Мектептің кәсіби желілік қауымдастығы – оқыту үдерісін жаңартудың маңызды стратегиясы
Бураншеева Алтынтас Орыновна
Мектептің кәсіби желілік қауымдастығы – оқыту үдерісін жаңартудың маңызды стратегиясы
”Қоғам неғұрлым танылған сайын,тек өзінің болашағына жақсы ықпал ететін дәстүрлерді ғана сақтап, оларды ұрпақтан-ұрпаққа берудегі жауапкершілігін соғұрлым танитын болды. Мектеп – осы мақсатқа жетудегі бірден-бір басты құрал.”
Джон Дьюи
Көкжиегiмiзде көрініп тұрғaн жарқын болaшағымызға жету жолдарының нышандары атқарар қызметінің салмағы жағынан ерекше болып табылатын білім беру жүйесінен көрініс табуда. Қазіргі таңда әлем өзгеруде, соған сәйкес мұғалім де өзгеріссіз қалмай, өздерінің білім беру жүйесі арқылы орын алған өзгерістерге қалай ықпал ететіндігін білуі тиіс.
Мұғалім бойындағы қасиет Шульманның «үш көмекші» деп анықтаған – «бас – кәсіби түсінік, қол – оқытудың тәжірибелік дағдылары, жүрек – кәсіби тұтастық» туралы ойымен, Абайдың «Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» деген философиялық ойларымен үйлессе ғана оқыту сапалы және табысты болатынына көз жеткізді. Осы уақытқа дейінгі деңгейлік курсты аяқтаған мұғалімдердің тәжірибесі мұны дәлелдей түсуде.
Елбасы Н. Ә. Назарбаев «Жаңа формация педагогі әлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогика құралдарын шебер меңгерген, өзін – өзі әрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға» – деп анықтама берді.
Соның айғағы ретінде Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсының бірінші (ілгері) деңгейінің бағдарламасының негізгі факторының бірі желілік қауымдастық» делінген, олай болса, бірінші деңгейдегі курстан өткен мұғалімдерге үлкен талаптар қойылуда. Үздіксіз оқытуды дамытуда «желі» ұғымы аса маңызды болып отырғаны байқалады. Мектептер арасындағы ынтымақтастық, мектептерде оқитын оқушылардың ғана емес, барлық балалардың мүддесі үшін мектептердің «Білім беру желілеріне» бірігуі уақыт өткен сайын маңыз алуда (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 1-деңгей).
Сондықтан да мектеп тәжірибесін жетілдіру мақсатында басқа мектептердің көшбасшылық командаларымен тығыз ынтымақтастықта болып, «Шуақ» атты желілік қоғамдастықты құрдық.
Мақсаты: Тиімді идеяларға қол жеткізу мақсатында мұғалімнің өз кәсіби білімін дамытуына мүмкіндік туғызу.
Ұстанымы: Бірлік бар жерде тірлік бар.
Қоғамдастықтың міндеті неде:
- Мектептегі мұғалімдердің қоғамдастыққа деген сенімділігін
коучингтер жүргізу арқылы дамыту.
- Деңгейлік курсты аяқтаған мұғалімдердің меңгерген әдіс-тәсілдерін
сабақ барысында жүзеге асыру арқылы оқушыларға жан- жақты,
әмбебап білім беру.
- Желілік қоғамдастық арқылы бір қалада орналасқан мектептермен әдістемелік байланыс орнату.
- Оқушының көшбасшылық қабілетін анықтау үшін шағын зерттеу
жұмысын жүргізу.
Ережесі:
- Қоғамдастық мүшелері сенімді қарым-қатынас жасауы керек.
- Әркімнің пікірі құнды.
- Қоғамдастықтың әрбір мүшесі шынайы көзқараста болуға міндетті.
- Бірін-бірі тыңдай білу.
- Ахуалды бұзатын әрекеттер жасамау керек.
- Желілік байланыс кезінде және қарым-қатынаста жоғары мәдениетті сақтауы тиіс.
Күтілетін нәтиже қандай:
- Мұғалімдер жаңа идеялармен алмасады.
- Белгілі бірлескен зерттеу топтары қалыптасады.
- Басқа мектептермен іскерлік қарым –қатынас орнайды.
- Кәсіби біліктіліктерін үнемі жетілдіріп отырады.
- Мектеп пен ата-аналар арасында байланыс орнайды.
- Коучингтер,тренингтер,т.б. өткізіледі.
- Оқушылардың мүмкіндіктерін кеңейтеді.
Жұмыс жүйесі:
- Басшы сайлау
- Жұмыс ережесін сақтау
- Қоғамдастыққа мүшелер тарту
- Басшылық етуші, үйлестіруші, дамытушы топтарды жасақтау
- Топтардың міндеттерін айқындау
- Жұмыс жоспарын құру
- Мәселелерді ортаға салу
- Онлайн сұхбат құру/1йда 1 рет/
- Бетпе-бет кездесу /2айда 1 рет/
- Әлеуметтік желідегі сұхбат/үнемі/
- Бейнежазбаларды сайтқа орналастыру
- Конференция өткізу
- Басылымдарға жариялау
Дамуға үлес қосатын, жаңа идеяларды пайдалануды өзіне алатын әрі үлкен жауапкершілікпен қарайтын бірден-бір басты күш мектеп екенін және мектептер арасындағы ынтымақтастық пен барлық балалардың мүддесі үшін мектептерді білім беру желілеріне бірігудің маңызды Д.Дьюи екенін айтты. Мектепішілік желілік қоғамдастықтың мақсаты мен міндеттері, желілік қоғамдастықтың жұмысын нәтижелерін бақылау, бағалау критерийлері мүмкіндіктері айқындалды. Ғаламтор желісінің маңызы күн сайын арта түсуде, осы сияқты білім беру желісі құрамындағы мектептер бірлесіп жұмыс жасасақ, балаларға барынша терең білім береміз деген сенім болуы тиіс.
Қазіргі таңда қай мектеп болмасын мұғалімнің кәсіби өсуіне, ұжым мүшелерінің жұмысқа қатысты жасалған шараларын үнемі қолдап, көмектерін беріп отырады.
Мектептердің желілік қоғaмдacтықтaры үздікcіз бірлеcкен жұмыcтaр мен жaңa әдіcтемелердің жекелеген мектептерден тыcқaры тaрaлуынa мүмкіндік беру aрқылы мұғaлімдерге және мектептің бacқa қызметкерлеріне педaгогикaлық әдіcтемелерді зерделеу мен жетілдіру мaқcaтындa оқуғa және бірлеcе жұмыc іcтеуге жaғдaй жacaйды. Әр түрлі мектептердің қызметкерлері aрacындa құрылымдaлғaн өзaрa әрекеттеcтік қоғaмдacтық ішіндегі жұмыcтың тиімді түрі болып тaбылaды.
Нәтижесінде байқап отырғандай, қоғамдастық тек интернет желіcі aрқылы ғaнa емеc, ынтымaқтacтық жобaлaр aрқылы, яғни жеке кездеcу, өзара коучинг, cеминaрлaр өткізу aрқылы жұмыc іcтейді. Желілік қауымдастықта мұғалімдердің күнделікті қызметте кездесетін кәсіби мәселелер ағынымен бөлісуіне, талқылауына арналған форум, үздік педагогикалық тәжірибені таратуға арналған мәтіндік, видео материалдармен бөлісу бөлімі жұмыс істейді.
Әрбір істі жүзеге асырар алдында міндетті түрде біреуден кеңес аласың, біреудің ақылын тыңдайсың, біреуден қолдау күтесің. Желілік қоғамдастықты дамыту ісін жүзеге асыру барысында қолдау көрсеткен – әкімшілік мүшелері, себебі мектепке білікті, заманауи, туындаған мәселелерді шеше алатын мамандар қажет, сондықтан олар үшін өз мұғалімдерінің кәсіби деңгейінің өскені аса маңызды.
Мектептердің желілік қоғамдастығы оқушылар жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшін бірнеше мектеп арасында оқыту мен оқу үдерістерін жетілдіруге бағытталған көптеген іс-әрекеттерді жоспарлау, жүзеге асыру және оның мониторингін жүргізу мақсатында бірігетін мектептер тобы немесе әріптестер бірлесе отырып,мұғалімдердің желідегі практикалық қызметін ұйымдастыру; құрылатын жобаларға қатысушылардың шығармашылық қабілетін дамыту және іске асыру; мектепті басқарудың жаңа бастамаларын игеру – өзектілігі болып табылады.
Сонымен қатар жаңа идея,тиімді әдіс-тәсілдермен бөлісу; оқытуда жаңа тәсілдерді қолдану, тәжірибелермен алмасу; мұғалімдердің кәсіби өсуіне жағдай жасау; қолда бар ресурстарды бірігіп пайдалану – ол желілік қоғамдастықтың тиімділігі.
Желілік қоғамдастығын жүзеге асырудағы мақсатын басшылыққа ала отырып, желілік қоғамдастықты бақылап, әрі мүдделі адамдарды тартуға арналған жұмыстарды бағыттап, басқарып отыруға, желіні жақсарту жөнінде жоспар құруға көшбасшылық жасалады. Желінің әр түрлі бөлімдерінің жұмысын реттеп отыру үшін және мектепішілік желі ішіндегі бірлесіп өткізілетін іс-шараларға жауапты шешім қабылдауға үйлестіруші, оқу бағдарламаларын әзірлеп, оқытудың жаңа стратегияларының қабылдануына қолдау көрсетіп дамытуға өз үлестерін қосу үшін тізбектелген сабақтар өткізетін, Lesson study бойынша зерттеу сабағына жауапты мұғалімдер дамытушы және зерттеуші болып бөлінді. Желілік қоғамдастықты іске асыру мақсатында диалогтық оқыту арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырудың сапаны көтеру мәселелері бойынша мектеп мұғалімдерінен эксперттік топтар құрылды. Осы экспорт тобының көмегімен «диалогтық оқытуды тәжірибеге енгізу» бойынша пәнге деген қызығушылықтарын арттыра отырып үйретуге арналған тізбектелген сабақтар берілді. Желілік қоғамдастыққа қатысушы мұғалімдердің кері байланыс беру деңгейін анықтау мақсатында сауалнама алынды. Білім беру мен оқытудағы жаңа тәсілдердерді іске асыруда «Оқыту үшін бағалау» ынтымақтастық пен тәжірибе алмасуға бағытталған тізбектелген сабақтар топтамасы өткізілді. Мұғалімдер бір-бірлерінің іс-тәжірибелерімен таныса отырып, кездескен кедергілердің шешімін желі ішінде бірлесе шеше білді. Зерттеуші топтар арқылы проблемаларды анықтап, олардан шығу жолдары жоспарланды.
Желілік қоғамдастық мұғалімге не береді? Педагогикалық интернет-қоғамдастықтар жұмысына қатыса отырып, мұғалімдер мынадай мүмкіндікке ие болды: қазіргі адамға қажетті білім, іскерлік және сапаларға үйреніп, меңгереді; қызықтырған тақырыбы бойынша ең өзекті ақпаратты ала алады; сарапшы, тренерлерден кәсіби кеңес пен көмек алады; өңдеулердің әдістемелік қоржынына қол жеткізе алады; өз материалдарын жариялайды; кәсіби конкурстарға қатыса алады.
Энн Либермaн пікірінше: “Оқыту қоғaмдacтығындa жүріп жaтaтын aқпaрaт aлмacу үдеріcі мұғaлімдердің тәжірибеcі мен жұмыcының мaзмұнын aрттырып, оғaн тaртылғaн aдaмдaрды өзaрa тығыз бaйлaныcтырып, олaрдың cырт көзге көрінбейтін, күнделікті жұмыcынa түр береді”.Aдaмдaр тобы бірлеcу қaжеттілігін cезінген жaғдaйдa қоғaмдacтықтaр дaмиды.
Желілік қоғамдастық үйлесімді мақсаттар мен құндылықтарды, ұзақ мерзімді басымдықтар мен даму бағыттарымызды және күтетін нәтижелерімізді, өзара әрекеттесуді бақылау мен бағалау тәсілдерін, өзара әрекеттесу мерзімін көрсетіп сипаттайды және қатысушылардың барлық топтарының (мұғалімдер, оқушылар, ата-аналар) қажеттіліктерін ескереді деп ойлаймын. Сондай – ақ білім жүйесіне енгізіліп отырған өзгерістердің жүзеге асу барысын бағалау үшін тиімді әрі басқарыла алатын құралды қамтиды, мектеп қызметінің тиімділігін басқаруға бағытталған міндеттерді қоюға мүмкіндік береді.
Тек мұғалімдердің бірлескен жұмысы, жаңа ойлармен алмасуы оқыту мен оқу тәсілдерінің ықпалын күшейтеді, мұғалімнің кәсіби дамуын жетілдіреді,ал мектеп түлегі кең ауқымды дағдыларға ие болады. Нақтырақ айтқанда:
– сын тұрғысынан ойлау;
– білімін шығармашылықпен пайдалана білу;
– зерттеушілік дағдылары;
– АКТ дағдылары;
– топта және жеке жұмыс істей білуі;
– коммуникативтік дағдылары (тілдік дағдыларын қоса алғанда)
қойылған міндеттер мен күрделі мәселелерді шеше білу дағдылары
қалыптасады.
Білім беру желілері ұзақ уақыт бойы бірлесіп жұмыс істеу және ғылыми қызмет арқылы мұғалімдерге толыққанды білім алуға мүмкіндік жасайды және оқуға ынталандырады. Мен бастысы осы зерттеуді жүргізбес бұрын ең алдымен зерттеу тақырыбының дұрыс таңдалуының маңыздылығын түсіндім.Таңдалған зерттеу тақырыбының мектеп үшін де, сынып үшін де маңыздылығы, өзектілігі, тәжірибелік маңызы анықталуы қажет екен.Нақты,анық баяндалған сұрақты қалыптастыру зерттеудің сұрағына жауап беру жолында деректерді жинақтауда, қандай деректердің ең пайдалы екендігін анықтауға көмектеседі екен. Осылай болған жағдайда ғана алға қайған мақсатыма жетемін деп ойлаймын.
Қорыта айтқанда болашақта диалогтік оқыту әдісін дамыту үшін мынадай жұмыс жүргізуді жоспарыма енгіземін.
-сабақта жүйелі түрде топпен жұмысты қолданып отыру;
-пікірталас жүргізу үшін баларға өмірмен байланысты мәселелер келтіру;
– Мектептегі оқыту үрдісіне талдау жасау:
-оқушылардың білімге деген құштарлығын ояту үшін топтық, жұптық жұмыстарды жоспарлау.
Жұмыс жасау барысында қоғамдастықта кездескен қиындықтары мен кедергілері: уақыт тапшылығын болдырмау. Барлығы дерлік қызығушылық танытпайды. Қоғамдастық қалай қызмет атқаратынын білуі керек.
Қоғамдастықтың мүмкіндіктері:
– қоғамдастық оқушылардың оқу үлгеріміне игі ықпал етеді;
– басқа әріптестермен бірігуге мүмкіндік береді;
– сенімділік пен сыйластық қарым-қатынас орнатады.
Қоғамдастықтың нәтижесінде:
- ең өзекті ақпаратты ала алады;
- кәсіби кеңес пен көмек алады;
- іскерлік және сапаларға үйреніп меңгереді;
- бірлесіп шығармалық жұмыс жасай алады;
- кәсіби өсуіне ықпал етті;
- өзіне деген сенімі қалыптасты.
Қоғамдастық болашақта : Оқытудың жаңа әдістерін жүйелі пайдалана
отырып, пәнге қызығушылығын арттырады; Топтармен жұмыс бірлескен оқуды дамытады. Шығармашылықпен жұмыс жасайды.
Сонымен айтылғандарды қорытындылай отырып, мұғалім бірінші кезекте өзін-өзі бағалайды, ол өз кезегінде мұғалімнің кәсіби өсу деңгейіне жүйелі түрде мониторинг жүргізіп отыруға мүмкіндіктер береді. Желілік қоғамдастықтардың пәндік бірлестіктерден гөрі атқаратын қызметі ауқымды, қамтитын көлемі кең болады.
Желілік қоғамдастық құру немесе ұстаздардың бірлестігі – бұл желідегі кәсіби даму ұйымының жаңа түрі, бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманда ұландарымыздың биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы, жан-жақты берген тәрбиеміз арқылы қолымызды жеткіземіз. Бізге ой – өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты, парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн. «Дүниедегі ең үлкен нәрсе – кеңістік. Бәрінен жүйрік – ой. Бәрінен дана – уақыт. Бәрінен жеңіл – басқаға ақыл айту. Бәрінен қиыны – өзіңді-өзің тану» деп философ Фалес тегін айтпаған. Шынында да, мұғалімдерді оқыта отырып, өзіміз де үйренудеміз, үнемі тәжірибе жинақтай бермекпіз.
ХХІ ғасыр – жаңа технологиялар ғасыры. Мұғалімдер осы жаңашылдықты таратушылар тізімінің ең басында тұруы тиіс. Тек мұғалімдердің бірлескен жұмысы, жаңа ойлармен алмасуы оқыту мен оқу тәсілдерінің ықпалын күшейтеді, мұғалімнің кәсіби дамуын жетілдіреді.
Ендеше, балалардың мүддесі үшін мектеп мұғалімдерінің ортақ мақсат пен өзара бірлігі, мектептердің ынтымақтастықпен желілік қоғамдастыққа бірігуге шақырамын.
«Халық пен халықты, ел мен елді теңестіретін – білім» деп жазушы Мұхтар Әуезов айтқандай, еліміздің жаңғырып, жаңа әлемнен лайықты орын алуы үшін бәсекеге қабілетті әлемдік қалыпқа сай кәсіби білімділікке қол жеткізуіміз қажет.