Алтын күз

Тақырыбы: Алтын күз!

Мақсаты: Күздегі табиғат сұлулығына назар аударту арқылы көркемдік талғамын қалыптастыруға, ой-өрісін дамытуға, қабылдау сезімдерін ояту. Өз өлкесін сүюге, адамдарының еңбегін қадірлей білуге тәрбиелеу. Мерекені сезіндіру.

Әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, көрсету, бақылау, ойын.

Әсем әуенмен залға музыка ырғағымен балалар кіріп, екі қатарға бөлініп отырады.

Жүргізуші:  Армысыздар, әлеумет, кеш қонағы,

Бүгін бізде мереке аса мәнді.

Қуанып зер салайық уа, халайық!

Алтын күз мерекесі бақшамызда.

Сәлеметсіздер ме, қонақтар!  Бүгінгі мерекеге мен кішкентай балапандарымен  келдім. Қошеметпен қарсалыңыздар!

(Балалар поезд болып бірінің артынан бірі жүріп кіреді.)

Жүргізуші:   Көргенде қуанасыз таза әуелі,

Құлаққа естілгендей күз әуені.

Жыл сайын тойланатын төл мерекең,

Құтты болсын алтын күз қазақ елі!

Менің кішкентай балапандарым бәріміз көңіл көтеріп ән шырқайық.

Ән: «Күз келгенде» орындалады.

(Балалар орындарына отырады.)

Музыка әуенімен Тауық кіреді.

Тауық: Сәлематсыңдарма, менің балапандарым! Сендерді бар балабақшаны іздеп жүрсем сендер осында екенсіңдер ғой. Қане, тұрыңдар би билейік.

Би: «Балапандар» орындалады.

Жүргізуші:  Тауық сізде келіңіз, балапандарыңмен бірге біздің «Алтын күз» мерекесін тойла. Күз адам баласына молшылық, береке әкелетін мезгіл. Сондықтан да адамдар күзге «берекелі күз», «алтын күз» деп баға берген. Алтын деген себебі, біріншіден айналаның бәрі сап- сары, екіншіден алтын –байлықтың белгісі. Міне, екеуін аттастырып Алтын күз деп атаған.  Алтын күз мерекесіне арнаған балалардың  тақпақтарын айту үшін ортаға  балаларымызды  шақырайық.

Тақпақтар орындалады.

1-бала: Күзім-ау, күзім-ау,

Мінезің бұзық-ау.

Жаңбырың сіркіреп,

Келгенің қызық-ау.

2-бала: Құстар қайтты, күз болып,

Сұр бұлт жапты аспанды.

Жапырақ түсіп, гүл солып,

Қыс ызғары басталды.

3-бала: Өрік, алма, шие, алша,

Жидек, жүзім піседі.

Қауын, қарбыз, қияр, сәбіз,

Дүкендерге түседі.

4-бала: Жел тынымсыз гуілдеп,

Болып кетті тым бұзық.

Шуылдайды тал терек,

Жапырағын жұлғызып.

Жүргізуші: Егін –терін жиналып,
Қамбаларға толады.
Әр көңілге нұр дарып,
Әр үйде той болады.
Жылы жаққа бағыт ап,
Қыста көкке ұшады.
Сары жапырақ қалықтап,
Жердің төсін құшады.
Айтындаршы, бөбектерім,
Бұл қай кезде болады?

Балалардың жауабы: Күз.

(Күз ханшайымы музыкамен тербеліп кіреді.)

Күз ханшайымы:

Сәлем менің достарым,

Өмірге көп қосқаным.

Күз сыйлығын алыңдар,

Сыйлығына қаныңдар,

Молшылыққа кенеліп,

Шаттық әнге салыңдар.

Сәлематсыңдар ма қонақтар, бүлдіршіндер! Сендер мені таныдыңдарма?

Балалардың жауабы: Иә, Күз ханшайымы.

Жүргізуші: Әрине, сені танимыз, сені көп күттік. Өзің неткен бай, дархан, молшылыққа бөлейсің! Адамдарғада, жан-жануарғада, жәндіктергеде тоқшылық сыйлайсың! Өзіңмен бірге береке , байлық, молшылық, тоқшылық ала келгеніңе рахмет!

Күз ханшайымы: Бар қол өнерімді, байлығымды, бәрін-бәрін сендерге сыйлаймын. Мұнда менің кішкентай жапырақ сіңлілерімде отыр екен ғой! Қане, тұрыңдар шыр айналып би билейік!

Би: «Жапырақтар» орындалады.

Күз ханшайымы: Рахмет, сендерге жапырақтарым! Балалар сендердің маған дайындаған қандай өнерлерің бар?

Жүргізуші:Төрлетіңіз, біздің дайындаған өнеріміз көп, отырып тамашалаңыз!

Күз ханшайымы: Жарайды, ортаға салыңдар бөбектерім!

Жүргізуші: Ой, алақай тамаша,

Шашу шашты жапырақ.

Бақтың іші алаша,

Аунар ма еді жатып ап.

Ән салыңдар, күліңдер,

Жайнап гүлдей жүріңдер –  дей отыра, кезекті бүлдіршіндеріміздің «Күзгі жапырақтар»  әніне берейік!

Хор: «Күзгі жапырақтар» әні орындалады.

Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар!  Күз ханшайымына арнап, дайындаған тақпақтарымызды айтып берейік!

5-бала:Көк майса көрікті,

Алқаптағы көп егін.

Бұл күндері киіпті,

Сары жібек көйлегін.

6-бала: Сарғайды тоғай,

Сап-сары маңай.

Соңғы әнін айтып,

Құс кетті қайтып.

7-бала:Айнала жым-жырт,

Көк аспан сұрғылт.

Жер жыртқан тыңда

Трактор қырда.

8-бала: Жапырақ ұшты,

Суық та түсті.

Сонда да бізге,

Қызық көп күзде.

Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар. Балалар қараңдаршы мерекемізге қонақта келген сияқты. Кім екен өзі?

( музыкамен секіріп Қоян  келеді,  қолындағы  себетте тола сәбізі бар.)

Қоян: Сәлематсыңдар ма, балалар, қонақтар, Күз ханшайымы!  Балалар сендер мені таныдыңдар ма?

Балалар жауабы: Иә.

Қоян: Ия, мен өте көңілді қоянмын. Сендердің Алтын күз мерекесін тойлап жатқанын асығып келдім. Сендермен қызықты ойын ойна,ым келеді. Сендер менің сүйікті асым не екенін білесіңдер ме?

Балалар жауабы: Сәбіз.

Қоян: Әриен, мен сәбізді өте жақсы көремін. Мен сендер мен ойын ойнағым келіп тұр. Сендер ойын ойнағанды ұнатасыңдар ма?

Балалар жауабы: Иә.

Қоян: Мен сендердің шапшаңдықтарыңды тексерейін. Сәбіздерді таратып берейін сендер менің себетімен жүгіріп келіп салыңдар, музыка басталғанда . (бірнеше рет ойнатады.)

Қоян: Рахмет өздерің өте шапшаң екенсіңдер. Өздерің кішкентай болсаңдарда мықты екенсіңдер. Менің қайтуым керек. Бізде орманда Алтын күз мерекесін тойлап жатырмыз. Күз ханшайымы сізді орман аңдары күтіп отыр.

Күз ханшайымы:  Балалар, мен сендерге ризамын. Сендер өнерлі балалар екенсіңдер. Мен сендерге жеміс пен көкеністерімді сыйға алып келдім.

(Тәрбиешіге береді.)

Жүргізуші: Сізге де рахмет! Қане, бәріміз Күз ханшайымына рахмет айтайық!

Балалар бәрі хормен:  Мерейлі күз, мырза күз,

Сыйлығыңа ризамыз.

Күз ханшайымы: Балалар, мені орман аңдары күтіп отыр екен. Сонда баруым керек, келер жылы кездескенше сау-саламатта болыңдар!

(Күз ханшайымы балалармен қоштасып шығады)

Жүргізуші: Біреу астық түсіріп,

Біреу бидай ұшырып.

Жатқан мезгіл күз екен,

Алдық соны түсініп. Құрметті қонақтар, осымен «Алтын күз» атты

сауықтыру кешіміз аяқталып келеді. Ертеңгілігімізге алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп-көп рахмет! Аспанымыз ашық, жүздеріңіз жарқын болсын!

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *