Егіс
Білім беру саласы: «Қатынас», «Шығармашылық»
Бөлімі:” Көркем әдебиет”, “Мүсіндеу”
Тақырыбы: “Нан дастарханға қалай келеді?”
Мақсаты: Балалардың егіс алқабы жайлы түсінік беру. Егіс алқабын суреттен көргендері бойынша сұрақтарға толық жауап беруге үйрету. Ел байлығы – астықтың дастарханға нан болып қалай келетінін түсіндіру арқылы, үлкендердің еңбегін құрметтеп бағалай білуге үйрету.
Міндеті:Егістік көлік түрлерімен таныстыру, нанның қалай пайда болатынын слайд,сурет арқылы көрестіп түсіндіру. Еңбек құдіретін түсіндіру.
Білімділігі: Балалардың күз туралы түсініктерін кеңейтіп күз мезгілінің ерекшелігін бақылап, егін алқабына білімін кеңейту. Бидайдың өсуі,нан пісіру кезеңдері,бидайдың құндылығы туралы түсінік беру. Дамытушылық: Балалардың сөздік қорын молайту, есте сақтау қабілетін, дүние танымын дамыту. Тәрбиелік: Ел байлығы – астықтың дастарханға нан болып қалай келетінін түсіндіру арқылы, үлкендердің еңбегін құрметтеп бағалай білуге еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Әдісі: Әңгімелеу, слайд көрсету, түсіндіру, сұрақ – жауап, сергіту сәті, Д/ойын, бағалау, мнемо кестесі бойынша қорытындылау.
Көрнекілігі: слайд, суреттер, иленген қамыр,түрлі түсті ермексаз, тақтайша, қол сүрткіш, бидай, нан түрлері, макет,карточкалар.
Билигвальді компонент: Бидай-пшеница, нан-хлеб, ұн-мука.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
Кіріспе:
Сәлемдесу
Мейірімді жүрекпен Ақ пейілді тілекпен Амандасып алайық Бір жадырап қалайық
Балалар, келген қонақтармен сәлемдесіп алайық.
Сәлеметсіздер ме, апайлар! Здраствуйте!
Шаттық шеңбері:
Қуанамыз,күлеміз Бар әлемді сүйеміз Қол ұстасып,қуанып Достармен бір жүреміз
Жұмбақ
Тәрбиеші:
Астық пісіп, орақ түсіп, Қырман дәнге толады. Бүлдіршіндер,айтыңдаршы, Бұл қай кезде болады? Күз мезгілінде.
Негізгі бөлім:
-Дұрыс, қазір жылдың қай мезгілі?
-Күз мезгілі.
-Күз мезгілінің айларын атайықшы?
-Қыркүйек,қазан,қараша.
-Қазір күз мезгілінің қай айы?
-Қараша айы. Балалар, күз мезгілінде ауа райы қандай болады?
Балалардың жауабын тындау.
Мансұр Қарашы күз келді,күз келді