Кәсіптік білім беруде ақпараттық технологияларды пайдалану

Мазмұны

 

 

 

  1. Кіріспе………………………………………………………………………………………….1

 

  1. Негізгі бөлім……………………………………………………………………………………

1)Оқытудың жаңа педагогикалық технологиясы………………………2

2) «Е-Learning бағдарламасы»…………………………………………………………..3

 

  1. Қорытынды………………………………………………………………………………………………..4

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУДЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ

КІРІСПЕ

Ең алдымен баяндамамды Қазақстан Республиксының Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы Қазақстан халқына кезекті жолдауынан бастасақ: «Біз кәсіптік және техникалық білім берудің мазмұнын толық жаңартпақ ниеттеміз» және де 2014-ші жылғы Жолдауында: «Барлық дамыған елдердің сапалы бірегей білім беру жүйесі бар. Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр деген болатын, сонымен қатар Елбасымыз айтқандай:

«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» деген.

Қазіргі заман талабы – оқытудың жаңа технологияларын меңгеру. Оқытудың жаңа технологияларының бірі – ақпараттық технология. Ақпараттандыру технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді, әрі білікті жұмысшы мамандарын даярлау оқытушының басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.

Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі. [1]  Сонымен қатар бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізу. On-line тәсілінде оқыту тәжірибесін дамытып, елімізде оқу теледидарын құру, оқу жоспарларына кәсіптік ғылымдары бойынша, бірінші кезекте, математика мен ақпараттандырудан қосымша сағаттар немесе пәндер енгізу қажеттігін баса айтты

Бүгінгі күннің басты талабы еңбек нарығы мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыруда  кәсіптік білім берудің беделі артып отыр. Осы мақсатта 2012 жылы Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2012 – 2016 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы әзірленді. Оның мақсаты —  техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін қайта  ұйымдастыру, бәсекеге қабілетті білікті мамандарымен қамтамасыз ету.

 

 

 

 

 

 

ІІ – Негізгі бөлім

1) Оқытудың жаңа педагогикалық технологиясы — оқытуды ізгілендіру, өзін-өзі дамытып, тәрбиелей білетін, заман ағымына ілесе алатын кәсіби, білікті, жан-жақты жеке тұлға қалыптастыруды мақсат етеді. Оқушылардың кәсіби білім сапасын арттырумен бірге өз қабілетіне қарап, өзін-өзі дамыта отырып, өзіне сын көзбен қарауға мүмкіндік береді. Танымдық белсенділігін арттырып, шығармашылық қабілетін дамытады. Оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, дамыту міндеттерін көздейді.

Педагогикалық шеберлік – ұстаздық талантпен тығыз байланысты. К.Д.Ушинский: «Педагогика теориясын қаншама жетік білгенмен, педагогикалық әдептің қыр – сырын меңгермейінше бұған оның оның қолы жетпейтіндігін»,—айтады.
Педагогикалық шеберлік – тек қана мұғалімнің жалпы, жан – жақты және әдістемелік сауаттылығы ғана емес, ол – әр сөзді оқушылырға жеткізе білу, олардың толық қабыл алуы. Ұстаздық шеберлік:

1) мұғалімнің өмірге көзқарасы, оның идеялық нанымды, моральды бойына сіңірген адам екендігі;

2) пәнді жетік білген, ойын толық жеткізетін және оқушылардың бойында әдеп, әдет, дағды сияқты моральдық нормаларды сіңіре білгендігі;

3) оқыту мен тәрбиелеудің әдіс – тәсілдерін меңгерген, білгенін қызықты да, тартымды өткізе алатын, педагогикалық әдеп пен талантын ұштастырған адам ғана шеберлікке ие болады. Педагогикалық шеберлікте педагогикалық техника деп аталатын мәселеге мән беріледі. Мұғалім әр сөзін дұрыс сөйлеп, нық айтуы тиіс, оның жүріс – тұрысы, қозғалысы, отырып – тұруы оқушыларға ерсі болмайтындай дәрежеде болуы керек.

 

 

 

 

 

 

 

2) «Е-Learning» бағдарламасы

Кәсіптік колледж оқытушылары үшін ақпараттық технологияларды пайдаланудың тиімділігі:

  • оқушының өз бетімен жұмысына;
  • уақытын үнемдеуге;
  • білім – білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеруде;
  • шығармашылық есептер шығару кезінде физикалық  құбылыстарды  түсіндіру арқылы жүзеге асыру;
  • қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;
  • қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;
  • экономикалық тиімділігі;
  • іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйренуде (би өнері,  қол еңбегі, дене шынықтыру сабақтары т.с.с.);
  • қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерімен әр түрлі тәжірибе нәтижелерін көріп, сезінуге мүмкіндік береді;
  • оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор.
  • e – learning жобасы арқылы сабақатарды өткізу.

 

Е-Learning – бұл оқу үрдісін ұйымдастырудағы халықаралық стандарттар мен принциптерін қолдайтын, барлық заманауи талаптарға сәйкес келетін, электронды және қашықтықтан оқыту. Оқытудың аталмыш жүйесі білім беру саласын түбегейлі өзгертеді. Яғни, мұғалім мен оқушының арасындағы байланыс өзгереді. Мәселен, «мұғалім ақпараттық коммуникациялық техникалармен қаншалықты жұмыс істей алады, ұстаз бен оқушының арасындағы байланыс өзгере ме?» деген сұрақтарға жауап аламыз. Ақпараттық технологиялардың арқасында сабақ беру әдісі жаңаланып, білім беру үрдісіне қатысушылардың міндеті өзгереді. Электронды оқыту жүйесі ұстаздарға білім берудегі жаңа бағытты үйретеді. Оның үстіне, Қазақстанда электронды оқыту жүйесін енгізу арқылы ЮНЕСКО-ның «барлығына қолжетімді білім беру» және «бүкіл өмір бойына білім алу» сияқты ХХІ ғасырдағы білім беру негізі жүзеге асырылады. Электронды оқыту жүйесі — білім берудің барлық деңгейін қамтитын жалпыжүйелік әдістемені айқындайтын бірден-бір жаңа бағыт. Сондықтан электронды оқыту жүйесінің бүгінгі білім беру саласына берері мол.

        E-learning (қысқаша ағылш. Electronic Learning) — электронды оқыту жүйесі, электронды оқыту, қашықтықтан оқыту, компьютерді қолдана отырып оқыту, желілік оқыту, виртуалды оқыту, ақпараттық, электрондық технологиялардың көмегімен оқыту сияқты терминдердің синонимі.
Юнеско мамандарының берген келесі анықтамасы бар: «е-Learning –Интернет пен мультимедиа көмегімен оқыту».
Бірнеше мағынасы болу мүмкін:

  1. Дербес компьютерді, ұялы телефонды, DVD-ойнатқышты, теледидарды  пайдалана отырып  электрондық құжаттармен өзіндік жұмыс жасау;
  2. Шалғай жердегі экспертіңнен (мұғалімнен) ақыл-кеңес, баға алу, қашықтықтан әрекеттесу мүмкіндігі;
  3. Жалпы бір виртуалды оқу қызметін жүргізетін әр жердегі (әлеуметтік желілердің) пайдаланушыларының қоғамын құру;
  4. Электронды оқу құжаттарын уақытылы тәулік бойы жеткізу;
  5. Электронды оқу құжаттарына және технологияларына, қашықтықтан оқыту құралдарына арнайы стандарттар мен сертификаттар
  6. Инновациялық педагогикалық технологияларды меңгеру және таныстыру, оны мұғалімдерге тарату;
  7. Оқу веб-ресурстарын дамыту мүмкіндіктері;
  8. Әлемнің әр жерінен кез-келген жерден, кез-келген уақытта заманауи білім алу мүмкіндігі.

Оқушылардың өзіндік жұмыстарын құруда қосымша ресурс ретінде е-learning  технологияларын қолданудың тиімділігі келесі факторлармен айқындалады:

  1. Оқушылардың топтық және өзіндік жұмыстарының арқасында  оқу материалдарын меңгеру деңгейінің көтерілуі.
  2. Білімді бақылау, оқу ақпаратын ашу үрдісін автоматтандыруда.
  3. Оқу материалының көрнекілігінің жақсаруы.
  4. Берілген оқу ақпаратының көлемінің өсуі.

Е-learning технологиясын дидактикалық тұрғыдан педагогикалық үрдіске еңгізуге болады. Технологиялардың берілгендерінің ішінен интернет-платформаларды (виртуалды оқыту құралдары) бөліп шығаруға болады: виртуалды сыныптар, мұғалімнің оқу сайты; дискуссиялық форумдар, блогтар; әлеуметтік желілер, интернет-телефония (Skype типті) бағдарламалары.  Берілген технологиялардың әр қайсысына терең тоқталсақ. Виртуалды сыныптар  мұғалімге  көп оқушылармен бір уақытта қатар  көпжақты бейнеконференциялардың немесе аудиоконференциялардың көмегімен, презентацияларды көрсету, виртуалды тақтада жазулар(сурет салу) сызу, оқушыларға сұрақ-жауап қою (чатта, тақтадағы жазу), on-line  оқытуды ұйымдастыруға үлкен мүмкіндік береді.

Бейнеәдіс – бұл ақпаратты көрнекіліктер арқылы қабылдайтын әдіс (оқу бейнефильмдерді пайдалану, бейнетренингтер, аудиториядағы лекция және практикалық жұмыстардың бейнежазбалары, бейнеэкскурсиялар, эксперт-мамандардың видеожазбалары және т.б). Бейнеәдіс келесі міндеттерді атқара алады: білімділік, бақылаушылық, қорытындылау, жүйелілік. Оқу мақсатында бейнежазбаларды пайдаланудың екі тәсілі қолданылады: дайын бейнематериалдарды көрсету және кері байланыс жасау немесе талқылау мақсатында есептерді (жобаларды, тренингтерді және т.б.) шығару барысында жазбаны пайдалану.

Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр.

E-learnіng жүйесі бүгінгі таңда әлемнің көптеген елдерінің білім беру жүйесіне үлкен қарқынмен енгізіліп жатқан алдыңғы қатарлы үлгілердің бірі болып табылады. Электронды білім беру бойынша жүзеге асырылатын ауқымды жоба Қазақстанның білім беру жүйесін ақпараттандырудағы серпіліс болады деген сенімдемін.

Кәсіптік білім беруде ақпараттық технологияларды пайдалану мен оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру атты мақаламды қорытындылай келе төмендегідей ұсыныстарға тоқталамын:

  • кәсіптік білім беретін оқу орындарын қазіргі заманға сай жаңа ақпараттық құрал – жабдықтармен жабдықтау, интерактивті тақталар мен мультимедиялық кабинеттермен          E-learnіng жүйесімен  қамтамасыз ету;
  • кәсіптік білім саласында оқытудың жаңа ақпараттық технологияларын пайдалану бойынша білім жетілдіру курстарын жиі ұйымдастыру;

 

Ақпараттық – коммуникациялық технологияны оқу – тәрбие үрдісінде қолдану оқушының өз мамандығына қызығушылығын арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын қалыптастырып, мамандық сапасын арттырып, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда үлесі мол.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Қорытындылай келетін болсақ  біздің болашағымыз өзіміздің қолымызда. Келешегімізді бүгіннен де нұрландыра түсу де өз қолымызда. Ал болашағымыз баянды да бақытты, нұрлы да шуақты болуы үшін менің ойымша:

*  ең алдымен өзіне лайық мамандық иесі атануымыз керек;

*  біздің әлеуметтік саясат бәсекеге қабілетті және күшті жалпыға ортақ    еңбек қоғамын құруға бағытталуы тиіс;

*  әрбіреуіміз еліміз үшін талмай еңбек етуге тиістіміз.

Себебі, өзге ұлттан келіп, біздің мемлекетімізді ешкім дамытып бермейді. Барлығы өз қолымызда. Біздің ұлтжандылығымызға, елімізге деген құрметімізге, осындай кең байтақ жерді бізге мұра етіп қалдырған ата-бабаларамызға тағзым етуімізге байланысты еліміз өркендеп, көркеймек.   Шыңға біткен шынардай шырайлы қазақ ұланы! Біз ҚАЗАҚ атты ұлы халықтың ұрпағы болғандығың үшін бүгіннен бастап ұлы істерге ұмтылуға тиіспіз! «Өзгелер салған сүрлеуге тү­сіп, бөтен іздің шаңын жұту Қа­зақстан жастарының таң­дауы емес». Ұлы іске ұмтыл дегеніміз, қолыңнан келместің етегіне жармас деген сөз емес. Қаперіңде ұстасаң кәдеңе жарайтын қарапайым ғана кеңестер.

Тағы да қоса кететін жайт Елбасымыз 2014 жылғы Жолдауында:

«Біздер, қазақстандықтар – бір халықпыз!

Біз үшін ортақ тағдыр – бұл біздің Мәңгілік Ел, лайықты әрі ұлы Қазақстан! Мәңгілік Ел – жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Бабаларымыздың арманы.

Егеменді дамудың 22 жылында барша қазақстандықтарды біріктіретін, ел болашағының іргетасын қалаған басты құндылықтар жасалды.

Олар көктен түскен жоқ. Бұл құндылықтар – уақыт сынынан өткен Қазақстандық жол тәжірибесі, және Елбасымыз соңғы жолдауында біздің ‘‘басты мақсат – Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы’’— деген болатын.

Сол себепті, ел ертеңін еңсеген, болашақ маман даярлауда өзіндік ізі өшпес оқытушылар қауымы әрқашанда жаңа заман талабына сай, интерактивті техника мен технологияларды қолдану арқылы кәсіби шеберлігі жоғары мамандар тәрбиелеуге талмай еңбек етуден жалықпайық дегім келеді.

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы
  2. Электрондық оқулық
  1. Ғаламтор
  2. Мұхамбетжанова С.Т. Толықбаева Ғ.Н., Жартынова Ж.Ә.
    Электрондық оқыту бойынша мониторингінің жүргізу әдістемелік құралы.
  3. Семченко А.А. Мұхамбетжанова С.Т.  Толықбаева Ғ.Н. Жартынова Ж.А. Коровина С. В.Объектіге бағдарланған «MOODLE»ортасы арқылы білім контенттерін жасау.
  4. М.А.Ғалымжанова. «Педагогтардың ақпараттық-коммуникациялық құзырлылығын қалыптастыру бағыттары»
  1. Жаңа білім беру жүйесі.  Wikipedia

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *