«ТЕРЕҢ БІЛІМ – ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ТІРЕГІ»

      «Барлық істің басшысы- білім мен ұғым» деп Жүсіп Баласағұни айтқандай егеменді елдің тірегі-білімді ұрпақ .Демек, болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде ғана. Қай елдің болмасын өсіп -өркендеуі , өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты.  Азат елдің айбынды жастары! ХХІ ғасырда жалпы адамзаттың даму жолын білім мен ғылым айқындайды. Қазіргі таңда әлемдік даму үдерісінде білім мен ғылым – басты өмір сүру тетігі. Елбасымыз өзінің әрбір жолдауында Жастар – елдің өсіп-өркендеуі жолындағы негізгі күш болып саналатынын, қоғамның кез-келген саласында жастардың күш – жігерінсіз жүзеге асқан шаралар кем де кем екендігін атап көрсетеді. Елбасының қашанда жастардың жағдайларын жақсарту, олардың қоғамда өз орындарын табуына қолдау көрсетуі асқан бір көрегендіктің белгісі.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясы мен инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу», – деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері атап көрсетілген. Аталған міндетттерді жүзеге асыру үшін оқытудың заманауи технологияларын енгізу арқылы және оларды тиімді пайдалану секілді мәселелерді анықтап алу, білім беру жүйесіндегі басты ұстаным ретінде әркімнің өзінің білім алуға деген жеке әлеуетін қоғамда барынша пайдалануға көмектесетін оқыту жүйесін дамытуды қамтамасыз етуді көздейді.

Қазақстанда білім беруді жаңғырту – бүгінгі заманның талабы. Қазіргі таңда жаңа технологиялармен оқыту жүйелі түрде жолға қойылып келеді. Оған мамандарды қайта оқыту, заманауи білім беру, түрлі жаңа технологиялық тәсілдер арқылы оқуға деген қолжетімділікті арттыру сынды мысалдарды айтуға болады. Еліміздегі білім беру жүйесін жетілдірудің басты мақсаты – еліміздегі білімнің сапасын және бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады.

Қазіргі педагогика ғылымының бір ерекшелігі жеке тұлғаға бағдарланған инновациялық оқыту технологиясының кең қолданысқа енуі. Қазірігі таңда кәсіптік білім беру орындарда инновациялық технологияны ендіруге көптеген күш жұмсалады. Колледж педагогтарының негізгі міндеті: әдіс тәсілдерді дұрыс таңдау, жаңаша педагогикалық технологияларды дұрыс қолдана білу, жеке тұлғаның дұрыс дамып қалыптасуы үшін ыңғайлы жағдай жасау. Нәтижеге бағытталған білім-белгілі бір мақсатқа құрылған тәрбие, оқыту, білім беру, даму және қалыптасу арқылы жүзеге асады.

Инновациялық үрдістің негізгі-жаңалықтары қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Кез келген жаңа әдіс жекелік, сондай ақ,уақытша жоспарға жатады. Бұл яғни, бір педагог үшін табылған жаңа әдіс.

Менің де арнайы пәндер оқытушысы ретінде алға қойған мақсатым-білім алушыларға ұлттық педагогикалық тәрбие мен сапалы білім берумен қатар олардың шығармашылық қабілетін арттыру. Сол себепті ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін идеялық жағынан ғылыми негізде өмірмен байланысты ұйымдастырып, жастардың қызығуын, білімге құштарлығын таныту.

Әр ұйымдастырылған оқу іс -әрекетінде жастарды ойлануға, өздігінен ізденіс жасауға баулып, ойын, ауызша, мәдениетті сөйлеуге үйрету арқылы дағдыландыру әрбір педагогтың абыройлы борышы. Ұйымдастырылған оқу іс -әрекетінде ақпараттық технологияларды пайдалана өткізілетін сабақтарды жоспарлаудың негізгі талаптары: психологиялық ахуал туғызу; жастардың ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне қызығушылықтарын (ынта, ұмтылыс) тудыру; ақпараттық-коммуникативттік технологиялармен орындалатын жұмыстардың қызықты болуы; топтағы әр деңгейлі білім алушылар ескерілуі керек; өзіндік пікір,идеялар, тұжырым, түсінік келтіру; өз бетінше орындауға берілген жұмыстарды шығармашылықпен орындауға үйрету; студенттердің өзінің үйренгені мен өз түсініктерін ортаға салып, бірлесе талқылап, олар туралы пікір алысуға мүмкіндік жасау.

Қорыта келе, қазіргі талаптың басты міндеті – педагог мамандардың кәсіби құзырлығын қалыптастыру мен біліктілігін үздіксіз арттыруды, ғылыми- әдістемелік қызметтің жаңашылдығын, түрлері мен әдістерін іздестіруді қамтамасыз ету, оны үйлестіре білу болып отыр. Сондықтан қазіргі заманауи білім беруде әр білім алушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуда. Өйткені, мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.

                                                                     Мұсаева Қайыркүл Мұсақызы

                                                       Қызылорда көпсалалы «Ұлағат Қызылорда»

колледжінің оқытушысы

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *