“Тазалық еліне саяхат”
«Тазалық еліне саяхат»
Мақсаты: балалардың қызығушылығын арттыру. Денсаулықтарын нығайту. Бастаған істерді аяғына дейін орындауды дағдыландыру. Жұптаса, ұжымдаса жұмыс жасауды жаттықтыру. Жолда жүру ережелерін бекіту.
Алдын-ала жұмыс: денсаулық туралы, тазалық туралы әңгімелесу. Мақал-мәтелдер жаттау.
Спорт алаңы әшекейленген. Айналада түрлі-түсті шарлар.
Жүргізуші: Балалар бәріміз тазалық туралы білеміз солай ғой, сөйтсек те қазір біз тазалық туралы айтайықшы. ( балалар жауабы )
– Ал енді, балалар тазалық еліне саяхатқа шықпас бұрын, көзімізді жұмып, шуақ шашқан күннің, лебіз берген желдің, көтеріп тұрған жер Ананың, тыныс берген ауаның, бізге деген жылы шуағын, шапағатын сезінейік.
– Енді жол болсын:
Балалар бірінің артынан бірі поезд болып жүреді. Пш-пш-пу-пу.
Бір шеңбер айналады, бағдаршамға кездеседі.
Бағдаршам:
Менің үш көзім бар :
Бір көзім тұр дейді.
Бір көзім жүр дейді
Бір көзім абайла дейді
Жан-жағыңа қарайла дейді.
Жол болсын, қайда кеттіңдер!
Жүргізуші: иә, бағдаршам біз гигиена еліне саяхатқа шығып барамыз.
Бағдаршам: ондай болсаәлі сендерде уақыт барда мынадай ойын ойнаңдаршы.
Қимыл-қозғалысты ойын: «Түсіне қарай қимыл жаса». Жасыл түсте жүреді, қызыл түсте келіп тоқтайды, сары түсте жан-жағына қарайды. Кезек-кезек көтеріп көңіл көтереді. (көңілді әуенмен)
Бағдаршам: Көп рақмет, енді жол ашық.
Балалар пойызбен әрі қарай жүреді. Тазалық еліне келеді. Балаларға бетперделер (маскаларын тағу).
Су келеді:
Су: Сылдырлайды мөлдір су
Мөлдір суға қолың жу
Жуынсаң, сен әрдайым
Аппақ бетің, маңдайың,
Тазалықтың досы,
Су деген мен осы.
– Амансыңдар ма достарым гигиена еліне хош келіпсіңдер. Ал, кіші достарым сендерге сөз берейік, өздеріңді таныстырыңдаршы!
Сабын: (Сабын мен ————-)
Дос бол сабын сумен сен
Жиі қолды жуғын сен
Таңертең де, кешке де
Жуғын күндіз, түсте сен.
Орамал:
Ақ матадай түгі бар,
Қызыл-жасыл гүлі бар.
Жұмсақтығы мамықтай
Сүртінесің жалықпай.
Тазалықтың досы –
Сүлгі деген осы.
Тарақ:
Аузы жоқ, көзі жоқ,
Тілі жоқ, сөзі жоқ,
Бірақта тісі бар –
Басыңмен ісі бар.
Су:
– Балалар енді бір ойын ойнайық. «Жаңбыр мен қолшатыр».
– Ал, балалар сендер табиғат, су туралы мақалдар, жұмбақтар білесіңдер ме?
Даян:
Табиғатты сүю парыз
Сүю үшін қорғау парыз
Табиғатсыз күнің жоқ
Оны айтуға табиғаттың тілі жоқ
Данияр:
Табиғат төл анамыз
Танысымыз ауамыз.
Аяна О:
Су жерге нәр береді
Жер адамға нан береді.
Музыка ырғағымен кір қожалақ келеді.
Амандасу.
Дене шынықтыру ойындары:
«Қиындықты жеңіп шық», «Шарды кім көп жинайды?», «Кедергіден өту».
Жүргізуші: балалар, кір қожалаққа жұмбақ айтайықшы!
– Еш жерге тұрақтамайды,
Ол жақта жер құрғайды. (су)
– Күнде оған қарайсың,
Қарап шашыңды тарайсың (айна)
– Ал, балалар кір қожалаққа қандай тілек айтамыз? – Балалар жауабы.
Ақтілек:
Жуын, жуын, жуынсаң
Қандай жақсы қуыршақ
Әйтпегенде бөпешім
Кірлеп еткен екенсің
Ислам:
Сабындаған кезіңде
Ашытады көзіңді
Бола білсең төзімді
Тап-таза етер өзіңді
Жұлдыз:
Мақсатыңды ақтап сен
Мықты болу қолыңда
Гигиена сақтап сен
Ережені орында.
Нұрасыл:
«Гигиена» – ол білгейсің
Оған көңіл бөлгейсің
Гигиена – тән таза
Гигиена – сау ағза
Әмина Ә: Денсаулықты сақтауға
Тазалықты жақтауға
Қамқор жандар білімдар
Жиналған бір ғылым бар.
Ән: «Кір қуыршақ».
Кір қожалақ: ой рахмет, мен енді таза боламын, көмектесем бәріне, кішіге де кәріге.
Музыка ырғағымен би қимылын жасап ойнау.
«Анама кір жууға көмектесем»
Жүргізуші:
Қатар-қатар тұрайық,
Қане,қане сұрайық
Кімнің болса, бойы ұзын,
Паравозы пойыздың.
Пойызбен өз бақшамызға қайтайық.
«Нұрсәт» бөбекжай-бақшасы
«Тазалық еліне саяхат»
(сауықтыру)
Тәрбиешілері: Азаматова І.Қ
Әділқанова Г.А
Желтоқсан айы 2021 жыл