Менің отбасым

 

Сабақ тақырыбы: Менің отбасым  
Оқу мақсаты: 1.1.1.1 түрлі дереккөздерді зерттей отырып, «отбасы» ұғымын түсіну және мәнін түсіндіру

1.1.1.2 отбасындағы өзге мүшелерге қатысты өзінің  туыстық байланыстар жүйесіндегі орнын анықтау

1.1.6.1 отбасылық мерекелердің бірін сипаттау

1.1.1.3 отбасы мүшелерінің арасындағы қамқор қарым-қатынастың маңызын түсіндіріп, мысалдар келтіру

 

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар: «Отбасы» тақырыбының әлеуметтік мәселелерін қарастыруды, ұлттық дәстүрлер мен мерекелерді суреттеуді «отбасылық дәстүр» суреттерінің  мағынасын түсінуді үйренy;

Оқушылардың басым бөлігі: дағдылы және мереке күндерінің айырмашылығын түсіндіре білу.

Кейбір оқушылар: Алған білімді тәжірибеде қолдана алады.

 
Тірек сөздер: отбасы – cемья – family;

.

Ресурстар: Отбалылық фоталар,түймедақ суреті, киіз үй жабдықтары,қимақағаздар, отбасы суреті бейнеленген плакат (постер), түрлі-түсті қағаз, желім,микрафон
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет 

 

 
Сабақтың басы

 

Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық.

Жарқырап күн ашылды,

Айналаға нұр шашылды.

Қайырлы күн!

Біз балдырған баламыз.

Қайырлы күн!

Сәлемдесіп аламыз.

Мұғалім түсіндірмесі:

  Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш! Шеңбер – сонымен қатар, қай әріпке ұқсайды?

«О» – әріпіне ұқсайды. Ендеше «О» – әрпінен басталатын сөздер айтайық. («Отан», «Отбасы» т.б.)Отан дегеніміз не?Отбасы дегеніміз не?

Отбасы – ең жақын және туыс адамдар. Әр отбасында жақсы қарым-қатынас болу өте маңызды. Отбасы мүшелерін отбасылық дәстүрлер біріктіреді. Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі, өзара сөйлесіп, не болмаса ата – ананың, баланың міндетін атқару ғана емес, береке – бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз.

Өткен сабаққа шолу

Иә, жоқ стратегиясы

–        Мектеп  -білім ордасы.

–        Кітапханашы дәрі береді.

–        Егер көлікпен келе жатсаң, сен жаяу жүргіншісің.

–        Мектепте асхана, кітапхана бар

–        Мектепте шаштараз бар.

–        Әңгімелесу кезінде адамның сөзін бөлуге болмайды.

–        Сабаққа кешігіп келуге болмайды.

 
 

Сабақтың ортасы

 

 

Топтарға бөлу: «Тұрғын және үй» ойын арқылы  «Ана» және «Әке» болып 2 топқа бөлемін. Оқушылар топтасады.

 

Жаңа сабақ.Видеоролик.

Екі топ «Ана» және «Әке» мағынасын ашады.

 

Ширату.

-Балалар, қазір мен сөйлемдер айтамын, егер ол сөйлем дұрыс болса, сендер шапалақтайсыңдар, ал қате болса, аяқтарыңды топылдатасыңдар.

Сенің анаңның анасы саған әпке болады.

Сенің әкеңнің әкесі ата болады.

Сенің әкеңнің ағасы саған іні болады.

Інісі  кіші аға болады.

Әжесі немересінен кіші.

Әкесінің  жасы ұлынан кіші.

Мамасы қызынан үлкен.

Отбасының ең жасы ол-атасы.

Постер құрау. «Отбасы»

«Ана» тобы:Әр түрлі суреттердің арасынан отбасына қатысты емес суреттерді  алып тастау арқылы, ішінен  тек отбасы мүшелеріне қатысты суреттерді тауып, ретімен жабыстырады.

«Әке» тобы: Әр түрлі жазылған сөздердің арасынан отбасына қатысы жоқ сөздерді алып тастау арқылы,ішінен тек отбасы мүшелеріне байланысты сөздерді оқып ,ретімен орналастырады.

 

Кел, талқылайық!             

Суретте кімдер бейнеленген? «Тұсау кесер», «Тілашар», «Шілдехана тойы», «Туған күн», «8 наурыз халықаралық аналар мейрамы» т.б

Бұл адамдарды біріктіретін не?

Отбасы – ең жақын және туыс адамдар. Әр отбасында жақсы қарым-қатынас  болуы өте маңызды. Отбасы мүшелерін

отбасылық дәстүрлер біріктіреді.

  

«Тілашар» дәстүрінің шығу тарихы. Қазақ халқы сөзге шешен, сөз құдыретін қастерлеп келген халық. Сол себептен әр ата-ана «балам шешен болсын, тез сөйлеп кетсін» деген оймен, баланың жылдам сөйлеп кетуін қалайды. Бала жарты жылға жақындағанда, оның ата-анасы құлағына әуендерді қайталап, неше түрлі өлеңдер айтады.  Сәби ең алдымен «апа, ата» дегендей сезіледі. Кейін жаңа сөз айтуға шамасы жеткенде «тілі тез шықсын» деген ниетпен, қазақтың көне ғұрпы бойынша «Тілашар тойын», тілеуін жасайды. Бұл тілашар тілеуге тілек тіленіп, тілеу малы сойылып, ауыл аймақтық қадірлі, шешен, кемеңгер, ұшқыр тілді,  данышпан, сөз ұстасы, адамды арнайы таңдап, «тілашар» тойына шақырады. Тойға келген ақсақал қадірлі адам қойдың сыбағалы басын кесіп, оның тілі «тез шықсын, шешен бол» деп тілді балаға жегізеді. Қойдың ішегімен «баланы буындыру» рәсімін істеп «сөйлейсің бе?» деп үш рет сұрақ қойып, шешесі мен бүлдіршіннен «сөйлейміз» деген серт, уәде алады. Бүлдіршінге қариялар, тойға жиналғандар «Жиреншедей шешен бол, сандуғаштай сайрап кет,  бүлдіршіннің тілі тез ашылсын» деген тілек айтып тарайды.

 

Сергіту сәті

 

«Адасқан әріптер» ойыны.

1.Алдына әріп қосып айтыңдар.

…апа, ….ата, …ана,……аға,

«Жаныма жақын жандар»Таныстыру. «Еркін микрофон» әдісі. Оқушылар «Еркін микрофон» әдісі бойынша сабаққа кері байланысты ауызша айтады.

 

 

 
Сабақтың соңы

 

 

 

 

 

 

 

 

Рефлексия

 «Жүректен жүрекке» Тілек айту.Киіз үйдің әр жабдықтарын алу  арқылы, өз Отбасына деген тілектерін айтып, киіз үйді құрап шығады.

Жақсыларға жақын бол,
Отбасыңмен тату бол,
Ата-анаңның көзі бол,
Сөнбейтұғын нұры бол!- деп сабақты аяқтаймыз.

 

 

«Бағдаршам» әдісі

 
 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *