Ескендір поэмасы. Абай Құнанбайұлы
: 0 Осы жұрт Ескендiрдi бiле ме екен? Македония Шаћары оған мекен. Филипп патша баласы, ер көңiлдi, Мақтан сүйгiш, қызғаншақ адам екен. Филипп өлдi. Ескендiр патша болды, Жасы әрең жиырма бiрге толды. Өз жұрты аз көрiнiп, көршiлерге Көз алартып қарады оңды-солды. Сұмдықпен әскер жиып қаруланды, Жақын жерге жау алып тура аттанды. Көп елдi күтiнбеген қырды, […]