Отбасым – бақыт мекенім!

«Отбасым – бақыт мекенім»

Мақсаты: Отбасы құндылықтарын дәріптеу, ата-ана мен баланың арасындағы қатынасты тәрбиелеу, оқушылардың бойында отбасына деген сүйіспеншілікті тудыру.

Күні: 20.10.2021ж

Сыныбы: 8 «б»

Барысы:

  1. Мұғалім сөзі. Отбасыосы сөздің түбінде терең мағына жатыр. Отбасы деген қасиетті ұғым. Отбасы әр адамның өміріне бастама болып табылады. Отбасын – кішігірім Отанға теңейміз. Отанның өзі отбасынан басталады дейміз. Ал отбасылық бақыт болса – ол бақыттың шыңында тұратын белгі. Бақытқа толы болған отбасы әрқашанда қоғамда ерекшелініп, өзгелері үлгі тұтатындай санатқа жетеді. Ерекшелігі деп ол отбасылардың татулығын, айналаға деген сансыз махаббаттарың, барша адамға деген риясыз сыйластығың, қоғамға тигізген қажырлы үлесің айта аламыз.

Ендеше, Сіздердің қошеметтеріңізбен, «Отбасы – бақыт мекенім» атты тәрбие сағатын ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер!  

        Камшат:  Армысыздар құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! 
        Нұрбике: Әкең-қазақ, шешең-қазақ, қарағым, 
Сен де ұлысың мынау дархан даланың 
Әр халықта ұлттық намыс деген бар, 
Оны биік қасиет деп санағын, дей отырып бүгінгі біздің «Отбасы-бақыт мекенім» атты салтанатты жиынға қош келіпсіздер!

Камшат: Тәрбие сағатын Елбасы, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың мына сөздерімен бастамақпын: Отбасында адам бойындағы  асыл  қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына,  туған-туысқандарына деген  сүйіспеншіліктен басталады.

Нұрбике: Алғашқы кезеңіміз «Таныстыру» деп аталады. Бұл кезеңде оқушылар өзін, өз отбасын еркін түрде таныстырып шығады.

        Камшат: Рахмет, жарайсыңдар! Енді сіздермен құрметті ата-аналар, «Мен түсінемін» тренингін өткіземіз. Мұнда қонақтар өз балалары туралы айтады. Яғни, оның ата – анасын қуантатын және ренжітетін жағдайларды параққа түсіреді және қорғайды.
1) Мені балам қуантады…
2) Мені балам ренжітеді…

Нұрбике: ата-аналарымыз талдау жасаймын дегенше, отбасы туралы бейнероликті тамашалайық.
       Камшат: Ата-аналар, сіздерге сұрақ – қай жағы көп болды? Қуантатын сәттері ма, әлде ренжітетін сәттері ма?
– неліктен ол жағы көп деп ойлайсыз?
– Оның көп болуына ата – ананың әсері бар деп ойлайсыз ба?

        Нұрбике: Көп-көп рахмет! Ендігі кезекті Хамит Аяжанның орындауында «Ана – сен бақыттысың!» атты монологқа береміз.

Камшат: Құдіретті, өшпес өмірдің сарқылмас бұлағы — әйелді — Ананы ардақтайық. Адам бойындағы барлық жақсы қасиет күннің нұрынан, Ананың сүтінен тараған. Өмірге деген махаббатымыздың өзегі де, міне, осында. Кезекті Мұқағали Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» атты сахналық қойылымға берейік.

Нұрбике: Оқушылар, біз бұл көріністен не байқадық? Өз пікірімізді екі топқа бөлініп, қорғайық. Жақтаушы және даттаушы болып. Сіздерге мынадай сұрақтар:

  1. Аққу қандай құс?
  2. Оқ тиген аққудың мүшкіл халі?
  3. Ақынның поэмасындағы негізгі арқау болған тақырып не?
  4. Автор өзі көтерген мәселені қаншалықты аша білген?
  5. 5. Ана неге аққуды атпақ болды? Бұл шешімге келу анаға оңайға түсті ме?

  Камшат: Рахмет, оқушылар. Сіздердің ой-пікірлеріңіздің барлығы орынды. Олай болса, кезекті Ибраева Гаухардың орындауында «Әке-ана» әніне берсек.

Нұрбике: Өнерің өрге жүзсін, Гаухар! Адам өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі – баланың ата – анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Бұл – жас ұрпақтың мәдениеттілігін, әдептілігінің ғана емес, ең алдымен, адамшылығының белгісі.
Бала – ата – ана өмірінің жалғасы. «Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін» деп әлпештеп өсірген перзенті ауырып не басқа бір қатер төнгенде мойындарына бұршағын салып, «Өзімді алып, баламды аман қалдыр!» деп құдайға жалбарынған ата – аналарымыз аман – есен жүрсін деген тілекпен бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.

Тәрбие сағатымызды қорытындылау мақсатында сөз кезегін қазылар алқасына береміз!

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *