасыз – аудитория немесе олардың
тәжірибесі? Өзіңіз үшін болса, бұл сөйлеушінің жаман әдеттерінің бірі, одан құтылу
керек.Көпшілік алдында болса, келесі әрекеттерді орындаңыз. Көздеріңізді бөлмені
айналып өтіп, сізді қызығушылықпен тыңдайтын және сөздеріңізге жауап ретінде бас
изетін бірнеше адамды табыңыз. Осы адамдарға көбірек көңіл бөлген сайын батылдық
артып, сөйлеуге деген сенімділік арта түседі. Өз кезегінде, сенімдірек сөйлеу көбірек
адамдардың назарын аударады. Нәтижесінде, сөзіңіздің ортасында сіз аудиторияның
айтарлықтай бөлігі сізге бас изеп немесе сіздің әрбір сөзіңізді тыңдап жатқанын
байқайсыз. Ал, сиқырлы сияқты, толқу мен белгісіздік жоғалады.
2.Қателік жіберуден қорықпаңыз.
Студент қаншалықты дайын болса да, сахнада қанша уақыт жүрсе де, қателіктер
әркімнің басынан өтеді. Сіз өлімге әкелетін қателіктер жасасаңыз да, ұялмауыңыз керек.
Сөйлеушінің қателері оны өз аудиториясы үшін «адамгершілікті» және «шынайы» етеді.
Бірақ ол өзінің кемшілігі мен табанынан ыңғайсыздана бастағанда, көрермен де
ыңғайсыз сезіне бастайды.
3.Қолыннан келгенше жаттығу.
4.Сөздік қорынызды жетілдірініз
Сөздік қорыңыздағы әрбір сөз үш нәрсені білдіреді: оның мағынасын білесіз; оның басқа
сөздермен тіркесетінін білесің; және сіз оны қалай дұрыс пайдалану керектігін білесіз.
Жаңа сөзді естігенде, ол туралы осы үш нәрсені үйрену үшін не қажет болса, соны
жасаңыз. Егер сіз бұрыннан білетін сөзді естісеңіз, бірақ ол басқа мағынада қолданылса,
бұл сөздік қорыңызды арттырудың тамаша тәсілі. Егер сіз оны қолданудың мағынасын
түсінбесеңіз, сөздікке қарап, мағынасын есте сақтаңыз.
Басында сұхбат кезінде бірден проблеманы шешіп кету өте оңай жұмыс болған жоқ.Әр
адамның сферасы мен қоршаған әлемі әр түрлі болғандықтан мәселені шешуде әртүрлі
талаптарды қажет етті.Сондықтан бір ғана көзқараспен тоқталмай жан-жақты болуға
2 Элтоном Мэйо-«Долана эффектісі-Хотронский эффект»
3 Дейл Карнегидің «Искусство публичных
5
тырыстық.Біздің көмегіміз психологиялық және әлеуметтік,педагогикалық тұрғыда
жүргізілді,өзіміз қолданған методтардан кейін оның өте жоғарғы денгейдегі
нәтижесінен кейін көзіміз жеткіздік.
Элтон Мэйодің «Человеческие проблемы индустриальной цивилизация
кітабында көбінесе адамдардың әлеуметтік тепе-тендігіндегі ақаулар туралы, яғни басқа
адаммен салыстыру барысында мотивацияның төмен түсіп кетуі.Бұл жолмен күресіудің
методтары болды.Олар:
1.Өз мотивациянды басқа хоббилармен көтеру.
2.Мотивация беретін сөздерге жүгіну
3.«Ия, бірақ»деген сұрақтан бас тарту.
4.Энергиясы басым адамдармен жүру.
5.Өмірге деген сүйіспеншілікті арттыру.
6.Қиындық пен мотивацияны көтеретін документалдық фильмдерді көру.
Бұл методтарды студенттерге ұсыну барысында алдымен сенімсіздік байқадық,яғни бұл
методтар қажет эффекті береді ма деген ойлары туындады. 3-4 күннен кейін қайта
сұхбаттасып көргенде, 2 студенттерде әлеуметтік проблема шешілгеннін көрдік және
мотивациялар бұрынғыдан жақсырақ болды. Эксперименттің соңғы күндері өзін
жанжақты дамытуға ат салыса бастағанын көрдік. Десекте сұхбаттасуға өте аз күн
болғандықтан бастамасы үшін жаман нәтиже бермеді. 2 студенттін ісәрекетіне
қарастыру әрі-қарай қарастырыла береді.Бірақ бұл қолданған әдебиеттер өз нәтижесін
көрсетті.
Екінші экспериментке есеп
Бұл экспериментте студентердегі айтылым барысында қорқыныш, алаңдаушылық,
мазасыздық сезімдерін біртіндеп төмендету үшін «Graded exposure» психологиялық
техникасы қолданылды. Экспериментке 3курс студенті қатысты. Жалпы студентті
сырттай бақылау барысында ағылшынша айтылым қабілетіне келгенде өзіне деген
сенімсіздік, қобалжу сезімдері байқалды. Біз студентпен әңгімелесе отырып айтылым
барысында мазасыдық тудырытан түрлі жағдайды анықтап, күрделілігіне қарай
иерархия құрдық. Иераархияның ең төменгі сатысынан бастап бірге жұмыс жасадық.
Эксперимен нәтижесі бойынша студентте мазасыздық деңгейі әлдеқайда төмендеді.
Ең алдымен студенттер арасында «Шетел тілін үйренудегі қиыншылықтар»
салаунамасы жүргізілді. Нәтижесінде ең жиі кездесетін проблема-айтылым барысында
сенімсіздік, қобалжу сезімдерін сезіну. Кейін бұл сенімсіздік қайдан пайда болғанын
анықтадық:
• Олар интеллектуалдық қабілеттеріне сенімсіз;
• Мектеп кезінде тәжірбиелі мұғалімнің немесе қосымша курстарға қатысу
мүмкіндігінің болмауы;
• Топ арасында доминант студенттердің болуы; осындай себептерден пйда
болғанын анықтадық.
Келесі кезекте осы проблеманы шешу жолдарын қарастырдық. Шешім ретінде
психология, терапияда қолданылатын «Graded exposure»техникасын таңдадық.
Бұл техника фобиясы бар адамдарға, белгілі бір зат бойынша мазасыздық, қорқыныш
сезімін жеңуге көмектеседі. Бұған қорқынышты жағдайларды немесе осы сезімдерді
6
тудыратын обьектілерді анықтау арқылы және оларға біртіндеп әсер ету арқылы қол
жеткізеді. Адамдар белгілі бір жағдайда қорқыныш, алаңдаушылық сезімдерін
сезінгенде, бірден ол жағдайдан қашу жолын іздейді, жағдайдан алыс кетіп қалады. Бұл
тек қысқа мерзімде алаңдаушылық мерзімін төмендетеді. Бірақ келесі рет осы
жағдаймен бетпе бет кездескенде алаңдаушылық деңгейі қайттан көтеріледі.(1сурет)
Сондықтанда қорқынышпен бетпе бет қарсы алу керек, әрекет жасау керек.
Физиологиялық тұрғыдан алғанда алаңдаушылық деңгейі ұзақ уақыт бойы жоғары
деңгейде тұра бермейді, егер осы алаңдататын жағдайды бетпе бет қарсы алсақ онда
алаңдаушылық деңгейі біртіндеп төмендейді. Бұны «әдеттену процесі» дейміз.
Сурет 1. Алаңдаушылық деңгейі
Сурет 2.Алаңдаушылық деңгейі біртіндеп төмендейді
Осы психологиялық техника 3 кезеңнен тұрады:
1. Мазасыздық тудыратын жағдайларды анықтау. (кем дегенде 10 жағдай) Әрбір
жағдайды қалай, қайда, неден, кіммен болатынын анық, толық жазу.
2. Иерархияны құр. Жағдайларды мазасыздану деңгейіне қарай бағалау.
(0-100% бөлеміз) Алдымен ең оңай және ең қиын жағдайды табу керек, кейн солардың
арасындағы жағдайларды толтырасыз.
3. Әрбір жағдаймен әрекет етуді жоспарлау.
Жазған жағдайлармен жеке бетпе бет қарсы аламыз. Қорқынышпен бетпе бет келу қиын
әрі ауыр сынақ болуы мүмкін, сондықтан ең төменінен әрекет ету керек. Осылайша сіз
өзіңізді сенімді сезінген кезде ғана иерархияны жоғары қарай жылжыта аламыз.
7
Эксперимент барысы
1күн. Біз техниканың бірінші кезеңі бойынша мазасыздық тудыратын түрлі
жағдайларды анықтадық:
1. Сөйлеу барысында сөздік қордың жетпей қалуы
2. Сөйлеу барысында сөйлемдерімдегі грамматикалық құрылымды
шатастырып алу
3. Егер менің тақырыбым аудиторияға, топқа қызықты болмаса
4. Айтылым барысында таныс емес сөздер, тақырып түссе алаңдай
бастаймын
5. Егер топта доминанттар болса
6. Үлкен аудиторияда сөйлеу
7. Жоспардан тыс сұрақтар беріліп қалғанда
8. Айтып жатқан сөздерім тақырыптан ауып кетеме деп
9. Мұғалім немесе басқа студенттер сөзімді бөлсе
10. Өз тобым алдына шығып сөйлеу
Кесте №1. Жағдайлар
2 күн. Екінші кезең бойынша жағдайларды мазасыздану деңгейіне қарай бөліп, иерархия
құрдық:
сөздік
қордың
жетіспеуі
грамматикалы
қ құрылым
бойынша
қателіктер
жіберу
таныс емес сөздер,
тақырып болса
мұғалім, студенттер сөз
бөлсе
үлкенн аудиторияда сөйлеу
тақырыптан ауқып кету
жоспарсыз сұрақ қою
егер топта доминанттар болса
егер меніғ тақырыбым тыңдаушыларға қызық емес болса
өз топ алдында сөйлеу
8
3 күн. Жағдайлармен бетпе бет жұмыс істеуді бастадық. Әр жағдайда студент өз бетімен
жұмыс жасады. Мен сол жағдайларға байланысты кеңістер беріп, не істеу керек
екендігі туралы талқыладық.
Бүгін біз «егер менің тақырыбым қызықсыз болса» жағдайын талқыладық.
Егер спикер көңілсіз, басы төмен салбырап, екі көзі жерде болса, даусы ақырын,
монотонды түрде тақырып айтса әрине бұл тыңдаушыларға қызықсыз болады.
Сондықтанда бұл жерде еш алаңдаудың керегі жоқ. Тек қандай тақырып болмасын
әрқашан ақжарқын көңілді күйде, қатты, сенімді дауыспен, арқаңызды жазып сонымен
қатар сөйлеу барысында екі қолыңызбен қимыл қосыңыз сонда тыңдаушыларды көңілін
өзіңізге аударып, тақырыбыңызда қызық болады.
4күн. «Айтылым барысында таныс емес сөздер, тақырып түссе алаңдай бастаймын»,
«Жоспардан тыс сұрақтар беріліп қалғанда» бұндай жағдайларда еш алаңдаудың керегі
жоқ себебі ағылшын тілі өз ана тілің болмағандықтан сенде әрқашан саған таныс емес
сөздер, тақырыптар немесе тақырыпты дұрыс түсінбей қалуың мүмкін. Таныс емес
сөздер түссе мұғалімдер саған түсіністікпен қарайды. Сондықтан да «Sorry I didn’t quite
get it. Can you repeat it again?» деп сұрай аласың.
5Күн. «Үлкен аудиторияда сөйлеу»
Жалпы әлем бойынша адамдардың пайызы таныс емес үлкен аудиторияға шығып
сөйлеуден қорқады. Әр адам үшін таныс емес аидиторияға шығу қиын. Бұл жерде
берілеьін кеңестер
Ең тиімділерінің бірі – фокустың өзгеруі.
Алдағы қойылым туралы ойлаған кезде, сіз үшін ең қорқынышты эпизодтарды үнемі
басыңызда айналдырасыз: «Мен сөздерді ұмытамын», «Мен ашпаймын. презентация»,
«Мен бәрін араластырамын, мен сүрінемін». Бірақ көпшілік алдында сөйлеуді жақсы
жақтарын ойлап көріңізші Оларды не қызықты? Назар, энергия, жаңа таныстар?
Осылардың қайсысы сізді ынталандыратынын қарастырыңыз. Өзіңізді қорқыныштан
алшақтатып, топ алдында сөйлеудің қаншалықты керемет екеніне, бұл адамдарға
бірдеңе айтудың сирек мүмкіндігі екеніне және егер сізге бұл берілген болса, онда сіз
оған лайықсыз, сіздің біліміңіз бағаланады және сіздің пікіріңіз құрметтелетініне назар
аударуға тырысыңыз.
Дайындалуға көбірек уақыт бөліңіз
Тақырыппен айналысыңыз: қосымша әдебиеттерді оқыңыз, бейнелерді
қараңыз,Тәжірибе көрсеткендей, адам қызығушылық танытса, құмар боладыжәне жақсы
тақырыппен таныс болса, онда ол бұл туралы барлығына – әріптестерінен бастап отбасы
мүшелеріне дейін айтуға табиғи ынтасы бар болады. Сөйлеу тақырыбына сәйкес келуге
тырысыңыз, таңғажайып фактілерді табыңыз, тақырыпқа күтпеген тәсілді ойлап
табыңыз, сонда сіздің тақырыпты сенімді де қызық жеткізесіз.
Сізден адамдар ораторлық шеберлігіңізді күтпейді. Сіздің мақсатыңыз – өз ойыңызды
жеткізу және сонымен бірге сіз үшін қызықты тақырыппен бөлісу.
6-күн. «Сөйлеу барысында сөйлемдерімдегі грамматикалық құрылымды шатастырып
алу», «сөздік қордың жетіспеуі»
Осы жағдайға мен студентке A.J. Hoge «Effortless English Rule» деген видеоларын
көруге кеңес бердім. Бұл жерде автор студенттерге қалай ағылшын тілін қалай еш
қиындықсыз үйренуі туралы пайдалы кеңестер береді. Жалпы 7 түрлі видеода әр түрлі
қабілеттер арналған кеңестер бар. Мысалы грамматикалық құрылымға келсек – «…
студенттер ағылшынша сөйлегенде әрқашан миында грамматика қалай болады деп көп
9
ойлайды, солай бүкіл сөйлемді құртады. Мысалға біз өз ана тілімізде сөйлесек
ешқашан грамматикаға назар аудармаймыз ғой, сөз өзі автоматты түрде шыға береді.
Сондықтан грамматикаға назар аударғанды қою керек, тек жазбаша жазғанда ғана назар
аудару керек…» Ал сөздік қорға келсек- «… жаңа сөздердң жаттарда ешқашан жалғыз
сөз жаттама. Сөз тіркестерімен немесе толық сөйлеммен жатта. Себебі сөйлеу
барысында екі сөздің басын косуға оңай әрі сөздік қорың көбейеді…» exposure
Date &
Time
Dura
tion
e x p o
s
u r
e
Anxiety
Rating
Comments
Bef
ore
Duri
ng
Aft
er
Бірінші
күн
15
мин
«егер менің тақырыбым
қызықсыз болса»
20% 0% 0% Тақырыбымды сенімді, көңілді
күйде бастағанда және жест
қосқанда тыңдаушылардың көбісі
назарын маған аударды
Екінші
күн
10
мин
«Айтылым барысында таныс
емес сөздер, тақырып түссе
алаңдай бастаймын»,
«Жоспардан тыс сұрақтар
беріліп қалғанда»
50% 40% 0% Енді тақырып не сөз түсініксіз,
таныс емес болса еш алаңдамаймын.
Мұғалімнен ашық түрде сұраймын.
Үшінші
күн
20
мин
«Үлкен аудиторияда сөйлеу» 60% Алған кеңестер өте пайдалы болды
және үлкен аудиторияда шығуға
деген сенімділігімді арттырды
Төртінш і
күн
1
сағат
«Сөйлеу барысында
сөйлемдерімдегі
грамматикалық құрылымды
шатастырып
алу»
90% 50% 20% Берілген автордың барлық
видеоларын көріп шықтым, өте
пайдалы кеңестерді алдым, осы
кеңестер бойынша жұмыс жасап
бастадым. Сөйлеу барысында
грамматика бойынша алаңдауды
қойдым, соның ар,асында бүкіл
назарым айтып жатқан сөзіме
аударылды.
Төртінш і
күн
1
сағат
«сөздік қордың жетіспеуі» 100% 50% 20% Сөз тіркестерін, сөйлемдерді
жаттаудың көмегі өте үлкен болды.
Сөздік өорым көбейіп, сөз арасында
жаттаған сөздерімді қосып жүрмін.
10
Қортынды:
Өте жоғарғы деңгейде өршіп тұрған проблемеларды алып эксперименнтерімізді
өткізгеннен кейін, осындай қортындыға келдік:
Бақылау қортындысы:
1.Гугл-сауалнаманың арқасында, көбтеген студенттердің проблемасымен танысып
алдық.
2.Проблеманы тесттілеу арқылы біліп,статистика жасадық.
3.Статистиканың арқасында экспериментке жол ашылды.
Экперимент қортындысы:
1.Статистикаға жүгініп, шетел тілі мамаңдығының студенттерімен тығыз жұмыс
жасадық.
2.Әр-түрлі методтарға жүгіндік.Проблеманы шешетін кітаптармен жұмыс жасадық.
3.Осы эксперимент барысында бұл проблеманы қалай шешуге болатынын
жобаладық,айттық.
Ұсыныс:
Бұл зерттеуді әрі қарай жалғастырып, нәтижесін одан сайын жақсарты,зерттеу.
11
Әдебиеттер тізімі:
1.Брекенридж Карнеги-«Public speaking».,2009.-102с.
2. Элтон Мэйо-«Человеческие проблемы индустриальный цивилиза- ции».,2011.-
358с.
3.Ларри Кинг-« Как разговаривать с кем угодно, когда угодно, где угодно».,2006.170с.
4.,Иванов, Александр Анатольевич-« Совершенствование английской разговорной речи
на основе аутентичных песенных произведен- ий».,2007.-25с. 5.Диссертация, Бобенко,
Анна Викторовна-« Функционирование комплимента в американском варианте
английского языка».,2009.-38с. 6.Диссертация,Ковтун,Светлана Николаевна-
«Мотивация персонала как функция управления современной организацией».,2011.-
173с.
7.Мария Залесская-«Мне все лень,что делать?».,2018.-10с.
8.Психолог Татьяна Ушакова-«Самоактуализация:как найти себя»., 2014.-25с.
9.Мукешева Т.В.-«Проблемы изучения английского языка как
междунаролного».,2013.-108с.