Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу
Жаңалықтар Жаңалық

1 қыркүйектен бастап балалардың құқықтарын қорғау саласында қандай жаңалықтар күтіледі?

Автор

Bilimger Media
2 мин оқу 26 оқылым

Педагогтердің жыл сайынғы тамыз конференциясында Мемлекет басшысы мектептерде буллингке, қатыгездікке және агрессияға орын болмауы тиіс екенін ерекше атап өтті. Соңғы екі жылда елімізде кешенді шаралар қабылданды: кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық үшін жаза күшейтілді, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл институты нығайтылды, суицидтің алдын алу бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп келеді.

«Мектеп әр бала үшін қауіпсіз жер болуы тиіс», – деп атап өткен болатын Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мектептер мен колледждерде «ДосболLIKE» антибуллингтік бағдарламасы енгізілуде.

Апталық жеке қауіпсіздік сабақтары қайта жанданады. Енді олар елдегі барлық балабақшаларда, мектептерде және колледждерде өтеді: әр апта сайын сынып сағатында 10 минуттан, жылына үш рет қайталанып отырады. Сабақтарда интернеттегі қауіпсіздік ережелері, алаяқтардан қорғану жолдары, төтенше жағдай кезіндегі іс-қимылдар және зорлық-зомбылықтың алдын алу тақырыптары қамтылады.

Балаларға психологиялық қолдау көрсететін 20 орталық өз жұмысын жалғастыруда. Бұл орталықтар буллинг, зорлық-зомбылық және дағдарыс жағдайларына байланысты балаларға, ата-аналарға және педагогтерге көмек көрсетеді. Кеңес беру және шұғыл көмек тәулік бойы қолжетімді.

«111» байланыс орталығының QR-кодтары барлық мектептерге орналастырылды. Балалар өз құқықтарының бұзылуы туралы анонимді әрі жедел хабарлай алады. QR-кодтар дәліздерде, баспалдақтарда және санитарлық бөлмелерде көзге көрінетін жерлерге ілінген. Барлық өтініштер тәулік бойы қабылданады.

Буллинг үшін әкімшілік жауапкершілік белгіленді: айыппұл – 10 АЕК, ал қайталанған жағдайда – 30 АЕК.

Қоғамдық көліктен балаларды түсіруге тыйым салынды. Автобус жүргізушілеріне 16 жасқа дейінгі балаларды ересектерсіз мәжбүрлеп түсіріп кетуге болмайды. Ережені бұзу әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.

«Жалпыға бірдей білім беру» қоры арқылы 500 мыңнан астам бала қолдау алды. Әлеуметтік осал санаттағы балаларға киім-кешек, аяқ киім мен оқу-құралдарын сатып алу үшін ата-аналар мен заңды өкілдердің есепшоттарына 25,3 млрд теңге аударылды.

Ақтөбе облысында алғаш рет балалардың құқықтарын қорғау басқармасы құрылды. Ол аудандық және қалалық бөлімдердің жұмысын үйлестіреді. Алдағы уақытта осы сынды құрылымдар барлық өңірлерде ашылады.

Қамқоршылық және қорғаншылық органдарының штаты шамамен үш есеге артты. Енді норматив бойынша 5 мың балаға – 1 маман қарастырылған. Қазіргі таңда жүйеде 896 маман жұмыс істейді, олардың саны кезең-кезеңімен көбейіп келеді.

Жоғарыда аталған бастамалардың жүзеге асырылуы ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің тұрақты бақылауында.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Осы тақырыптағы материалдар

Жаңалықтар

1 тоқсан қашан бітеді? 2026 жылғы күзгі каникул күндері

1 тоқсан қашан бітеді? Бұл сұрақ 2026 жылдың қазан айында оқушылар мен ата-аналар үшін өзекті болып отыр. Қазақстанда 2026–2027 оқу жылындағы бірінші тоқсанның аяқталу мерзімі мен күзгі каникул күндері ресми түрде…

Bilimger Media 413 оқылым 4 мин
Жаңалықтар

Қазақстанда алғашқы қар: 6 қазанда қай өңірлерде жауады?

2026 жылғы 6 қазанда Қазақстанның бірнеше өңірінде қар аралас жаңбыр, көктайғақ және үсік күтіледі. Қазгидрометтің болжамы бойынша өңірлердегі ауа райы мен қауіпсіздік шараларын біліңіз.

Bilimger Media 16 оқылым 5 мин
Жаңалықтар

Ерлан Қариннің өмірбаяны: мұғалімдіктен Қазақстанның вице-президентіне дейін

Ерлан Қариннің туған жері, білімі мен еңбек жолы туралы. Материалда мұғалімдіктен мемлекеттік қызметке дейінгі мансабы және вице-президент болып тағайындалуы баяндалады.

Bilimger Media 208 оқылым 7 мин