Мақтан тұтар менің университетім!
Бүгінде Әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті- Қазақстандағы ең ірі білім беру және ғылыми орталықтардың бірі әрі бірегейі болып саналады. ҚазҰУ- да жоғары ғылыми атақтарға, мемлекеттік сыйлықтар мен үкіметтік марапаттарға ие болған тамаша мамандар корпусы бар. Корпуста көрнекті ғылыми жаңалықтардың авторлары, ерекше технологияларды жасаушылар қызмет атқарады. Университет өзінің миссиясын барлық білімді оқу орны ретінде беруде ғана емес, сонымен қатар ғылым жетістіктері негізінде жаңа білімді игеруде де көреді. Осындай тәсілмен ғылыми ізденіске тек оқытушылар ғана емес, сонымен қатар университеттің көптеген студенттері, магистранттары мен докторанттары тартылған. Шын мәнінде, бүгінде ҚазҰУ инновациялық типтегі зерттеу университеті болып табылады.
ҚазҰУ дамуының қазіргі кезеңі оның алдында тікелей жауапты болатын ұлттық жоғары оқу орындары мәртебесінің түбегейлі артуымен байланысты. Бұл шешім уақыт талабына, Қазақстанның экономикалық дамудың жаңа кезеңіне кіруіне, елдің әлемдік аренадағы беделін нығайтуға, әлемдік экономикалық және саяси жүйеге кірігуіне негізделген. Өзінің 86 жылдық тарихында ҚазҰУ әрқашан Қазақстанның ең беделді университеті болып қала берді, оның қабырғасынан еліміздің ғылыми, саяси, мәдени және экономикалық элитасының басым көпшілігі шықты. Университет бүгінде өз “брендтерін” қолдауға тырысады. Университет тарихы әрбір табысты қадамда, ғылыми жаңалықта, күнделікті педагогикалық қызметте және оның инновациялық табыстарында біздің өткен тәжірибеміздің бір бөлшегі бар екенін дәлелдейді және бүгінгі жетістіктер ҚазҰУ-дың 86 жылдық тарихы бой көтерген дәстүрлерге, есімдері мен жетістіктері Альма- матердің ұлы тарихының ажырамас бөлігі болып табылатын біздің ізашарлар мен замандастарымыздың еңбегіне, еліміздің ең көне жоғары оқу орны өткен ғылымға шынайы қызмет пен батыл инновацияларға сүйенеді. Университет ұжымы Әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің болашаққа одан әрі қарышты қадаммен ілгерілеп бұдан да жоғары жетістіктерге жететініне сенімді!
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің
Исламтану мамандығының 3курс студенті Бекен Ақбота.