Музыка өнерінің эстетикалық табиғаты

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының білім бөлімі»ММ

КМҚК «Балалар музыкалық мектебі»

 

 

 

 

 

 

Әдістемелік баяндама

«Музыка өнерінің эстетикалық табиғаты»

 

 

 

 

 

Домбыра  сыныбының оқытушысы: Акашова Шуга Болатовна

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Риддер қаласы

 

Музыка өнерінің эстетикалық табиғаты

 

Музыка эстетикалық тәрбие көзі.
1. 1. Бастауыш сынып оқушыларына музыка пәні арқылы эстетикалық тәрбие беру
1.2. Музыка және баланың жеке басының жетілуі .

 

Тәрбие сонау алғашқы қауымдық құрылыстан бастап, осы күнге дейін келе жатқан бір сәтте тоқтамаған үнемі даму үстінде болса да, әр заманда ол туралы қандай бір келелі пікірлер айтылса да, небір шаралар істелсе де, түйіні мен түйткілі көп үрдістердің бірі. Әр заман, әр дәуір өз проблемасын алып келіп, оның бұрыннан шешілмей келе жатқан мәселелері үсті-үстіне жамалып көбеймесе азайып отырған жоқ. Осындай түйткілді мәселелердің бірі – жастарға эстетикалық тәрбие беру. Болашақ педагог маман, бүгінгі студенттерге эстетикалық тәрбие беру мәселесі кейінгі кезде бәсеңдеп қалған жайы бар. Бұны қайтадан жандандырудың көп жолдарының бірі, халқымыздың көркемдік тәрбиеге байланысты ертеден келе жатқан ой-пікірлеріне сүйене отырып, солардың ішінен қазіргі заманғы эстетикалық тәрбие мәселелерін шешуге іргетас болатын ұрымтал ой-пікірлерді бүгінгі күн талаптарына сай пайдалану.

Ал эстетикалық ойлар болса, ерте заманнан бері қарай адамдардың санасында орын алғанын сол кезден бері қарай бізге жеткен туындылардан табамыз. Атап айтсақ, «Күлтегін», «Оғызнама» жазба ескерткіштерінде бұл Отанға, халқына болған сүйіспеншілікпен күнделікті тұрмыс заттарындағы әшекей бұйымдар, әдемі бейнеленген суреттер, адамдардың кескін келбетінде, сөйлеген сөзіндегі тіл көркемдігінде көрініс тапқан. Одан кейінгі түркі дәуіріндегі ғұламалардың жазбаларынан эстетикалық мұратқа байланысты көркем идеялардан бастап, адамдар арасындағы қарым-қатынас көркемдігі, ақыл-ой мен тағы да сол тіл көркемдігі, өнер, музыка, поэзия, тұрмыстық зат-бұйымдардағы талғамынан, өмір көркемдігіне болған мәлімелесінен байқаймыз.

Әр ұлттың интонациялық, ырғақтық ерекшеліктері, дыбыстық тәжірибесі және басқа да көптеген факторларға байланысты ұлттық музыка өзіндік айырмашылыққа ие. Бұны халық музыкасын тыңдаған кезде анық байқаймыз. Осы күнгідей музыканың ұлттық ерекшеліктерін білдіретін қырлары жойылып, барлығы ұқсас болып бара жатқан кезде әр ұлттың мәдени, рухани-сезімдік өзгешелігін байқататын және сол негізде адамның жан-дүниесін тәрбиелейтін арнайы жұмыстар қажет-ақ. Бұны Халық сынды басқа да композитор, ғұлама, ғалым ар мен Халық, әнші, жыршылар шығармашылығы негізінде музыкалық-эстетикалық тәрбие арқылы жүзеге асыруға болады.

Халық сусындаған мол байлық көзінің ең бастысы – шығыстың көркем әдебиеті және ежелден келе жатқан халықтың ауыз әдебиеті мұрасы, қазақ хандығы тұсындағы Халық-жыраулар мұралары және орыс мәдениеті арқылы таралған Еуропа әдеби мұралары екені айтылып келеді.

Ән өнерінің өзі болмысынан эстетикалық жүк кетеретіні белгілі. Себебіол алдымен «кұлақтан кіріп бойды алып» адамның сезім әлеміне арналады және оған әсерін тигізеді. Осыған орай Халықның композиторлық дарынының дамып, қалыптасуына ықпал еткен факторларды М.О.Әуезов, Б.Г.Ерзакович, А.Жұбанов, С.Ақылбайұлы, Б.Елеуғожин, А.Агибаева, В.Дернова, П.Зарубин т.б. зерттеулеріне негіздей отырып, анықтауға күш салды. Сөйтіп оны- әжесінің әлдиі мен атасының бесік жыры, медреседе әндетіп оқитын Құран сүрелерінің әуені, бала кезінен тыңдап өскен жыр-дастандардың әуенімен бозбала кезінде еліктеген халық композиторларының әндері, домбыра тартуға әуестігі және ән-күйге болған құштарлығы, Халықның өзінің «құйма құлақ дарыны – деп топшыладық. Алайда Халық әндерінің өзіндік жаңа сипатта туындауына себеп болған басты факторлар туралы айтқанда Д.Мельников, Қ.Байжанов, М.Мұхаметжанова, А.Махамбетова, М.Төлебаев, Л.Хамиди ұлттық сарын мен орыс, украин жалпы Еуропа музыкасының да әсері болғанын Е.П.Михаэлис, Н.И.Долгополов, заңгер А.А.Леонтьев(психолог емес), суретші П.Д.Лобановский, әнші Әлмағамбет, скрипкашы Мұха, әнші жары Әйгерім, музыкаға құштар балалары Әбдірахман, Ақылбай және басқалардың әсерінің мол болғанын атап көрсетеді. Осы және басқа да зерттеулерге сүйене отырып Халық әндерінің ерекшеліктерін: созылмалы әннің дауыс толқынының өзгеріс-козғалысына негізделетіні; музыкалық дыбыстардың бірінен бірі жоғарылы-төмен сатылап, әр түрлі үнмен айтылуы; осындай өзгеше бітім-құрылысына сәйкес әсем әуезділігі; адамның сезім күйін терең ашып бере алатын мәнділігі-деп көрсетуге болады.Тарихидеректерге қарағанда ғұлама, Халық, колмпозитор Халықтың бірнеше күйлері болған, солардан бізге жеткені «Торжорға», «Май түні».

Зерттеуші ғалымдар А.Сейдімбеков, З.Ахметов, Е.Шомбалова,Б.Ғизатов, М.Алиасқарұлы, Т.Әлімқұлов, А.Ахметжанов, Т.Базарбаев,У.Бекенов, А.Ділманов, І.Жақанов т.б. Халық поэзиясының танымдық,тәрбиелік мәнін терең түсініп, оны адам мінезін, заманды түзетудің күшті құралы деп қарастырады.

Ғұлама, композитор Халықтың музыкатану бағытындағы және Халықпоэзисының эстетикаға қатысы мен музыкадағы сипаты жайлыБ.Елеуғожин, Ә.Шерубаев, ҚАшимова, А.Қалмырзаев, А.Есенжанов,Ғ.Жүнісов, М.Нұрқатова, С.Күзембаева т.б. еңбектерін зерделей келе Халық шығармаларының мәніне, эстетика санаттары мен байланысы және эстетикалық тәрбиедегі мағынасын анықтауға ұмтылдық. Бұл ретте композитор Халықтың ән немесе музыка эстетикасына қатысты пікірлерін мына өлең шумақтарынан байқауға болады: «құр айқай бақырған, кұлақка ән бе екен», «домбраға қол соқпа», «құлақтан кіріп бойды алар, жақсы ән мен тәтті күй», «…әуелесін қалқысын, от жалын боп шалқысын», «…салған ән көлеңкесі сол көңілдің … шырқап, калқып, сорғалап, тамылжиды, жүрек тербеп оятар баста миды … ұйықтап жатқан жүректі ән оятар … кейі зауык, кейі мұң, дертін қозғап … әннің де естісі бар, есері бар, тыңдаушының құлағыңды кесері бар…ақылдының сөзіндей ойлы күйді тыңдағанда, көңілдің өсерібар…» – деп келтіреді ол. Бұларда ән өнерінің түпкі мәнінде белгілі бір ой-пікір жататыны айтылып, ән, әуен, музыканың эстетикалық санаттарға қатысы көрсетілген. Сондықтан эстетикалық тәрбие туралы сөз қозғағанда оның философияда қабылданған санаттары – көркем (прекрасное), қайғылы (трагедия), сайқымазақ (комедия), асқақ (возвышенное), ұсқынсыз (низменное) – дегендерді талдамай тұрып, Халықның әр сөзіне осы санаттар тұрғысынан жуықтамай тұрып оны пайымдап, жүзеге асыру мүмкін емес.

Музыка өнері халық әндері арқылы жастарды эстетикаға тәрбиелеудің маңызы – өлең сөздің мазмұнын музыка немесе ән арқылы байытумен ерекшеленеді. Ән – сөздің сезімге әсер ету қуатынарттырады.

Эстетикалық тәрбиеге қатысты педагог-ғалымдардың ойларын жинақтай келе және эстетикалык тәрбие берудің мазмұны, әдістері, тәсілдері т.б. ескере келіп біз Халық музыкалық туындылары арқылы эстетикалық тәрбие берудің үлгісін, халықтың музыкалық мұралары арқылы студенттерге эстетикалық тәрбие берудің теориялық моделін жасадық (Кесте-1, Сурет-1).

Эстетикалық тәрбиенің мақсаты, міндеттері, кұралдары мен әдістері,эстетиканың санаттары және оның Халық шығармаларына қатысынабайланысты педагог, психолог, философ, әдебеттанушы, халықтанушы және басқа да ғалымдардың жоғарыда біз келтірген ой-пікірлеріне және Халықтың өзінің ән, күйге байланысты пікірлеріне сүйене отырып болашақ музыка-педагогика мамандарына Халық музыкалық мұрасы арқылы эстетикалық тәрбие берудің ұстыны-эстетикалық тәрбиенің аса маңызды кұрамдас бөлігі – өмірдегі, табиғаттағы, адамзат ой-пікірі мен іс-әрекетіндегі көркемдіктіқабылдау арқылы сезіну, көре білу, оны түсіну және соның төңірегінде ой жүргізу екеніне көз жеткіздіқ Сол үшін эстетикалық тәрбие беруде көркем өнердің барлығына тән – қабылдау, эмоционалды әсерлену,қиялдануын, өзіндік танып-білуін дамыту, оларды жарату жолдары, тәсілдері т.б. меңгерту, олар туралы алғашқы білім, біліктер туралы түсінік беру қажет деген пікірдеміз. Осы мәселелерді шешуде мынадай жалпы педагогикалық талаптарды орындау қажет:

– жалпы көркем шығармашылықтың негізі өмір шындығын бейнелеуболғандықтан студенттерді қоршаған ортаның көркемдігін көре білуі, оны сезіну, түсінуге үйрету, тиістілерін пайдалану мүмкіндігін кең қолдану;

 

Кесте 1 – Эстетикалық тәрбиені халықтың музыкалық-педагогикалық мұралары арқылы жүзеге асыру жүйесі

Эстетикалық тәрбие беру жүйесі

Мазмұны

  1. Халықтың музыка-лық мұралары арқылы эстетикалық тәрбие беру мақ-саты

Халықтың музыкалық мұралары және оның өлеңдеріне жазылған, музыкалық шығармалар арқылы студенттердің эстетикалық қабылдауын қалыптастыру.

  1. Халықтың музыка-лық мұралары арқылы эстетикалық тәрбие беру міндет-тері

 

1) Эстетикалық қабылдауын ұйымдастыру арқылы тұлғаның білім, білігі және қабілеттеріне ықпал етудің біртұтастығын қамтамасыз ету;

2) Эстетикалық қабылдаудың эмоционалды-зерделік тұстарының үйлесімділігіне шарт түзу;

3) Эмоционалды сезімдік қабылдаудың тереңдігіне жағдай туғызу;

4) Оқушылардің эстетикалық қабылдау белсенділігін арттыру немесе іс-әрекетіне қозғау салу.

  1. Халық шығарма-лары арқылы эстетикалық тәрбие-ні жүзеге асыру құралдары

Халықтың музыкалық мұраларына қатысты мақалалар; олардың музыкалық жазбалары; Халық өлеңдеріне жазылған музыкалық шығармалары; Халық күйлері; грампластинка, электронды жазу құралдары; өлеңдері және эстетикалық санттарға қатыста материалдар; көркемсурет, әдебиет туындылары.

  1. Халықтың музыка-лық мұралары арқылы эстетикалық тәрбие беру маз-мұны

 

Халықтың музыкалық мұраларындағы көркем-эстетикалық идеялар: адамның іс-әрекеті мен мінез-құлқы, қарым-қатынасы, Халықның ән, күйге байланысты ой-пікірлері; өмір және табиғат құбылыстары, сөз өнері және өлең жайлы ой-толғаулары; музыкалық шығармаларын эстетикалық қабылдауы: эстетиканың көркем, ұсқынсыз, асқақ, қасірет, әжуа санаттарының ән шығармашылығындағы сипаты.

  1. Халықтың музыка-лық мұралары арқылы эстетикалық тәрбие беру ұстанымдары

а) басқа өнер түрлері және музыка өнерінің өзге салаларымен байланысы; ә) қарапайымнан күрделіге, белгіліден белгісізге қарай дамыту және ғылыми-педагогикалық негізділігі; б) музыканың басқа пәндерінмен сабақтастығы; в) дамыту, тәрбиелеу, білім беру мақсаттарының ұштасуы; г) эстетиканың санттары және Халық мұрасындағы сипаттарының байланысын негізге алу.

  1. Халықтың музыка-лықмұраларыарқылыэстетикалықтәрбие беру формалары

Сабақтантыстәрбиежұмыстарыныңтоптық, жеке, көпшіліктіқамтуформалары; дәрістер, семинар сабақтары мен практикалықсабақтар, студенттердіңөзіндікжұмысы, ұстаздыңстудентпенсабақтантысжұмыстары; факультативтер (арнайы курс).

  1. Халықтың музыка-лықмұраларыарқылыэстетикалықтәрбие беру әдістері

Халықтың; музыкалықмұраларындағыэстетикалықсанаттардыңсипатыніздеп табу, олардыталдау, топтастыру, жіктеу, сараптау, іріктеу, т.б. әдістері; Халықшығармаларынэстетикалыққабылдауғаүйретутәсілдері, эстетикалықсезіміндамытуәдістері, эстетикалықіс-әрекеткежұмылдыруәдістері мен тәсілдері; сабақтантысжұмыстарұйымдастыруәдістері; студент белсенділігінарттыруәдістері.

– эстетикалық тәрбие үнемі, тұрақты, бірізділікпен көркемөнер
туындыларын көріп, оқып, талдап, ой жүргізуді талап етеді, сол себептістуденттерді Халық әндерін талдауға, ой жүргізуге үйрету, бұны Халықшығармалары негізінде ұйымдастыру;

– жастарды шынайы көркемөнер туындыларымен таныстыруға шарт түзу- Халықның ән шығармашылығы және оның өлеңдеріне жазылғаншығармаларды пайдалану, өлеңдеріне ерекше көңіл қою;

– эстетикалық тәрбие талаптарын орындау үшін ой жүргізу, қиялдану, талдау, сараптау, тағы басқа ақыл-ой қызметіне жүгіну- Халық шығармаларын ойланбай тұрып түсіну мүмкін емес, оның болмысы адамды ойға жетелейді, міне осыны толық пайдалануға мүмкіндік туғызу;

– өздігінен көркем туындылар жаратуға құлшынысын ояту, соған шарт түзу-Халық тұлғасы, ол өмір сүрген орта, оның композиторлық жәнеХалықдық, ойшылдық болмысына ықпал еткен факторларға қатысты, Халық музыкалық мұрасын үйрену, насихаттау секілді шығармашылық-ізденіс жұмыстарын ұйымдастыруы.

Біз өз зерттеуімізде эстетикалық қабылдаудың тұлғаның білім, білігіжәне қабілеттеріне байланысты тұстарын қарастыру керек деген ойға келдіқ Сөйтіп теориялық және тәжірибелік зерттеулеріміздің нәтижесінде эстетикалық қабылдаудың көрсеткіштері, қабылдаудың біртұтастығы, эмоционалды-зерделік тұстарының үйлесімділігі және эмоционалды сезімдік қабылдаудың тереңдігі; қабылдау белсенділігі болуы керек деп ұйғардық. Келтірілген эстетикалық тәрбие беруді ұйымдастыру үлгісі және қабылдау мен эстетикалық тәрбиенің байланысына қатысты педагог, психолог ғалымдардың пікірлеріне сүйене отырып, эстетикалық қабылдау өлшемдерін келтірдік (Сурет-1).

Осыларға негіздей отырып, біз Халық музыка мұрасы арқылыэстетикалық тәрбие берудің өзгешелігін пайымдауға ұмтылдық. Олармыналар:

– қайғылы кұбылыстарды суреттеген өнер туындысының өзі адамның бойында жағымды сезім іздерін қалдырады;

– олартереңэстетикалыққанағаттанутуындатады;

– соларқылыішкіжандүниесінеықпалетеді;

– белгілібіріс-әрекеттерге жетелейді.

Эстетикалықсезіммазмұныжағынан сан алуанболуымүмкін, мысалы, шаттану, қуаныш, сүйінішсезімдері; масаттану, мақтанышсезімі; таңдану, таңырқаусезімі; қайғы, қасірет, торығу, күйзеліссезімдері; Бірақолардыңбарлығынбіріктіретінсолтыңдап, көріпотырғаннысананың, құбылыстың формасы, мазмұны, түр-түсі, үйлесімділігі, сыртқысипаты мен сапасы, ішкі маңызы, ритмі мен ырғағыжәнебасқаларыэстетикалыққуаныш, эстетикалықрахаттану, ләззаталусезімдеріболыптабылады.

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

 

 

А.Жұбанов. Жас буынға эстетикалық тәрбие берейік

М. Ахметова. Музыка мәдениеті және ұлттық дәстүр

Р.Р. Жәрдемәлиева. Жаңа программа жайында

Ө.Байділдаев. Музыкалық оқу тәрбие жайында пікірлер

Ө.Байділдаев. Эстетикалық тәрбиені де ұмытпайық

 

 

 

 

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *