Педагогикалық ұжымдағы қарым-қатынас

Педагогмкалық ұжымдағы қарым-қатынас

Мақсаты: педагогикалық ұжым мүшелерінің өзара қарым-қатынасын бақылау, педагогикалық ұжым мүшелерінің өзара қарым қатынасын жақмарту.

Міндеті: педагогикалық ұжыммен бірлесе отырып қиыншылықты жеңуге көмектесу, педагогикалық ұжымда жақсы байланыс орнатуға болатын жолдармен таныстыру.

 

Тренинг: «Амандасу»

Мақсаты: мұғалімдер арасында еркін қарым-қатынас жасауды бақылау

Барысы: «Амандасу» атты тренингіміздің барысында іішкі шеңбер мен сыртқы шеңберге бөлініп қарама қарсы тұрады. Бір шапалақ соққанда қолдарымен амандасады, екі шапалақ соққанда иықтарын тигізіп амандасады, үш шапалақ соққанда арқаларын тигізіп амандасады

Тренинг соңында қойылатын сұрақтар:

  • Тренингте қандай қиындықтар кездесті?

· Қиын сәтте әріптесіңіз тарапынан көмек болды ма?

«Жақсыға айналдыру»

Мақсаты: педагогикалық ұжым мүшелерінің өзара қарым-қатынас барсында қиындықты жеңу барысын қадағалау

Барысы: Әр қатысушы- ситуациялық сұрақты оқып, сәтсіздікке ұшыраған сәттерден пайдалы, жағымды нәрсе іздейді.

Тренинг соңында қойылатын сұрақтар:

  • Тренингте әріптеспен біреге жұмыс жасау барысында қиындықтар кездесті?

· Тренингтен алған әсеріңіз қандай?

Тренинг «Құбыр»

Мақсаты: Топты біріктіру, команда қалыптастыру. Көшбасшыларды анықтау.Қажетті құралдар:А4 қағазы (қатысушылар санына орай)Ережесі:Қатысушыларға бір А4 қағазы беріледі. Қағазды екі бүктеп қолдарымен астау кейпіне енгізеді. Барлық қатысушылар қолдарындағы  астауша тәріздер иілген қағазды бір-біріне қосып беті ашық құбыр жасайды. Дайын болған кезде нұсқаушы кішкентай допты жібереді. Қағазды үзіп алмай допты өткізіп шығулары керек. Доп түсіп кеткен жағдай ойын қайта басталады.Талдау:ойын жаттығуы аяқталғаннан кейін қатысушылар алған әсерлерімен бөлісіп, өз ойларын ортаға салады

Тренинг: «Біріккен жұмыс»

Мақсаты: мұғалімдер арасында еркін қарым-қатынас жасауды бақылау

Барысы: тренингте барлығы жіпті ұстайды, ортада ыдыс тұрады, жіп үстінде тұрған затты барлығы бірігіп ыдысқа түсірулері қажет.

Тренинг: «Ізгі тілек»

Мақсаты: мұғалімдер арасында еркін қарым-қатынас жасауды бақылау

Барысы: ұстаздар тренинг басында таңдаған ленталарын алып шығады, көршісіне, мектепке тілек айту арқылы лентасын көрші лектасына байлайды. Барлығы айтып болғанда лента түгел байланып, соңында психолог ұжымды бірігіп жұмыс жасауға шақырып, қорытынды сөз сөйлейді.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *