“Ғажайып математика”

Білім саласы : Таным
Ұйымдастырылған оқу іс әрекеті: Математика негіздері
Тақырыбы: «Ғажайып математика»
Мақсаты: Тапсырмаларды орындау арқылы балалардың тілін, ой- өрісін, ойлау қабілетін дамыту.
Топпен жұмыс жасауға, тапқырлыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Әдіс тәсілдері: Сұрақ жауап, түсіндіру,дидактикалық ойындар, санамақ.
Көрнекілігі: Суреттер, ойыншықтар, геометриялық пішіндер, шарлар, ойыншық күшік.
Іс әрекет кезеңі
Тәрбиешінің қызыметі
Балалардың қызыметі

Мотивацялық қызығушылық
Тәрбиеші: Қайырлы күн балалар!
Қараңдаршы балалар бүгін бізге қонақтар келіпті.
Қане қонақтармен амандасып алайық

Бақшамызға барғанда,
Жолыққан бар жандарға.
Ертемен ақ пейілмен,
«Қайырлы таң» тілейміз.
Алдымыздан кезіккен,
Көп танысты көреміз.
Бәріне де ізетпен,
Біздер сәлем береміз.

Қане, балалар барлығымыз бір біріміздің қолымыздан ұстап күн жасайықшы.
Күн жарқырап шыққан кезде адамдарға шуағын шашады. Таңертең тұрғанда аналарың «қайырлы таң» деп айтама?
Қане,бізде қайырлы таң тілейік.
-Қайырлы таң көздерім, ояныңдар!
-Қайырлы таң құлақтарым, ояныңдар!
– Қайырлы таң саусақтарым, ояныңдар!
Жарайсыңдар балалар бүгінгі күніміз жақсы болсын, орнымызға отырайық.

Балалар, мен сендерге құр қол келген жоқпын, Мына шарларды ала келдім.
Бір жылда неше мезгіл бар?
Қане атап шығайық (қыс,көктем,жаз,күз) бұл шарлардың түстеріде сол төрт мезгілді білдіреді.
«Ақ» түсті шар бұл қандай жыл мезгілін білдіреді? (Қыс)
Қыста жер беті қандай түске боялады?
«Сары» түсті шар бұл қандай жыл мезгілін білдіреді?
Күз мезгілінде жер қандай түске боялады?
«Жасыл» түсті шар қандай жыл мезгілін білдіреді?
Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады?
«Қызыл» түсті шар қандай жыл мезгілін білдіреді?
Жаз мезгілінде жер беті қандай түске боялады?

Балалар шарлардың түстерін білдік, енді сиқырлы шардың ішінде не бар екенін білгілерің келе ме?

(Күшіктің дауысы естіледі)
Балалар бұл ненің дауысы?
Балалар олай болса күшікті іздейік.
Балалар күшіктің ешкімі жоқ сияқты өзімізбен алып қаламыз ба? Күшікті өзімізбен алып қалу үшін шарлардың ішіндегі тапсырмаларды орындайық.

Бір бала ақ түсті шарды жарады.
1 – тапсырма.
1- ден 5- ке дейін тура және кері санау. Санамақ айту.
Бір дегенім- білім,
Білім жарық күнің.
Екі дегенім – елім,
Өзен, тауым, көлім.
Үш дегенім – үміт,
Үміт артар жігіт.
Төрт дегенім- төзім,
Төзе білем өзім.
Бес дегенім –бесік,
Шықтық содан өсіп.

Бір бала сары шарды жарады.
2-тапсырма.
«Вагондарды ретімен қой»

 

Сергіту сәті
(Музыка ырғағымен жаттығулар жасау)

3- тапсырма. Жасыл шардың тапсырмаларын орындау.
Геометриялық пішіндерді атаңдар, пішіндермен жапсырма жұмысын жүргізу.
Балалар осы пішіндер арқылы күшігімізге үйшік жасайық.

4-тапсырма.
Қызыл шардың тапсырмасын орындау.
«Санға сәйкес заттарды топтастыр»

Жарайсыңдар балалар берілген тапсырмаларды жақсы орындадыңдар.

Логикалық сұрақтар.
Апасы Сезімге дүкеннен төртбұрышты 3 доп әкелді.Біреуін Аянға берді, Сезімде неше доп қалды?
Бір қоянның 3 құлағы бар.
Аспанда 4 ит ұшып барады. Біреуі ағаш басына қонды неше ит ұшып барады?
Есік алдында 2 лақ ойнап жүрді, оларға тағы бір лақ қосылды.Барлығы неше лақ болды?

– Балалар бүгінгі сабақ сендерге ұнадыма?
-Біз қандай жануарды тауып алдық?
-Біздер қандай тапсырмалар орындадық?
Балаларды мадақтау.

Амандасу

 

 

 

Сәлеметсіздерме!

 

 

 

 

 

 

 

Көздерін, құлақтарын уқалайды.Шапалақтайды.

 

 

 

 

4 жыл мезгілі бар

 

 

Қыс мезгілі

 

Күз мезгілі

 

Көктем мезгілі

 

Жаз мезгілі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар пойыздың вагондарын ретімен қояды.

 

 

Балалар пішіндерден үйшік жапсырады.

 

 

Берілген суреттерді сандармен сәйкестендіреді.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *