Экология

Экология-әрбір жергілікті жер, тұрақты мекен, мемлекет, сондай-ақ жеке тұлғаның өмірі үшін де маңызды нәрселердің бірі. Адамзат баласы қоршаған ортадан керегін алып қана қоймай, тұрақты елді-мекенінің экологиясына да аса мән беруін назардан тыс қалдырмағаны абзал.
“Экология” термині баршамызға да таныс ұғым. Биология саласында биосфераны зерттейтін ғылым деп білсек, күнделікті өмірімізде экологияны қоршаған ортаның тазалығы және де табиғаттың жай-күйі деп түсінеміз.
Осы тұста адамның экологияға тигізер әсері өте зор. Айналасын таза ұстап, жерді көгалдандыру арқылы пайдасын тигізуімен қатар, қоршаған ортасына улы газдар(көлік, зауыт және т.б бөлінетін түтіндер) бөліп, немқұрайлылық танытып та зиянын тигізе алады. Бірақ, экологиялық проблемалардың бәріне жауапты адам баласы деуге де болмайды. Аталмыш жағдай климаттың, яғни, ауа-райының тұрақсыз болуы салдарынан да туындайды. Ғылымға сүйенсек, экологиялық проблемаларға климаттың өзгеруі, озон қабатының бұзылуы, биоәртүрліліктің азаюы, шөлейттену және жердің құлдырауы (деградация) жатады. Қазіргі уақытта атмосфераның ластануы экология үшін ең өзекті мәселердің бірі болып отыр. Қазақстанның климаты да осы экологиялық тұрақсыздықтың зардабынан көз тартар табиғатын таза қалпында сақтай алмай отыр. Мемлекет осы үшін бөлген қаржыны тиімді жұмсай алып, еліміздің экология мәселесін назардан тыс қалдырмауы маңызды.
Климаттан бөлек, адам баласы қолмен жасай алатын іс-әрекеттері-ақ айналасын өзгерте алады. Ауа-райы табиғат заңдылығы болғандықтан, адамзат бұл орайда қауқарсыз. Ал ауа ластайтын техникаларды мейлінше аз тұтынса, қоршаған ортаға бұл да бір үлес болып саналмақ. Сонымен қатар, апта сайын дала тазалығын қамтамасыз ету қажет. Қазақстан экологиясын тұрақтатып, жоғары деңгейге жеткізу біраз еңбексіз болмасы анық.
Біздің еліміздің климаты мен атмосферасы көп жағдайда бірқалыпын жоғалтпайтын ерекше климат. Табиғаттың сұлулығын сол келбетінде сақтап, барынша таза ұстай отыра, мына біздер экологияның ахуалын жақсарта алмақпыз. Ол үшін өскелең ұрпақты бесігінен бастап,табиғатқа деген сүйіспеншілікке үйретіп, бойына сіңірген жөн! Еліміздің құбылмалы ауа-райын экологияның бұзылуына әкеп соғады деп бірден табиғатты кінәләу теріс пікір! Экологияны адам баласы орнатады. Сол себептен, қоршаған ортаға бәрімізде мейіріммен қарай білу керекпіз!

 

Cізге ұнауы мүмкін...

1 комментарий

  1. Тамаша! Нагыз озекти такырып!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *