Кеңістік фигуралары

Пән: Математика

Сынып: 1 сынып

Мектеп:  «Әл Фараби атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ  
Күні: Мұғалімнің аты-жөні :  Сыздыкова  Нина Куралкызы  
Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

 
Сабақтыңтақырыбы: Кеңістік  фигуралары
Ұзақ мерзімдегі оқу мақсаты 1.3.1.2 жазық фигураларды (үшбұрыш, шеңбер, шаршы, тік төртбұрыш)/

кеңістіктегі фигураларды (куб, шар, цилиндр, конус, пирамида) ажырату және оларды қоршаған ортаның заттарымен сәйкестендіру.

 
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар:Кеңістік және жазықтық фигураларын біледі, түсінеді атайды;

Көптеген оқушылар: Кеңістік фигураларын ажырата алады, кеңістік фигураларын қоршаған ортаның заттарымен байланыстырады.

Кейбір оқушылар: Кеңістік фигураларын пайдаланып заттарды құрастырады.

 

 
Бағалау критерилері -Кеңістік және жазықтық фигураларын атайды, көрсетеді;

– Кеңістік фигураларын ажыратады, кеңістік фигураларын қоршаған ортаның заттарымен байланыстырады; мысалдар келтіреді.

– Кеңістік фигураларын қолданып түрлі заттарды құрастырады, бірдей фигуралардың санын санайды, жазады, айтады.

 

 
Тілдік  мақсат

 

Оқушылар істей алады: жазылым, тыңдалым, айтылым

Айтылым дағдысы бойынша білім алушыларға кеңістік фигураларын  жасатып,жазық фигураларды ажыратып атауларын айтады.

Пәнге қатысты лексика мен терминологиясы:
Куб, шар, цилиндр, конус, пирамида

Диалог пен жазуға пайдалы сөз тіркестері:

– Қолға берілген фигуралар айналамыздағы қандай заттарға сәйкес келеді?

– Бірнеше фигураны пайдаланып әртүрлі заттар құрау мүмкіндігіміз бар?

– Кеңістік  фигуралар мен жазықтық  фигуралардың айырмашылығы,ерекшелігі неде?

   Неліктен бұл геометриялық мүсіндер маңызды??

 
Құндылықтарды

дарыту

(Мәңгілік ел)

Мәңгілік Ел, бұл – Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы,елдің барлық табыстары мен жетістіктері – барша қазақстандықтардың күн сайынғы қажырлы еңбегінің нәтижесі.

Біз елдің әрбір азаматының жасампаздық әлеуетін жүзеге асыру үшін жағдай жасай отырып, еңбексүйгіштік және жауапкершілік, Еңбек Адамына құрмет сынды құндылықтарымызды нығайтамыз.

 
Пәнаралық

байланыстар

Сауат ашу. Жазық фигуралар мен кеңістік фигуралады ажыратуда өз ойларын дәлелдеп жеткізеді.

Көркем еңбек. Жазық геометриялық пішіндерді пайдаланып мазмұнды композициялар құрастырып ,жапсырмалауда жазық фигуралардың пропорциясын сақтап орындайды.

 
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы Мектептің  тәртіп ережелерін сақтау маңыздылығын ұғындыру.

Сабақ  барысынды сынып бөлмесіндегі қауіпсіздікті сақтау бойынша ескертулер жасалады.  Белсенді іс-әрекет кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау.Өмір қауіпсіздік ережесін сақтау маңыздылығын түсіндіру.

 
АКТ қолдану дағдысы (сабақта қолданылатын болса көрсетіңіз) Интербелсенді тақта арқылы  фигура пішіндерін көрсетеді.  
Алдыңғы меңгерілген білім Кесінді, сынық сызықтарды ажыратып ресурстарды пайдалануды біледі  
Сабақ  барысы  
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақта жоспарланған  іс-әрекет

 

Ресурстар  
Сабақтың басы

 

3 минут

2 минут

1.Ынтымақтастық атмосферасын орнату.

-Білім алушыларды көтеріңкі көңіл күйге шақыру мақсатында «Шаттық шеңберін» орнатамын.

 

Бақыт деген-

Осы шаттық шеңбері
Қол ұстасып,

Тұрайықшы , кел бері.
Бақыт деген-

Көрмей қалса сағынып,
Мені іздейтін,

Адал жүрек сендегі.

 

«Сиқырлы қорапша» ойынын ойнату арқылы оқушыларға қорапшаның ішіндегі геометриялық фигураларды тарату арқылы топтарға бөліп отырғызамын.

1-топ  «Алғырлар»

2-топ  «Зеректер»

3-топ  «Білімділер»

 

Тақырыпты ашу

Тындалым,айтылым дағдылары бойынша бастапқы білімді еске түсіру және жүзеге асыру. (ҚБ тәсілі)

Білім  алушылардың  сыни тұрғысынан ойлау қабілеттерін арттыру,есте сақтау қабілетін  дамыту мақсатында  «Серпілген сауал» ”  әдісі арқылы өткен сабақ пен бүгінгі сабақты ұштастыра отырып жаңа сабақтың тақырыбын ашамын.

 

Бүгінгі сабағымыз сонымен жазық фигураларды (үшбұрыш, дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш) және кеңістік фигураларды (текше, шар, цилиндр, конус, пирамида) тану және күнделікті өмірде қоршаған ортадағы заттармен сәйкестендіру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Геометриялық фигуралар

 

 

 

 

 

 

 

 
Сабақ ортасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№1-тапсырма (Ж) «Диолог және қолдау тәсілі» арқылы саралау.Білім алушылардың сыни тұрғыдан ойлау  қабілетін арттыру және өз білімін түсіндіру мақсатында «Бір бірімен ұқсастығын тап» ойыны  арқылы  кеңістік  және жазық фигуралардың түрлерін және түстерін  ажыратады.Қолдану  дағдылары бойынша жүзеге асырады.Жазық фигураларды қызыл түспен,ал кеңістік фигураларын көк түспен бояп,фигураларды атайды.

 

Дескриптор: Білім алушы

– бояп сәйкестендіреді;

– түрлі фигураларды түсімен ажыратып анықтауды біледі.

 

ҚБ.Білім алушылардың сабаққа деген ынтасын арттыру  мақсатында  «Шапалақ» әдісі арқылы  бағалаймын

 

№2-тапсырм  (Ө ) Қолдау арқылы саралау. Тындалым, айтылым, жазылым, оқылым дағдылары.

Кеңістік денелерінің атауын оқы. Оларды суреттегі ұқсас заттармен сәйкестендіріп сыз.

 

Дескриптор: Білім алушы

– цилиндр,куб,шар пішіндес заттарды анықтап фигурамен

сәйкестендіре алады.

– басқа заттармен ұқсастығын және айырмашылығын дәлелдейді.

–  Суреттен кеңістік фигуралары пішініндегі ғимараттарды табады;

 

Қ.Б: Білім алушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру мақсатында  «Бас  бармақ» әдісі арқылы бағалаймын.

 

 

3-тапсырма.Қорытынды тәсіл білім алушыларды таным  қабілетін арттыру және ауыз екі сөздік қорын молайту мақсатында  «Көңіл аудар» әдісі бойынша әр топқа кеңістік фигуралары таратылады.Фигуралардың табанын қағаз бетіне бастырып бейнелейді.Бейнеленген фигураны қайшымен қияды.Қиып алған пішінді атайды және қалай шыққанын  дәлелдеп мысал келтіріп салыстырады.Айырмашылығын анықтайды.

 

Дескриптор: Білім алушы

Құрастырған затты сипаттайды;

 жұмсалған фигураларды санайды;

-фигуралардың әр түрін жеке санап айтады.

 

Бағалау түрі:

Смайликтер арқылы

 

 

 

Үлестірме карточкалар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Үлестірме карточкалар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кеңістік фигуралары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
Сабақтыңсоңы Білім алушылардың  білім,білік дағдысын байқау,сабақты қорытындылау  мақсатында «Ыстық микрофон» әдісі бойынша қарақын тәсілін пайдаланып сабақты қорытындылаймын.

Оқушылардың жаңа тақырыпты қаншалықты меңгергенін білу үшін мынадай сұрақтар қойып, жауаптарын тыңдаймын:

1.Қандай кеңістік фигураларын білесіндер?.

2.Қандай кеңістік фигуралары домалайды? Неліктен?

 

Кері байланыс

Білім алушылардың бүгінгі сабақты қаншалықты түсінгенін анықтау мақсатында «Білім ағашы» әдісі арқылы кері байланыс жасата отырып сабақты қорытындылаймын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 
 
Саралау – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін  тексеру жоспарыңыз?  
А- денгейлі оқушыларға тапсырма.

 

Оқушылардың жазық фигураны сызады (торкөз

 

қағазда төртбұрышты, шаршыны, үшбұрышты сызу).

 

В-деңгейлі оқушыларға тапсырма.

Суреттен  кеңістік фигуралары пішініндегі ғимараттарды табады.

 

С-деңгейлі оқушыларға тапсырма.

 

Геометриялық фигуралармен қоршаған ортадағы заттардың пішініне ұқсастығын анықтайды.

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді және бағалау тапсырмасының дескрипторларын жазасыз

 

Бағалау критерилері Тапсырма Дескриптор Ұпайы
-Кеңістік және жазықтық фигураларды ажырата алады.

 

Жазық фигураларды қызыл түспен,ал кеңістік фигураларын көк түспен боя.Фигураларды  ата. – жазық фигураларды табады және қызыл түспен бояйды;

– кеңістіктік денелерді анықтайды және көк түспен

бояйды.

-Фигуралардың пішінімен бояуын ажырата алады.

Шапалақ
– Кеңістік фигураларын қоршаған ортаның заттарымен байланыстыра  отырып үшбұрыш, шеңбер, шаршы, тік төртбұрыш) мысалдар келтіреді Кеңістік денелерінің атауын оқы. Оларды суреттегі ұқсас заттармен сәйкестендіріп сыз.

 

– цилиндр,куб,шар пішіндес заттарды анықтап фигурамен

сәйкестендіре алады.

– басқа заттармен ұқсастығын және айырмашылығын дәлелдейді.

–  Суреттен кеңістік фигуралары пішініндегі ғимараттарды табады;

 

Бас  бармақ

 

 

-Кеңістік фигураларын пайдаланыпкуб, шар, цилиндр, конус, пирамиданың пішінін салыстыра алады. Фигуралардың табанын қағаз бетіне бастырып салады. Салған фигурасын қайшымен қияды. Қиып алған фигурасын атайды және қалай шыққанын дәлелдейді. Кеңістік фигурасымен салыстырады. Айырмашылығын айтады. Құрастырған затты сипаттайды;

 жұмсалған фигураларды санайды;

-фигуралардың әр түрін жеке санап айтады.

 

Смайлик
 
   
Сабақ бойынша рефлексия

 

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.   
Жалпы баға Келер шақпен жазамыз.

 

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

 

 

 
 
 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *