Мемлекеттік тілде іс-қағаздарын жүргізудің маңызы

Мемлекеттік тілде іс-қағаздарын жүргізудің маңызы

Аннотация:  Мақалада мемлекеттік тілде сауатты іс-қағаздарын жүргізудің маңызы мен міндеттері тұрғысында ой қозғалады. Іс қағаздары қоғам өмірінде үлкен қызмет атқарады. Іс қағаздарының саяси, тарихи, құқықтық, экономикалық маңызы өте зор. Мемлекет, республика, қала, кәсіпорын, ұйым мекеме тарихын жазғанда іс қағаздары ақпараттың табылмас қайнар көзі бола алады.  Іс-қағаздарын қазақша жүргізу – мемлекеттік тілдің жүзеге асуының нақты көрсеткішін көрсетеді.

Тірек сөздер: іс-қағаз, ұйым, мекеме, ресми құжаттар,мемлекеттік тіл, саяси сана, тарихи тағылым, экономикалық құқық.

Аннотация:  В статье затрагивается значение и задачи грамотного делопроизводства на государственном языке. Делопроизводство занимает большую роль в жизни общества. С течении времени делопроизводство активно развивается как важнейшая составная часть деятельности аппарата управления любой организации или органа государственной власти и местного самоуправления,так как в документах фиксируются все оснавные и текущие вопросы их деятельности.Ведение делопроизводства на казахском языке-отражает конкретные показатели реализации государственного языка.

Ключевые слова: делопроизводство, организация, учреждение,официальные документы, государственный язык, политическое сознание, историческое познание, экономическое право.

Annotation: The articie deals with the meaning and tasks of competent office management in the state language. Over time, record-keeping is actively developing as an important part of the management apparatus of any organization or body of state power and local self-government, since all the main and current issues of their activities are recorded in the documents. Rekord  keeping in the language reflects specific indicators of  implementation of the state language.

Keywords: office management, organization, institution, official documents, state language, political consciousness, historical knowledge, economic law.

 

                 Мемлекеттік тілде іс-қағаздарын жүргізудің маңызы

«Мемлекеттік тіл-қазақ тілі елімізде тұрып жатқан барлық қазақстандықтарды біріктіретін күш»

                                                                                                           Н.Ә.Назарбаев

Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің алғы шарттарының бірі — оның қоғамдық өмірдің әр алуан саласында қызмет етуі және соған орай іс қағаздарының қазақша жүргізілуі. Іс қағаздарының, ресми құжаттардың тілі бір жүйеге түспей, стильдік жағынан қалыптаспай, мемлекеттік ресми құжаттардың барлығы алдымен қазақ тілінде жүргізілмей қазақ тілінің қолданыс аясы, қызмет қарымы өрісін кеңейте алмайды. Іс қағаздарын қазақша жүргізу – мемлекеттік тілдің жүзеге асуының нақты көрсеткіші. Іс қағаздары қоғам өмірінде үлкен қызмет атқарады. Іс қағаздарының саяси, тарихи, құқықтық, экономикалық маңызы өте зор. Мемлекет, республика, қала, кәсіпорын, ұйым мекеме тарихын жазғанда іс қағаздары ақпараттың табылмас қайнар көзі бола алады. Құжаттар фактілерді, оқиғаларды, қоғам өмірінің құбылыстарын дәлелдейтін айғақ қызметін де атқарады.  «Іс қағаздары — басқару қызметіндегі негізгі бір сала»/2/. Яғни, ұйымдар мен мекемелердің, кәсіпорындардың қызмет етуі барысында шығарған түрлі шешімдері, басқару істері, атқарған қызметі іс қағаздарынан айқын көрінеді. Сондықтан халық шаруашылығын басқаруды жетілдіру, оны ұйымдастыру деңгейін көтеру онда құжаттармен жұмыс істеудің қаншалықты ғылыми негізделгеніне тікелей байланысты. Іс қағаздарын жүргізу-басқару үрдісінің ажырамас бөлігінің бірі болып табылады. Мекемелер арасындағы ақпарат алмасу хат, жеделхат, телефонхат сияқты құжаттар арқылы іске асады. Үкіметтің басқару істері жарғы, қаулы, нұсқау, ереже, бұйрық сияқты құжаттар арқылы жүргізіледі. Іс қағаздарын жүргізу-мекеме жұмысының нақты құжаттармен, деректермен реттелген, дәйектелген жүйесі./5/

Қазақ ресми іс қағаздар стилі халықтың қоғамдық өмірімен, мәдени өркендеуімен, әдеби тілдің жанрлық тармақталуымен, қоғамдық қызметінің артуымен байланысты дамып, жетіліп отырған. Қазақ ресми іс қағаздар тілінің тарихына шолу жасай отырып, оның екі түрлі арнадан сусындағанын байқауға болады. Бірі — сонау көне дәуірден бері үзілмей келе жатқан хан жарлықтары және де ресми құжаттар үлгілері. Екіншісі-қазақ жерінің Ресей мемлекетінің қол астына кіруімен байланысты қазақ тіліне аударылып таратылған орыс әкімшілік орындарының бұйрық-жарлықтары, заңдары, қатынас қағаздары. Яғни, қазіргі қазақ ресми іс қағаздар тілі жоқ жерден пайда бола салмаған, өзіндік тарихы бар құбылыс.

Бұрында қазақтар саны басым алыс аудандарда ғана іс қағаздары қазақша жүргізіліп келгені мәлім. Қазіргі таңда республикада мемлекеттік органдар іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуге бет бұрды. Бұл әрине әр мекемеде әр түрлі дәрежеде атқарылып жатқан іс. Бұл істің оп-оңай орындалып, бір күнде қалыптаса қалмайтыны белгілі. Осыған байланысты мәселелер де жетерлік. Оның бірі-мемлекеттік қызметшілердің ана тілінде еркін сөйлеп, жаза алмайтыны. Ал орыс тілді кез-келген маман орыс тіліндегі ресми құжатты еркін жазып шығады. Бұның себебі, біріншіден, тілді жетік меңгергендігі болса, екіншіден орыс тілінде іс қағаздары ғасырлар бойы уақыт тезінен өтіп әбден қалыптасқан, қай салада да дайын, мәтіндері стандартқа айналған. Оларда бұл дәстүрлі мектеп. Біз қазақ тіліндегі іс қағаздарын да осындай дәрежеде көтеруіміз керек. Екінші мәселе-қазақ тілінде іс қағаздарын жүргізуге байланысты оқулықтар, оқу құралдары, сөздіктер, іс қағаздарының үлгілері өте аз, жоққа тән десе де болады. Үшінші мәселе-жоғары оқу орындарында да, арнаулы оқу орындарында да іс қағаздарын қазақша жүргізуге байланысты пән, арнаулы курс оқу бағдарламасына еңгізілмеген, сондықтан оқу орнын аяқтаған маман өндіріске немесе  мемлекеттік органға іс қағаздарын қазақша жүргізуге еш дайындықсыз келеді./

Іс қағаздарға келген кезде дау тудыратын, көкейкесті мәселелер маңызды орын алады. Тәуелсіздік алғанымыздан бастап міне 30 жыл  іс қағаздарын бір анадан туған егіздей етіп екі тілде жүргізіп келеміз.  Мемлекеттік тіл десе ішкен астарын жерге қоятын, бастарын байгеге тігіп ел ағаларына қарсы шығып жүрген тіл жаншырлары да жетерлік. С.Аманжоловтың “Ұлттың тілі — сол ұлттың жаны, жан-дүниесі. Ол жүректі соқтыртып тұрған қан тамыры сияқты. Егерде қан тамыры жабылып қалса, жүрек те соғуын тоқтатпай ма?”/3/- деген сөзіне сәйкес қан тамыры жабылмай тұрғанда    елінің ерлері  ұрпақтан ұрпаққа мұра болып келе жатқан ана тілі үшін аянбай еңбек етуде.  Сол сияқты орыс тілді мамандардан «біз орыс тілді мамандармыз қазақ тобына сабақ бергенде тіл байлығымыз жетпейді және қазақ тілінде оқулық жоқтың қасы. Студенттерге қазақша сабақ түсіндіргенде айтар ойымызды толық жеткізе алмаймыз, ал орыс тілінде түсіндіргенде мысалмен әдемілеп жеткіземіз. Бізді орыс тілділерді осылай қабылдасын. Біз қазақ тілді мамандарға қарағанда өз ісіміздің шеберіміз, біліміміз терең» деген пікірлерде айтылды. Бұл кафедраларда, мемлекеттік тіл өз туған әкесінің үйінде жүріп өкей шешенің зардабын шеккен күй кешіп журген сыңайлы.  Бұндай сөздерді өзге ұлт өкілдерінен естісек бір сара өзіміздің көкірегі ояу, көзі ашық қара көз қандастарымыз айтқанда бұны естігенше құлағым тас керең болғаны артық еді.  Осындай  кездерде  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың  «Он бес жылда аюға да тіл үйретуге болады» /4/  деген сөзі орынды айтылған. «Сын түзелмей, мін түзелмейді»-демекші болашақта ескертулерімізді ескереді деген ойдамыз. Шыймайланып байланған жіптей болған осындай өзекті мәселерді бабымен  жіпті тарқатқандай шешпесек жабулы қазан жабулы күйінде қалады. Біз мемлекеттік тілді өзге ұлт өкілдеріне және де қаракөз қандастарымызға айтарымыз бұл сендердің отан алдындағы борыштарыңыз дер едім.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер.   

1.Н.Ә.Назарбаев. «Қазақстан халқына жолдауы 2009 жыл»- Алматы: Жас алаш газеті, 3-ақпан, 2009 ж.

2.Н.Ә.Назарбаев. «Ұлттың ұлы мұраты жолында ұйысайық»-Алматы: Ана тілі газеті,  №23, 5-маусым,2008ж.

3.«Президенттің қанатты сөздері»-Ғаламтордан, 16-қараша, 2006ж.

4.Қ.Жарықбаев «Ақылдың кені  ұлағатты сөздер» — Алматы: «Ана тілі» баспасы ЖШС,  2008ж.,-63 бет

5.Л.Дүйсембекова «Іс қағаздарын қазақша жүргізу». – Алматы: «Ана тілі», 2001ж.,-3 бет.

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *