Журналист болғың келе ме?
Менің ойымша адам өмірге келгенде белгілі-бір миссиямен келетіндей. Ақыл кіре бастаған кезінде айналаға көз тастап, арман жетегіне еріп,үлкендерден үлгі алу арқылы алғашқы қадамдарын жасайды. Өсе келе арманды мақсатқа айналдыру жолында еңбек етеді.
Журналист болғың келе ме ?-деген сұрақ жасынан көгілдір экраннан көрінуді армандаған жастардың көкейіндегі сауал екені айтпаса да түсінікті. Мен де солардың бірімін.Журналистика жұмбақ , құпиясы терең мамандық. Бұл мамандықты меңгеріп кету үлкен табандылықты қажет етеді. Ендешежурналистиканың түп тамырын ақтарсақ, жас түлектердің болашаққа бағдар жасауына көмектессек.
Журналистика-әлем бойынша«төртінші билік өкілі» деп есептеледі. Бұл дегеніміз -мұнда қателесуге жол жоқ!
Түп тамыры Францияда пайда болып , жаһанды жайлаған, өзін-өзі дәлелдей алған мамандық. Журналистиканы «бөлек әлемге» -теңер едім. Себебі құпиясы бөлек, шытырманға толы жолы бар, теңіздей мол төзім керек үлкен жол. Сол әлемде адасып-шатассаң шындық атты жеңіс тауына шыға алмай, құлдырайсың. Кез келген адам бұл жолды таңдап, алып кете алмайды. Темірдей төзім, қайтпас қайсарлық, мамандыққа деген махаббат пен беріктік , шындық деген қағиданы ұстанғандар ғана өз дегеніне оңай жетеді.
Қоғамға тигізер пайдасы мол. Қиындығы мен қызығы қатар жүретін өмір теңдігі деп айтар едім. Сол жолда үлкен кедергілерден өту керек болады.
Үйін , бала-шағасын тастап «халық» -деген ұғымды жоғары қоятын, қадір-қасиеттің , адамгершіліктің көрінер ортасы.
Журналистика-айтушы, естіртуші деп жай ғана ой тудырғанымен, мұнда да улкен мағына жатыр. Себебі кез келген адам бүл салаға кіріскен кезде халықты қызықтыра алуы, жағдайларымен танысуы керек. Сол «көз көріп, құлақ естіген» нәрсені жүрекпен өткізіп, шынайы, ешбір боямасыз жеткізу. Халықтың санасын ояту, жарыққа жетелеу. Естір кұлаққа шындықтың шырылын қалай да болса естірту. Үлкен қадамдардың , қиындықтардың , жетістіктердің жолы.
Өмір кереметін, тағдыр жолын, жетістіктерді, қиындық-кеселді айқын баяндаушы. Өмір шындығын бұқпасыз көрсетуші. Қоғам пікірін қалыптастырушы фактор.
«Елдің айнасы-халық» -демекші халыққа жағдай жасау, оларды дамыту, мұң-мұқтажын жеткізе алу үлкен міндет. Сол міндетті әр елін сүйген азамат , халқына адал , білікті журналисттер арқалауы парыз!
Көңілге медет, жүректегі мұзды ерітуші, су алған жанарларға жылу беруші бола білу басты қағида.
Журналист бірінші адамдық қасиетіне, одан әрі, ұстанымына, білімі мен адалдығына қарап бағаланады.
«Қарғыс алма, алғыс ал»-деген дана халқымыз. Білімі жетік , позициясы бар, мақсаты мен қадір-қасиеті жоғары халықтың адамы-әрқашанда биікте болары сөзсіз.
Ұтымды ой айту, ұтқыр сұрақ қоя білу , сөйлеу мәнері, сауаттылық, мәдениеттілік-әр журналисттің міндеті!
Елім деп соққан жүрегі бар -патриот, халықтың жанашыры , қалаулысы болу-меніңше үлкен бақ. Сол бақты бастан тайдырмай, тайсалмай шындыққа шырылдау, елінің алдында борыш саналатын «адалдықты ту »- ете алу адамның өзіне байланысты.
Осы орайда өз кумирімді тілге тиек етсем; ол жан марқұм,білікті журналист-Бейсен Құранбек. Бейсен ағамыздың- «Айтуға оңай», «Қарекет» деген бағдарламалары өз орнын ойып алды десем артық болмас. Талай жүректердің емі болған бұл бағдарламалар үздіксіз халыққа жұмыс істеді. Бейсен ағамыз -баласын сағынған анаға сағынышын басуына, ауру жандардың жанына жалау болып, емделіп кетуіне , халықтың жағдайы оңалып кетуіне жағдай жасады. Жетім-жесірдің маңдайынан сыйпап, жылу сыйлады. Журналистика да ғана емес, қоғамда мейірімділік, жомарттықты ту етті. Елі асыл ерін әлі ұмытқан жоқ. «Ер елін сыйлаған, ері елін сыйлаған» әдемі көріністің куәсі болдық бәріміз. Мәңгі менің жадымда, шындықты ту етуге үлгі жан ретінде қалады.
Сөзімді қорытындылай келе мен болашақта халқыма қызмет етуші, халық жолында шырылдаушы, елінің қалаулысы болғым келеді. Журналистиканы жүрегіммен суюді, жетістікке халықпен бірге жетуді өзіме парыз деп есептеймін!