Абай Құнанбайұлы, Абайдың қара сөздері

Абайдың қара сөздері. Отыз алтыншы сөз

: 0 ОТЫЗ АЛТЫНШЫ СӨЗ Пайғамбарымыз салаллаһу ғалайһи уәссәлләмнің хадис шарифінде айтыпты: «мән лә хаяһүн уәлә иманун ләһу» деп, яғни кімнің ұяты жоқ болса, оның иманы да жоқ деген. Біздің қазақтың өзінің мақалы да бар: «ұят кімде болса, иман сонда» деген. Енді бұл сөзден білінді: ұят өзі иманның бір мүшесі екен. Олай болғанда білмек керек, […]

Абай Құнанбайұлы, Абайдың қара сөздері

Абайдың қара сөздері. Отыз бесінші сөз

: 0 ОТЫЗ БЕСІНШІ СӨЗ Махшарға барғанда құдай тағала қажы, молда, сопы, жомарт, шейіт — соларды қатар қойып, сұрар дейді. Дүниеде ғиззат үшін, сый-құрмет алмақ үшін қажы болғанды, молда болғанды, сопы болғанды, жомарт болғанды, шейіт болғандарды бір бөлек қояр дейді. Ахиретке бола, бір ғана құдай тағаланың разылығын таппақ үшін болғандарды бір бөлек қояр дейді. Дүние

Абай Құнанбайұлы, Абайдың қара сөздері

Абайдың қара сөздері. Отыз төртінші сөз

: 0 ОТЫЗ ТӨРТІНШІ СӨЗ Жұрттың бәрі біледі өлетұғынын және өлім үнемі қартайтып келмейтұғынын, бір алғанды қата жібермейтұғынын. Қазақ осыған да, амал жоқ, нанады, анық өз ойына, ақылына тексертіп нанбайды. Және һәмманы жаратқан құдай бар, ахиретте сұрау алады, жамандыққа жазғырады, жақсылыққа жарылғайды, жазғыруы да, жарылғауы да пенде ісіне ұқсамайды, бегірек есепсіз қинауы да бар, бегірек

Абай Құнанбайұлы, Абайдың қара сөздері

Абайдың қара сөздері. Отыз үшінші сөз

: 0 ОТЫЗ ҮШІНШІ СӨЗ Егерде мал керек болса, қолөнер үйренбек керек. Мал жұтайды, өнер жұтамайды. Алдау қоспай адал еңбегін сатқан қолөнерлі — қазақтың әулиесі сол. Бірақ құдай тағала қолына аз-маз өнер берген қазақтардың кеселдері болады. Әуелі — бұл ісімді ол ісімнен асырайын деп, артық ісмерлер іздеп жүріп, көріп, біраз істес болып, өнер арттырайын деп,

Абай Құнанбайұлы, Абайдың қара сөздері

Абайдың қара сөздері. Отыз екінші сөз

: 0 ОТЫЗ ЕКІНШІ СӨЗ Білім-ғылым үйренбекке талап қылушыларға әуелі білмек керек. Талаптың өзінің біраз шарттары бар. Оларды білмек керек, білмей іздегенмен  табылмас. Әуелі — білім-ғылым табылса, ондай-мұндай іске жаратар едім деп, дүниенің бір қызықты нәрсесіне керек болар еді деп іздемекке керек. Оның үшін білім-ғылымның өзіне ғана құмар, ынтық болып, бір ғана білмектіктің өзін дәулет

Абай Құнанбайұлы, Абайдың қара сөздері

Абайдың қара сөздері. Отыз бірінші сөз

: 0 ОТЫЗ БІРІНШІ СӨЗ Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі — көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші — сол нәрсені естігенде я көргенде ғибрәтлану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек; үшінші — сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек; төртінші — ой кеселі нәрселерден қашық болу керек. Егер кез

Абай Құнанбайұлы, Абайдың қара сөздері

Абайдың қара сөздері. Отызыншы сөз

: 0 ОТЫЗЫНШЫ СӨЗ Қырқын мінсе қыр артылмайтұғын осы бір «қырт мақтан» деген бір мақтан бар, сол неге керек, неге жарайды? Ол ар, есті білмейді, намысты білмейді, кең толғау, үлкен ой жоқ, не балуандығы жоқ, не батырлығы жоқ, не адамдығы жоқ, не ақылдылығы, арлылығы жоқ. Мойынын бұрып қойып: «Өй, тәңірі-ай, қойшы әрі, кімнен кім артық

Абай Құнанбайұлы, Абайдың қара сөздері

Абайдың қара сөздері. Жиырма тоғызыншы сөз

: 0 ЖИЫРМА ТОҒЫЗЫНШЫ СӨЗ Біздің қазақтың мақалдарының көбінің іске татырлығы да бар, іске татымақ түгіл, не құдайшылыққа, не адамшылыққа жарамайтұғыны да бар. Әуелі «Жарлы болсаң, арлы болма» дейді. Ардан кеткен соң, тірі болып жүрген құрысын. Егер онысы жалға жүргеніңде жаныңды қинап еңбекпенен мал тап деген сөз болса, ол — ар кететұғын іс емес. Тыныш жатып,

Абай Құнанбайұлы, Абайдың қара сөздері

Абайдың қара сөздері. Жиырма сегізінші сөз

: 0 ЖИЫРМА СЕГІЗІНШІ СӨЗ Ей, мұсылмандар! Біреу бай болса, біреу кедей болса, біреу ауру, біреу сау болса, біреу есті, біреу есер болса, біреудің көңілі жақсылыққа мейілді, біреудің көңілі жаманшылыққа мейілді — бұлар неліктен десе біреу, сіздер айтасыздар: құдай тағаланың жаратуынан яки бұйрығынша болған іс деп. Жә, олай болса, біз құдай тағаланы айыбы жоқ, міні

Абай Құнанбайұлы, Абайдың қара сөздері

Абайдың қара сөздері. Жиырма жетінші сөз

: 0 ЖИЫРМА ЖЕТІНШІ СӨЗ (Сократ хакімнің сөзі) Бір күні Сократ хакім бір Аристодим деген ғалым шәкіртіне құдай табарака уа тағалаға құлшылық қылмақ турасында айтқан сөзі. Ол өзі құлшылық қылғандарға күлуші еді. — Әй, Аристодим, ешбір адам бар ма, сенің білуіңше, қылған өнерлері себепті адам таңырқауға лайықты? — деді. Ол айтты: Толып жатыр, қазірет. Бірінің