БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ЖОБАЛАП ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ЖОБАЛАП ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

ШҚО, Семей қаласы, №38 ЖОББМЛ

Бастауыш сынып мұғалімі:Есенбердина Г.С.

 

      «Естігенімді  —  ұмытамын,  көргенімді — есте  сақтаймын,
өз  істегенімді  — меңгеремін»   Конфуций

 

Бүгінгі  таңда  тәуелсіз  мемлекет  алдында  тұрған  негізгі  мақсаттардың  бірі – дүниежүзілік  білім  әлеміне  ену. Бұл  салада  білім  беру  ісінің  мазмұнын  жаңа  бағытқа  бұрып, құрылымдық  жүйесін  жаңарту, өзгерістер  енгізу  —  білім  реформасын  жүзеге  асыру  алғышартта  тұрғаны  баршамызға  аян. Демек, Егеменді  Қазақстанның  болашақ  потенциалын оқытып – тәрбиелейтін  мұғалім – шығармашыл, жан-жақты  білімді, парасатты, мейірімді, сезімтал, интеллектуалды, мәдениетті, кәсіби  шебер, ізденімпаз, ғылыми  зерттеуші  болса, онда  жеке  тұлғаға  қойылатын  мынадай  талаптар  алдыңғы  орынға  шығады: креативтілік, белсенділік, жауапкершілік, ой-өрісінің  кеңдігі, сауаттылық, танымдық  әрекетке  қызығушылығының  басымдығы.

Қазіргі  жаңа  формация  мектебінде  жұмыс  істеп  жүрген  педагогтардың алдында  тұрған негізгі  проблемалары:

  1. Баланы  оқи  білуге  үйрету;
  2. Баланы  ойлауға  үйрету;
  3. Баланың  өзін-өзі тұлға  ретінде дамуына   жағдай  жасау;

Осыған  орай  мектеп  білімі  түбегейлі  жаңартылып, мұғалімнің  қызметінің мақсаттары  кеңейіп, үлкен  өзгерістер  енуде. Әр  педагогтың  міндеті – оқушының  шығармашылық  ойына  бағыт  беру, шығармашылық  ізденісті  қолдау, жағдаяттар  туғызып, оның  шешімін  табуға  бағыттау,  жаңаны  іздеуге, жүйелі  зерттеулерге  талдау жасауға  талпыныс  беру. Осы  қажеттіліктерді  оқушыларға  меңгерту  барысында  жобалап  оқыту  әдісі тәжірибеге  енгізілді.

Жұмыс  мақсаты: бастауыш  сынып  оқушыларына  жобалап  оқыту  технологиясының  әдіс-тәсілдерін  үйрету, сабақтары  барысында  және   сабақтан  тыс  уақытта  оқушылардың  жоба  жұмыстарын  ұйымдастыру  тәжірибесін  талдау, оның  тиімділігін  анықтау. Оқушының өзіндік іс- әрекетін қалыптастыратын өмірлік жағдаяттардың  шешімдерін таба алатындай білім беру әдіс- тәсілдер жиынтығы болып келетін оқыту технологиясын зерттеу, өзіндік тәжірибеде қолдану, көздеген нәтижелерге жету.

Міндеттері:

—     оқушының ғылыми — зерттеушілік іс- әрекеттерін қалыптастыру;

—     жобаның кезеңдерінің технологиясын  меңгеру және оқу- тәрбие

үрдісінде қолдану;

—     оқушы тұлғасының  өзіндік дамуын жүзеге асыру;

—     оқушының ерекше (жобалық) ойлау қабілетін және өмірге деген ғылыми

көзқарасын қалыптастыру;

—     оқушыларға  болашақ мамандықтарды жобалауға , оған дайындалуға

жәрдемдесу;

—         оқушының шығармашылығын дамыту;

—         оқушы дамуына мониторинг жүргізу.

Күтілетін нәтиже: жеке тұлғаға , тәжірибеге бағытталған, үздіксіз білім беру принциптеріне негізделген танымдық іс- әрекетті ұйымдастыру формаларын, әдістемелерін, оқу бағдарламаларын, авторлық зерттеулерді жасақтау.

Жоба – мұғаліммен  ұйымдастырылған  және  оқушымен  өз  бетінше  проблема  шешудегі жүзеге  асырылған  іс-әрекеттер  жүйесі.

Бұл  технологиялық  оқудағы  мұғалім  мен  оқушының  іс-әрекеттері  түбегейлі  өзгереді.

Мәселен, бастауыш сынып оқушыларының жобалау технологиясын қолданудағы негізгі мақсаты оқушылардың қызығушылық ынтасын дамыту, өз бетімен жұмыстарын жүргізу арқылы білімдерін жетілдіру, ақпараттық бағдарлау біліктілігін қалыптастыру жəне сыни тұрғыдан ойлау қабілетін арттыру арқылы оқушыны болашақта əр түрлі жағдаяттарда, əр түрлі қоғамдық ортада өзін өзі көрсете білуге бейімдеу қажет. Сапалы білім беруде жобалау технологияның әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалана отырып, оқушылардың ізденімпаздық, зерттеушілік, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Сонымен бірге, ата-ана, мұғалім және оқушы арасындағы ынтымақтастықты қалыптастыра отырып, білім сапасын арттыру керек. Ал, оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытуға жағдай жасай отырып, баланы ізденімпаздыққа және өзіне сенімді болуға ұмтылдыру, ақыл-ой деңгейін қалыптастыру, сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту болып табылады. Егер оқушы жоба тақырыбын дұрыс таңдай отырып, жоспарлай білсе, оны дұрыс орындай алса – ол болашаққа дұрыс бейімделген тұлға болып қалыптасады. Бастауыш сынып оқушылардың ізденушіліктерін, шығармашылық дағдыларын, өз білімдерін өз бетімен құрастыра білу икемділігін, ақпараттық кеңістікте жөн таба білу іскерлігін дамыту, сыни тұрғыдан ойлауын дамытуымыз керек.

Бастауыш сынып оқушыларының жобалау технологиясын қолданудағы негізгі міндеттері:

ü                Өз ойын еркін айтуға мүмкіндік жасай алатын орта туғызу.

ü                Оқушы жүрегіне жол табу арқылы сабақтардың әрбір сәтін қызықты, ұтымды өткізу. Оқушыларды тек берілген мәліметті тыңдаушы емес ізденуші, зерттеуші өз ойын еркін дәлелдей алатын, пікірін ортаға сала білетін жеке тұлғаны қалыптастыру.

ü                Оқушының бойындағы ынта-ықыласын жойып алмай, жеке дара қабілетінің дамуына мүмкіндік жасай отырып, қабілетін дамытып, шығармашылығын шыңдау.

ü                Оқытудың жобалау технологияларын қолдана отырып, жеке, жұпта, топта жұмыс істеу барысында мұғалім мен оқушының ынтымақтастығын қалыптастыру, оқушылардың ойына ерекше құрметпен қарау. Оқушыларды өзін-өзі қадағалай алатын, іс-әрекетін ретімен орындап, өзін — өзі жетілдіретін шығармашыл, ізденімпаз тұлға қалыптастыру.

ü                Оқушының тұлға ретінде қалыптасуына әсер ету;

ü                Ақыл-ойын және ерік пен сезім белсенділігін арттыру;

ü                Логикалық ойлау қабілеттерін арттыру;

ü                Оқушылардың танымдық қабілетін дамытып, қызығушылығын арттыру.

ü                Әртүрлі жағдаяттарда дұрыс шешім қабылдай отырып, әртүрлі адамдармен тіл табыса отырып, әр ортада дұрыс бағыт-бағдар бере алады.

ü                Оқушының бойындағы қабілетін дамытып, шығармашылығын шыңдау.

ü                Оқушылардың өз жұмыстарын жаңашылдықпен ұйымдастыру тәжірбиесін талдау, оның тиімділігін анықтау, жеке тұлға тәрбиелеу.

ü                Оқушылардың жоба жұмыстарына талдау жасау, бағдар беру. Оқушыларды өзін — өзі жетілдіретін шығармашыл, ізденімпаз тұлға қалыптастыруымыз қажет.

Жобалап оқыту технологиясы — жеке тұлғаға бағдарланған оқыту. Бұл технология оқушылардың берілген тапсырманы жобалау, зерттеу барысында өзінің және басқаның тәжірибесінен үйрену, сабақ алуға негізделген. Ғылыми жобаны жасау барысында оқушылар көп нәрсеге өзі көз жеткізеді. Яғни, бұл оқушылардың танымдық қасиеттерін арттырудың, өз еңбектерінің нәтижесіне толығымен қанағаттанып, оқудағы жетістіктерін сезінудің бірден-бір жолы болып табылады. Оқу әрекетінің тиімділігін арттыру үшін оқушыны білім алу процесіндегі белсенді әрекет ететін субьектіге айналдыру керек деген идеялар көтерілгелі көп болды. Осындай идеялардан туындаған технологиялардың бірі – жобалап оқыту технологиясы. Жобалап оқыту технологиясының негізін салушы Карл Фрей өзінің “Жобалау әдісі” атты кітабында (Бельц қаласы, Германия, 1977 ж.) жобалау әдісі туралы былай түсіндіреді: Оқушылардан болсын немесе оқытушы тарапынан болсын практикалық маңызы бар бір жоба (проект) ұсынылуы тиіс. Оқушылар ұжымда жұмыс істеп үйренеді. Зерттеу біліктерін (проблеманы анықтау, ақпарат жинау, бақылау, тәжірибе жүргізу, талдау, жорамал жасау, қорытындылау) меңгереді.

Бастауыш сыныпта жоба әдісін қолдану әрі қызық, әрі пайдалы, әрі көп еңбек талап етеді. Жобалау әдісін бастауыш сыныпта қолдану тікелей мұғалімнің көмегімен жүзеге асырылады. Бұл жұмысқа ата аналарды да қатыстыруға  болады.
Бастауыш сыныпта жобалау әдісін қолдану төмендегідей жүйе бойынша жүзеге   асыруға       болады:
Жобалар әдісінің кезеңдері
І.       Мотивтендіру
Мұғалім жалпы зерттеу мәселесін ұсынады. Тақырыпқа қызығушылық қалыптастырады.
ІІ. Жоспарлау  кезеңі
Зерттеу жұмысына дайындық. Мұнда жобаның тақырыбы мен мақсаты анықталады, міндеттерді шешу жолдары қарастырылады, іс-әрекеттің жоспары  бекітіледі, топтағы ұжымдық іс-әрекет  келісіледі.
ІІІ. Ақпаратты жинау  кезеңі
Оқушылар хабар жинайды, әдебиетпен және басқа ақпарат құралдармен жұмыс жүргізеді; алыңған нәтижені мұғалімнің көмегімен сараптайды, ал мұғалім бақылайды, көмек көрсетеді, өзі де ақпарат құралы болады.
ІV. Рефлексивтік бағалау  кезеңі
Оқушылар жобаларын ұсынады (презентация), атқарылған жұмыс бойынша есеп береді, ұжымдық пікіірталасқа қатысады, өзіне өзі баға береді, мұғалім бағалайды.
V.      Қорытынды.

Жоба  жұмысын  дайындау   кезеңдері:

Бастапқы: негізгі  тақырыпты  анықтау;

Ізденіс: жоба  жұмыстарын, ақпарат,  әдебиет  көздерін айқындау, жоба  бойынша  жеке  жұмыстарды  топ  ішінде  ұйымдастыру;

Нәтижені  өңдеу: зерттеу  тақырыптары  бойынша презентациялар  дайындау

Тұсау  кесу: жұмыстарын  қорғау;

 

Зерттеу  жұмысының  негізгі  сатылары: 

  1. Ақпараттық  —  «не  істеу  керек?»
  2. Жоспарлық  —  «бұған  қалайша  жетуге  болады?»
  3. Шешім қабылдау  —  «іске асырудың жолдары мен құралдарын анықтау»
  4. Орындау  —  «жүзеге  асыру»
  5. Бақылау – «тапсырма  дұрыс  орындалды ма?»
  6. Бағалау  —  «келесі жолы  нені  дәлірек  істеген  жөн?»

Қорытындылай келе, бастауыш мектептегі жобалау әдісін қолдану негізгі мектептегі жобалау жұмыстарының даму негіздерін қалайды. Оқушылар жобалау жұмысының негізін ойы мен іске асыру, шешім қабылдау, нәтиже шығару деп таниды. Бастауыш мектеп оқушыларының өзінділігі, тыңғылықтылығы мен ойлау вариативтілігі олардың «Интеллектуалдық жетілуін» көрсетеді . Оқушылармен жұмыс жасау барысында жобалау әдісін қолдану өзін-өзі таныту деңгейін арттырады, балалар ата-аналары мен мұғалімдердің көмегіне сирек жүгінеді. Оқу орындарының гуманитарлық бөлімдерінде жобалап оқыту технологиясы негізінде меңгерту, біріншіден, білім сапасының көтерілуіне жол ашса, екіншіден, оқушының жеке тұлғалық қабілеттерін заманауи талаптарға сай дамытуға кепілдік береді; үшіншіден, оқу үдерісінің оқушы үшін мәнін танытып, олардың оқу мотивацияларын дамытады; төртіншіден, оқыту үдерісінің үш мақсатын – білімдік, тәрбиелік, дамытушылық – қатар орындаудың шарты болып саналады; бесіншіден, қоғам талабы мен оқушы мүддесінің толық үйлесімде дамуына тірек болады . Жобалау әдісі арқылы ұсынылытын тапсырмаларды орындау барысында оқушылар шығармашылықпен ойлауға, өз әрекетін өз бетінше жоспарлауға, жоба бойынша алдына қойған міндеттерді шешуге алдын ала болжам жасай білуге, басқаша айтқанда, жұмыс істеу мәдениетіне үйренеді. Өз ойын ашық айту жоба құрушы логикалық, тілдік, грамматикалық жағынан дұрыс құруға ұмтылады.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *