Оптикалық аспаптар.
ҰМЖ тарауы: | Талғар агробизнес және менеджмент колледжі
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Оқытушының аты-жөні: Далелхан Баян
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Курс: | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны:
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Қарапайым оптикалық аспаптар. Қолдан перископ жасау.
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 11.6.2.6.- линзалар жүйесінде сәулелердің жолын салу.
11.6.2.7.- әр түрлі радиустағы екі сфералық беттен тұратын жұқа линзаның формуласын есептер шығаруда қолдану; 11.6.2.8.- телескоп, микроскоп және лупадағы сәуленің жолын салу және түсіндіру;
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты | Барлық білімгерлер:
Линзалар жүйесінде сәулелердің жолын салуды, телескоп, микроскоп және лупадағы сәуленің жолын салуды түсіндіріп, есеп шығаруда қолдану; Көптеген білімгерлер: Линзалар жүйесінде сәулелердің жолын салуды түсіндіру; Кейбір білімгерлер: Жұқа линзаның формуласын қолдану арқылы есептер шығару;
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийі | 1. Линзалар жүйесінде сәулелердің жолын салады.
2. Линзаның формуласымен есептер шығарады. 3. Оптикалық аспаптардың жұмыс істеу принципін талдайды.
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Білімгерлер оптикалық аспаптарға ауызша және жазбаша сипаттай алады.
Пәнге тән лексика мен терминология: ТЕРМИНОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІКТЕР
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: 1. Оптикалық жүйе ……….. 2. Лупаның, микроскоптың, телескоптың бұрыштық ……….. неге тең? 3. Сызықтық ұлғаю……
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарға баулу | Білімгерлерді еңбек және шығармашылық, өмір бойы білім алуға баулу.
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Оптикалық аспаптардың жұмыс істеу принципін астрономия және жұқа линзаның формуласын қолдану арқылы математика пәнімен байланыстырады.
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы білім | Геометриялық оптика заңдарын еске түсіреді.
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың кезеңдері | Сабақтағы жаттығу түрлері | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басталуы
|
Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық ахуал: «Шaттық шeңбepiнe» Топқа бөлу «Сұрақ ілмегі» 1.Микроскоп 2.Телескоп 3.Эпидоскоп
(W)Ширату жаттығулары: «Семантикалық» Сұрақ пен дұрыс жауаптың қиылысына «+» таңбасын қойыңыз.
(f): ынталандыру. Жаңа тақырыпқа шолу: Жаңа тақырыпты түсіндіру барысында видео көрсетіліп, білім алушылармен біріге отырып тақырыпты ашады. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы |
Білім дағдысы: Білу, түсіну. Белсенді оқыту: «Тұжырымдамалық карта» (G) Тапсырма-1. Білімгерлерге бейнефильм көрсетіледі. Келесі сұрақтар қою арқылы оқушыларды диалогқа тартамыз. Мысалы: «Оптикалық құралдардың кескін түрлері қандай?, Олардың ұлғаю формулаларын атаңдар?!» Білімгерлер өзара талқылап, өз көзқарастарын ұсынады.
Дескриптор: Ұлғаю формуласын еске түсіріп, кескін түрлерін анықтай отырып сұрақтарға жауап береді. (f): Бутерброд Білім дағдысы: Қолдану. Белсенді оқыту: «Ойлан-жұптас-бөліс» (G) Тапсырма-2: Тақырып бойынша алған білімдеріңді есептер шығаруда қолданыңдар.
№1. Бала көзілдірігін шешіп кітап оқиды. Ол кітапты көзінен d = 16 см арақашықтықта ұстайды. Оның көзілдірігінің оптикалық күшін анықтаңдар.
№2 Ұлғайтуы он екі еселенген және ұзындығы 26 см көру түтігін құрастыру үшін қандай линзалар керек?
(f): «Сэндвич»
Білім дағдысы: Талдау. Синтез. Белсенді оқыту: Ақпарат жинау (G) Тапсырма-3:
PISA тапсырмалары Дәулет жарық емес жұлдыздарды бақылау үшін линзасы бар телескопты қолданады. Неліктен линзасы бар телескоптар жарық емес жұлдыздарды бақылауға мүмкіндік береді? А. Линза үлкенірек болған сайын, ол көбірек жарық жинайды. Б. Линза үлкенірек болған сайын, ол үлкенірек ұлғайтады. С. Үлкен линзалар молырақ аспан кеңістігін көруге мүмкіндік береді. Д. Үлкен линзалар жұлдыздардағы күңгірт түстерін көруге мүмкіндік береді.
(f): «Екі жұлдыз, бір тілек»
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың аяқталуы |
Бекіту кезеңі: «Мақсатқа жету» 1. Оптикалық аспаптарға нелер жатады? 2. Микроскоп неше есе үлкейтуге көмектеседі? 3. Оптикалық аспаптардың негізгі міндеттері не?
Рефлексия: «Керемет алма ағашы» Оқытушы тапсырманың орындалу деңгейін талқылай отырып, сабақ мақсатына оралады.
.Үйге тапсырма:
v Сыни тұрғыдан ойлау, яғни кестені толтыру; v Суреттер сөйлейді, әр суретке қарап анықтама бере кету керек; v Ой қозғау, яғни кестені толтыру; v үй жағдайында перископ жасап үйрену; v PISA тапсырмаларымен жұмыс жасау.
|