Ақкөңілділік туралы
Өзін-өзі тану бойынша сабақ жоспары
Бөлім: 2 , 12 сабақ | Адам болам десеңіз… | |
Мұғалімнің аты-жөні, тегі | Сарсебаева Ж.А. | |
Мерзімі: | 29.11.2021 | |
Сынып: 6 П | Оқушылар саны: | Қатыспаған оқушылар: 0 |
Сабақтың тақырыбы №11 | Ақкөңілділік туралы | |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту
мақсаттары |
Оқушыларға ақкөңілділік туралы түсінік бере отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу. | |
Құндылық
|
Сүйіспеншілік | |
Қасиеттер | Жақсылық жасау, мейірімділік, ақпейілділік, түсіністік, ақкөңілділік | |
Сабақтың мақсаты | Оқушыларға ақкөңілділіктің маңыздылығын ұғындыру арқылы сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу. | |
Сабақтың міндеттері
|
-Оқушыларға айналасындағы барлық адамдарды жақсы көрудің маңызын ұғындыру;
-Оқушылар бойындағы татулық қасиеттерін дамыту; -Оқушыларды бәрін жақсы көруге, ақкөңілділікке, мейірімді болуға тәрбиелеу. |
Сабақ барысы
Сабақтың кезеңдері / Уақыт | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Ресурстар |
Ұйымдас-тыру кезеңі (1 мин)
1. Жағымды көңіл күй (1-3 мин)
|
Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысуын тексереді.
5Т ережесін еске түсіреді. Оқушыларға бүгінгі күнге сәттілік тілейді. -Сәлеметсіңдер ме, оқушылар! Көңіл-күйлерің қалай? Бүгінгі сабаққа белсенді болуға шақырамын. Оқушылар, сендерге сәттілік! -Ал, оқушылар жағымды көңіл күйге келу үшін, ыңғайланып отырыңыздар! Тыныштық сәтi: «Нұрға бөлену». Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын… Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын… Нұр менің ішімде… Мен Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз… Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет. |
Оқушылар сабаққа дайындығын көрсетеді.
Оқушылар көздерін жұмып, мәтінді тыңдай отырып, жағымды күйге келіп, терең ойлауға бейімделеді. https://infourok.ru/tinishti-stteri-276793.html
|
Оқулық, мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал,
Плакат, |
2. Алдын ала берілген үй тапсырма-сын тексеру (әңгімелеу) (3-5 мин)
|
Оқулықтан №12 сабақ 53 бет «Ғазизаның балалары»
«Сиқырлы сандық» әдісі арқылы әр топтан балалар келіп, сандықтың ішіде жасырылған сұрақтар жауабын табады. Сұрақтар: – Неліктен ағайынды бауырлар кінәні әрқайсысы өз мойнына алуға тырысты? -Бауырмалдық дегенді қалай түсінесіңдер? -Бауырмалдық пен мейірімділік қандай ізгі қасиеттердің негізінде туындайды? -Өзгелерге деген ізгі ниеттерің мен жылы лебіздеріңді қалай білдіресіңдер? -Өзгелердің қамқорлығына бөленіп, мейірімін сезінгенде қандай күйде боласыңдар? -Өздерің қамқорлық және мейірімділік көрсете білдіңдер ме? Айтып беріңдерші.
|
Мұғалім сұрақтардың көмегімен оқушыларды “ізгі істер” және «жақсылық жасау», “мейірімділік”, «ақкөңіл адамдар» ұғымдарын түсінуге жетелейді, сонымен қатар олардың өзара байланысын түсінуге көмектеседі. | Микрофон
|
3. Жағымды ой-пікір (дәйексөз) (3-4 мин) | «Махаббат,достық, бауырмалдық -адамның ең бір асыл қасиеттері»
Ғабит Мүсірепов. Мүсірепов Ғабит Махмұтұлы (22 наурыз 1902- 31 желтоқсан 1985) -қазақтың халық жазушысы, драматург, сыншы, мемлекет және қоғам қайраткері. Қазақ ҚСР ҒА академигі, Социалистік Еңбек Ері, Қазақстан халық жазушысы. – Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіздер? Мұғалім дәйексөзді дәптерге жазуды ұсынады. – Айналасындағы адамдардың жақсылығын қалай сезінесіңдер? -«Жаныңда жүр жақсы адам» дегенді қалай түсінесіңдер? – Жақсы іс адамның қандай әрекеттерінде көрініс табады? -Дәйексөзден қандай ой түйдіңдер? |
Оқушылар Ғабит Мүсіреповтың қанатты сөзінің мағынасын талқылайды, оны бірнеше рет қайталайды және дәптерге жазады. | Презента-ция, слайд.
Жұмыс дәптерлері. |
4. Оқиғалар айту (әңгімелесу)
(4-8 мин)
|
Мұғалімнің сыйы «Ертегіні тамашалау»
– Балалар бүгінгі сабаққа сендерге арналған менің сыйлығым бар. Әрине сыйлығым ол ертегі. Ертегінің атауы «Кешірім сұрау» деп аталады. Ал, онда ертегіні тамашалайық! «Кешірім сұрау» видеоролигін көрсету. Ондағы екі ағайынды адамның бір-біріне араздасып кешірім сұрауы туралы әңгімелеу. Ақылды егінші Бір күніпатша нөкерлерімен бірге серуенге шыққанда жер өңдеп жүрген егіншіні кездестіреді. Тырбанып еңбектеніп жатқан қарапайым адам патшаның көңілінен шығып, онымен сөйлесуге ықыласы ауады. Бірнеше сауалдан кейін патша егістіктің бұл адамдікі емес екенін, күніне 15 теңгеүшін жалданып еңбек ететінін ұғады. Патша егіншінің жалақысының аздығына қайран қалады. Себебі, патша сарайының бір күндік шығыны жүздеген алтыннан көп еді. Егінші, патшаның таң қалғанына қарап: –Бұл ақша қанағатшыл адамға тіпті көп те болады. Мен Ақылды егінші Бір күніпатша нөкерлерімен бірге серуенге шыққанда жер өңдеп жүрген егіншіні кездестіреді. Тырбанып еңбектеніп жатқан қарапайым адам патшаның көңілінен шығып, онымен сөйлесуге ықыласы ауады. Бірнеше сауалдан кейін патша егістіктің бұл адамдікі емес екенін, күніне 15 теңгеүшін жалданып еңбек ететінін ұғады. Патша егіншінің жалақысының аздығына қайран қалады. Себебі, патша сарайының бір күндік шығыны жүздеген алтыннан көп еді. Егінші, патшаның таң қалғанына қарап: –Бұл ақша қанағатшыл адамға тіпті көп те болады. Мен Басқа адамның кемшілігін, қателігін кешіру және өз қатесін түсініп, мойындап кешірім сұрау адам бойындағы жақсы қасиет. Кешірімді, әдепті болу, келісімге келу, өзара тіл табысу адамдардың жарасымды, сыйластықта өмір сүруіне жетелейді. Сұрақтар: –Балалар, ертегіден не түсіндіңіздер? -Талап пен Жанатқа қандай ұсыныс айтар едіңіздер? -Өздеріңіз бауырларыңызды құрметтеп, жақсы көретіндеріңізді қалай білдірер едіңіздер? -Бауырыңызды ренжітіп алған кезіңіз болды ма? |
Оқушылар оқиғаның тамашалағаннан кейін, мұғалімнің сұрақтарына жауап бере отырып, мейірімді, бауырларына қамқор болуға, әрі кешірімділік таныта білу туралы терең түсінік алады. | «Ұстаздық дастан» Макаренконың шығармасы. |
5. Шығармашылық жұмыс
(12-15 мин)
|
Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс. (топқа алдын-ала бөлініп отырады)
– Балалар сіздерді шығармашылық жұмыс жасауға шақырамын. 1-топ: Төменде берілген сөздермен сөз тіркестерін пайдаланып, ақкөңіл, қайырымды адамға мінездеме беріп, оның портретін жасаңыздар. 1-топ: Жақсылық жасау деген не? (топтастырып постерге жазу) 2-топ: Жақсы адамдардың бойында қандай қасиеттер болады? (топтастырып постерге жазады) 3-топ: Жақсы адам – елдің ырысы, Жақсы сөз жанның тынысы, (мақал-мәтелді оқып, негізгі ойды тауып, өмірден мысал келтіріңіздер) |
Оқушылар берілген тақырып бойынша постерін жасап, өз жұмыстарын сыныпқа таныстырады. | Флипчарт-тар, баяу әуен қойылады.
|
6. Үй тапсырмасы
(1-2 мин) |
№13 сабақ, «Қара құлып» мәтінін оқып келу. | Оқушылар үй тапсырмасын жазады. | |
7. Топпен ән айту
(2-3 мин)
|
Мұғалім оқушылармен бірге оқулықта 49 беттегі «Достарым» әнін орындайды.
«Достарым» әні. Сөзі. Хасен Закариянов Әні: Оралхан Көшеров |
Оқушылар мұғаліммен бірге ән шырқайды. | Экранға өлеңнің мәтіні көрсетіледі. |
8. Сабақтың қортынды сәті
(1 мин) |
Балалар, енді бір сәт тынышталайық. Денемізді түзу ұстап, басымызды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырамыз. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстаймыз. Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңіз бен жақсы ойларыңызды естеріңізге түсіріп көріңіздерші… Оны өздеріңізбен бірге қалу үшін жүректеріңізге салып сақтаңыздар. Бүгін сіздер өте жақсы істер жасадыңыздар, ойларыңызды жеткізе білдіңіздер, жақсы ойлар айттыңыздар, сол үшін сіздерге рақмет айтамын!
|
Оқушылар рефлексия жасайды. | Баяу композиция қойылады. |