“Солтүстіктің жабайы жануарлары”

Тәрбиеші:Нургалиева Б.М. ІІ-санатты тәрбиеші

ШҚО ББ «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған оңалту орталығы» КММ

 

Ұйымдасқан оқу қызметінің технологиялық картасы

Білім беру саласы/ бөлімі: «Әлеуметтік орта» / «Қоршаған ортамен таныстыру»

Сабақтың тақырыбы:«Солтүстіктің жабайы жануарлары»

Қойылған  мақсатқа   жету  барысында    алдыма  келесі мақсат міндеттерді  жүктедім:

Мақсаты: солтүстік жабайы жануарлары туралы жалпы түсініктерін қалыптастыру

Тәрбиелік:Жануарларды және табиғатты аялай білугетәрбиелеу.

Білімділік: Солтүстіктің жабайы жануарлары туралы жалпы түсініктерін қалыптастыру,елеулі белгілері бойынша ажыратуға үйрету. Олардың мекен ету ортасы – Солтүстік, оңтүстік  полюс, Арктика мен Антарктида, оның табиғатындағы ерекшеліктер туралы түсінік беру.

Түзете-дамытушылық: әрбір аңның атын дұрыс атауға жаттықтыру және олардың тіршілік ету жағдайларына деген қызығушылықтарын арттыру; балалардың танымдық қызығушылығын арттыру.

Әдіс-тәсілдер:сөздік (түсіндіру, сұрақ-жауап,жұмбақ), көрнекілік (суреттер,слайд, пазлы) Дидактикалық ойындар: «Судоку»,  «Төртіншісі  артық», «Тізбексөздер»,АТҚ.

Көрнекіліктер:тақырыпқа байланысты суреттер; дидактикалық ойынға қажетті материалдар;

Алдын-ала атқарылатын жұмыстар: жер шары, солтүстік, оңтүстік полюспен таныстыру; Қызыл кітап жайлы әңгімелеу.

Сөздік жұмысы-билингвальді компонент:Глобус-жер шарының моделі,ласты-ескекаяқтар

Ұйымдастырылған оқу қызметі алдындағы қимылды  ойын: «Көлбең-көлбең, көлеңкем»

Көлбең-көлбең, көлеңкем,

Көлбеңдеген көлеңкем,

Аю қалай жүреді, (түлкі, қоян, бұғы)

Кім көрсете біледі?

Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы

 

 

 

 

Іздеу- ұйымдас-тырушы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рефлек-сиялық түзетуші

-Балалар, тобымызға бүгін қонақтар келді, қанеки, бәріміз сәлемдесейік.

Балалар бізге қонаққа ақ аю  келді.

-Қалай ойлайсыңдар, ақ аю қайда тұрады? (солтүстікте)

– Ия, біз бүгінгі сабақта Солтүстік жануарлары туралы әңгімелесеміз.

– Мына аппақ қонжықтың аты Умка, ол да Солтүстік полюста тұрады

Умкамен бірге Солтүстік полюсқа саяхат жасаймыз.

Орынымызға отырайық

 

Негізгі сабақ

Жұмбақ глобус туралы

Доп секілді келбеті,

Онда бар түп- түгел,

Әлемнің әлпеті. (Глобус)

 

– Глобуста бүкіл жер шары, таулар, мұхиттар, өзендер, жазықтар бейнеленген.(глобусты көрсету)Солтүстік полюсте Арктика орналасқан (көрсету). Оңтүстік полюсте Антарктида орналасқан.

Солтүстік және Оңтүстік  полюстерде қармен және мұзбен жабылған полярлық аймақтар жатыр.Арктика жағалауларын Солтүстік Мұзды мұхит жабады.

-Неге мұздымұхитдепатаймыз?

Полюстердеүнеміқысмезгіліболады. Жылдыңбарлықмезгіліндемұхиттымұзбасыпжатады. Ондағыауарайықатал, ұзақуақыт поляр түндері, ұзақуақыт поляр күндеріболады. Айсбергтер суда қалқыпжүреді. Айсберг дегеніміз мұз тау дегендібілдіреді,.мұздықтарданбөлінгенірі-ірікесек,ұлкенмұздар.

-Осы Солтүстік полюсте табиғаттың керемет құбылысы солтүсттік шұғыласы болады.(көрсету) Ол туралы мектепте тереңірек білетін боласыңдар.

 

Слайд арқылы түсіндіру

1.      Солтүстің ең алып жануары– ақ аю.

–          Қалай ойлайсыңдар, ақ аю неліктен суықтан қорықпайды?

Балалардың жауабын толықтырып, әңгімелеу, жаңа қызықты мәліметтер беру.

Ақ аюдың денесін қалың тері қаптаған және терісінің астында қалың май қабаты бар. Май қабаты өте қалың болғандықтан, ол су астында көп уақыт өткізе алады. Табанның жастықтары қалың қылшықтармен жабылған. Сондықтан аюдың табандары қатып қалмайды және мұзда сырғып кетпейді.

Оның ұзындығы шамамен 3 м, ал салмағы 800 -1000 кг болады. Қарда ол мүлдем көрінбейді.

– Сендер қалай ойлайсыңдар, ақ аю қарда неге көрінбейді?

-Балалар, тұмсығын неліктен жауып алады?

Ақ аюдың тек мұрны ғана қап-қара боп көрінеді. Аң аулап, қорек іздеген  кезде ақ аю қап-қара тұмсығын жауып алады екен. Ақ аю балықпен,итбалықтармен қоректенеді.

– Қараша-желтоқсан айларында аю мұзды тесіктерде 2-3 кішкентай алақандай ғана қонжықтарды дүниеге әкеледі, оны майлы сүтімен тамақтандырады.

 

2.      Итбалық (морж) – ол да ірі жануар. Оның басы,жуан мойны, денесі,  ұзын сойдақ(бивни) азу тістері және мұрты бар. Осы ұзын азу  тістерінің көмегімен мұздың үстіне шығады, судың түбінде осы азу тістерімен қорегін қазып жейді. Олардың көру қабілеттері нашар.

–          Қалай ойлайсыңдар, итбалықтар суда немен жүзіп, немен

қоректенеді?

Ол керемет сүңгуір және жүзгіш. Аяқтарының орнына ескекаяқтары (ласты) бар.Сыртқа шығып ауа жұтып аладыда, қайтадан суға түседі. Қыста, су тез қатып қалған кезде, басымен мұзды тесуге мәжбүр болады. Судың сыртында итбалықтар мүлдем дәрменсіз. Неліктен?

-Олар үлкен, баяу және аяқтары жоқ. Сондықтан итбалықтар полярлық аюлар үшін оңай олжа болады.

3.      Солтүстік бұғыларының денесін түкті тері қаптаған. Олар қыс

мезгіліне қалың май қабатын жинайды. Оның тұяқтары өте мықты.

–          Солтүстік бұғысына мықты тұяқтар не үшін қажет?

Ұзын аяқтары қалың қарға түсуіне жол бермейді,тұяқтар бір-бірінен алшақ және өткір жиектері бар, сол үшінде мұзда тайғанамайды. Сондай-ақ, бұғы қар астындағы қорегін күрек сияқты тұяқтармен қазып жейді. Бұл жануарларды ерекше белгісі не? (Мүйіз). Үлкен, әдемі, тармақталған.Бұғының мүйіздері жыл сайын қыста немесе көктемде түсіп, қайта өсіп шығады. Бұғылар  топпен,табынымен жүреді.Олардың ішіндегі ең күшті және ең мықты бұғы басқарады.

4.      Теңіз мысығы (тюлень) –мойны қысқа, ұршықтәрізді

денесі бар. Терісі қысқа қалың түбітті және бірен-саран ұзын қылшығы болады. Терісі өте бағалы.Оның аяқтары ескек сияқты. Суда жақсы жүзе алады, сүңгиді. Мұздың үстінде оларға қозғалу өте қиын, сондықтан теңіз мысықтарын ақ аюлар ұстап алып, жеп қояды.Немен қоректенеді?

Ал теңіз мысықтары балықпен  қоректенеді.

Теңіз мысықтарының баласы туған кезде аппақ,сүйкімді болады.

Ата-аналары жан-жағынан қорғайды.

       5.Пингвин  – суық жақта мекен ететін ұшпайтын өте баяу қимылдайтын құс, бірақ олар керемет жүзіп, сүңги  алады.Олар топтасып жүреді. Олардың қанаттары су астында есу үшін қажет. Пингвиндер су астында 20 минутқа дейін жүзеалады. Пингвиндер ұя жасамайды, ана пингвин жалғыз жұмыртқ табады, ал әке пингвин оны өз жылы мамығымен жылытып  балапанын басып шығарады. Пингвиндер ешқашан өз балапанын  шатастырмайды, тіпті басқа жүздеген балапандар арасынан дауыс арқылы  таниды .

 

 

Сергіту сәті: «Пингвин»

Солтүстіктегі пингвин,

Мұз үстінде келеді.

Балапанын ол іздеп,

Мойнын оңға бұрды,

Мойнын солғабұрды.

Ешбір жерден таба алмады.

Мұздықтан өтемін деп

Оң аяқпен секірді,

Сол аяқпен секірді,

Балапанын тауып алып

Қуанғанынан билей берді.

 

Дидактикалық ойын «Пазл» (топпен  ойын)

Барысы: екі топ өздеріне берілген солтүстік жануарлары жапалақ және ақ түлкі жайлы мазмұнды  суретті құрастырады және сурет желісі бойынша түсіндіреді.

Тәрбиешінің балалардың жауабын қорытындылауы.

 

Сөздік дидактикалық  ойын «Төртіншісі  артық»

Барысы: әр қатардан артық сөзді  табу, неге артық екендігін түсіндіру

Ақ аю, теңіз мысығы, итбалық, пингвин;

Ақ түлкі, солт бұғысы, ақ аю, морж;

Ақ жапалақ, ақ қасқыр, ақ түлкі, ақ аю,

Ақ түлкі, солт бұғысы, итбалық, керік;

 

Дидактикалық ойын «Судоку» (жұппен ойын)

Мақсаты: логикалық ойлауын, парақта бағдарлауды дамыту.

–          Балалар мына қатарда қандай жануарлар орналасқан?

Енді осы жануарларды мына бос шаршыларға көлденеңінен және тігінен қайталанбайтындай ойланып, орналастырып көрейік.

 

Дидактикалық ойын “Тізбек сөздер”

(топпен, бірінші  топқа-пингвин, екінші топқа- ақ аю)

-Балалар, тізбек сөздер ойынын ойнаймыз, бұл  пингвин және ақ аю сөздері.

Тізбекте біз алдыңғы сөйлемді қайталай отырып, бір сөйлем айтамыз.

1.      Мынау пингвин.

2.      Мынау пингвин. Пингвин солтүстікте тұрады.

3.      Мынау пингвин. Пингвин солтүстікте тұрады, балық жейді.

4.      Мынау пингвин. Пингвин солтүстікте тұрады. Балықпен

қоректенеді. Пингвиннің қанаттары бар.

5.      Мынау пингвин. Пингвин солтүстікте тұрады. Балықпен

қоректенеді. Пингвиннің қанаттары бар. Ол суда жүзеді.

 

 

1.      Мынау ақ аю.

2.      Мынау ақ аю.Ол суық жақта өмір сүреді.

3.      Мынау ақ аю.Ол суық жақта өмір сүреді.Ол балық жейді.

4.      Мынау ақ аю.Ол суық жақта өмір сүреді.Ол балық жейді.Оның

жүні жылы, суыққа төзімді.

5.      Мынау ақ аю.Ол суық жақта өмір сүреді.Ол балық жейді.Оның

жүні жылы, суыққа төзімді. Ол үлкен жыртқыш аң.

 

-Балалар, Умкамен жақсы саяхат жасап, солтүстік жануарларымен таныс болдық. Солтүстіктің кейбір жабайы жануарлары, ақ аю,солтүстік бұғысы, пингвин және итбалықтарды бағалы терісі және дәмді еті,майы үшін  аңшылар аулап атқандықтан,олардың саны азайып бара жатыр. Сондықтан олар Қызыл кітапқа енгізілген. Оларды қорғауымыз керек.

 

Сабақты қорытындылау

– Балалар бүгін сабақта не жайлы айттық?

– Сабақ сен үшін несімен қызықты болды?

-Балалар, Умка сендерге өзі туралы мультфильмді жіберіпті, сабақтан кейін, бос уақытта  көретін боламыз.

-Балалар, бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңді мына қар ұлпасымен және сүңгімен  көрсетейік. Сабақтан жақсы әсер алсандар, бәрі түсінікті болса қар ұлпасын көрсетіндер. Егер кей нәрселерді түсінбедік, тағы қайталау керек десеңдер, онда сүңгіні таңдаймыз. Балалар, сендерге рахмет!

Оқу қызметіне жақсы қатысқан балаларды мадақтау.

Балалардың жауабы

 

Саяхатқа бару

 

 

 

Глобус

Жер шары

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар жауап береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар өз ойларын айтады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Итбалықтар  балықтармен, құрттар, моллюскалармен қоректенеді.

 

 

 

 

 

бұғылар тұяқтарымен қардың астынан шөпті, саңырауқұлақты, мүкті  қазып жейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қимылмен көрсетеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Топпен  пазл құрастырады

 

 

 

Балалардың жауабы

 

 

 

Ойынды мақсатымен орындайды

 

 

 

Ойынды барысымен орындайды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

мульфильді көру балалармен

 

Балалардың жауабы

 

Күтілетін нәтижелер:

Біледі:Солтүстіктің жабайы жануарлары туралы.
Меңгереді :Әрбір аңның атын дұрыс атауға жаттықтыру және олардың тіршілік ететін

ортасы туралы түсініктерін.
Жасай алады: өз ойларын айта алады.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *