Ұлттық біріңғай тестілеу

Ұбт-Ата-ананың баласына артқан үміті,оқушының 11 жыл бойына алған білімі,ұстаздың берген білімінің нәтижесі.
Менің бұл мақаланы жазудағы негізгі мақсатым болашақ түлектерге өзімнің түсінгенімді жеткізіп,оларға кішкене болсада пайдамды тигізу.
Оқушының көбісі дайындықты 11 сыныптан бастап жатады,кейбіреулер өз дайындығын 8,9 сыныптан бастап кеткен.Менде сол көп оқушының бірі болып дайындығымды 11 сыныпта бастадым.Әрине басында мен үшін бәрі қиын болды,жол көрсететін адам жоқ,неден бастарымды да білмеймін,тек ізденісте болдым.
Ал жастүлек ҰБТ-дан жоғары балл алу үшін саған берер 5 кеңесім:
1)Ең маңыздысы бұл мамандық.Таңдаған мамандығыңыз бұл сіздің болашақ өміріңіздің бастамасы.Ертеңгі күні сіз осы таңдаған салаңыз бойынша жұмыс жасайтындықтан,мамандық таңдауда мұқият болыңыз.
2)Онлайн немесе офлайн курстарға қатысу
Әрине таңдау өзіңізде курстарға қатысу да,қатыспау да.Бірақ маған курсқа қатысқанның көп пайдасы тигендіктен мен сізге кеңес беремін.
Оның артықшылықтары өте көп:
Ең алдымен сізге дұрыс жолды нұсқаушы ұстаздар.Жинақталған,зерттелген материалдар,жаңа орта,жаңа достар бұның бәрі -сіздің әрі қарай дамуыңызға,дайындығыңызға өз әсерін береді.
3)Курсты дұрыс таңдай білу.
Жақсылап тұрып жасалған жарнамаларға сеніп қалып,ақшаны босқа құртып алмаңыз.Сонымен қатар курстың бағасына емес,сапасына қарап қатысыңыз.
Ең алдымен оқушылардың курсқа берген бағасына қараңыз,мұғалімдердің берген сабағы сізге түсінікті ме соған баса мән беріңіз!
4) Саған пайдасы жоқ дүниелерден арыл,яғни әлеуметтік желілер.
Түсінем басында қиын болуы мүмкін,алайда өзіңе пайдасы тиер дүние болғандықтан шыдауға болады.Менің өзіме қиындық тудырмады,тез үйреніп кеттім.Оларды өшірмесеңде өзіңе пайдасын тигізер ақпараттарды қарауға тырыс.
5)Берілмеңіз.
Құлайсыз ба?Қайта тұрыңыз!
Ешқашан менің балым аз,жоғары балл ала алмаймын деп өзіңізді түсіріп тастамаңыз.Тек еңбек етіп,оқып,іздене беріңіз.Соңында міндетті түрде нәтижесін көресіз.
Арасында дайындықты тоқтатып үзіліс жасап,тоқтап қалуыңызда мүмкін,бірақ бұл ұзаққа созылмасын.Ең бастысы ешкімнің сөзіне қарамай алға жылжыңыз.
Ал Жастүлек сізге берер кеңесім осы.Өзіңе керегін алып,пайдаңа жаратарсыз деген үміттемін.Ешқашан берілмеңіз,тек алға жылжыңыз.Сәттілік серігіңіз болсын!

Саған сеніммен Мерей!

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *