Абай Құнанбайұлы

Интернатта оқып жүр

: 0 Интернатта оқып жүр Талай қазақ баласы – Жаңа өспірім, көкөрім, Бейне қолдың саласы. Балам закон білді деп, Қуанар ата-анасы, Ойында жоқ олардың Шариғатқа шаласы. Орыс тілі, жазуы – Білсем деген таласы. Прошение жазуға Тырысар, келсе шамасы. Ынсапсызға не керек Істің ақ пен қарасы? Нан таппаймыз демейді, Бүлінсе елдің арасы. Иждиһатсыз, михнатсыз Табылмас ғылым […]

Абай Құнанбайұлы, Абайдың қара сөздері

Абайдың қара сөздері

: 1 Абай Құнанбайұлының “Қара сөздері” — қазақтың ұлы ойшылы мен ақыны Абайдың философиялық, моральдық және әлеуметтік тақырыптарды қозғаған прозалық еңбектері. Бұл еңбектер қазақ әдебиетінің маңызды мұраларының бірі болып табылады. Абайдың қара сөздері 1890-1898 жылдар аралығында жазылған және 45 сөзден (тараудан) тұрады. Әрбір қара сөзде ол қазақ халқының мінез-құлқын, тұрмыс-тіршілігін, рухани байлығын, білім мен тәрбиенің

Абай Құнанбайұлы, Абайдың қара сөздері

Абайдың қара сөздері. Қырық бесінші сөз

: 0 ҚЫРЫҚ БЕСІНШІ СӨЗ Құдай табарака уатағаланың барлығының үлкен дәлелі — неше мың жылдан бері әркім әртүрлі қылып сөйлесе де, бәрі де бір үлкен құдай бар деп келгендігі, уа һәм неше мың түрлі діннің бәрі де ғадаләт, махаббат құдайға лайықты дегендігі. Біз жаратушы емес, жаратқан көлеңкесіне қарай білетұғын пендеміз. Сол махаббат пен ғадаләтке қарай

Абай Құнанбайұлы, Абайдың қара сөздері

Абайдың қара сөздері. Қырық төртінші сөз

: 0 ҚЫРЫҚ ТӨРТІНШІ СӨЗ Адам баласының ең жаманы — талапсыз. Талап қылушылар да неше түрлі болады. Һәм талаптың өзі де түрлі-түрлі. Һәм сол талаптардың қайсысының соңына түссе де, бірінен бірі өнерлі, тұрлаулырақ келеді. Уа, ләкин адам баласы я талапты, я талапсыз болсын, әйтеуір «бәрекелдіні» керек қылмайтұғыны болмайды. Әрнешік, орынсыз ба, орынды ма, «бәрекелді» деушіні

Абай Құнанбайұлы, Абайдың қара сөздері

Абайдың қара сөздері. Қырық үшінші сөз

: 0 ҚЫРЫҚ ҮШІНШІ СӨЗ Адам ұғылы екі нәрседен: бірі — тән, бірі — жан. Ол екеуінің орталарында болған нәрселердің қайсысы жибили, қайсысы кәсиби — оны білмек керек. Ішсем, жесем демектің басы — жибили, ұйықтамақ та соған ұқсайды. Аз ба, көп пе, білсем екен, көрсем екен деген арзу, бұлардың да басы — жибили. Ақыл, ғылым

Абай Құнанбайұлы, Абайдың қара сөздері

Абайдың қара сөздері. Қырық екінші сөз

: 0 ҚЫРЫҚ ЕКІНШІ СӨЗ Қазақтың жаманшылыққа үйір бола беретұғынының бір себебі — жұмысының жоқтығы. Егер егін салса, я саудаға салынса, қолы тиер ме еді? Ол ауылдан бұл ауылға, біреуден бір жылқының майын сұрап мініп, тамақ асырап, болмаса сөз аңдып, қулық, сұмдықпенен адам аздырмақ үшін, яки азғырушылардың кеңесіне кірмек үшін, пайдасыз, жұмыссыз қаңғырып жүруге құмар.

Абай Құнанбайұлы, Абайдың қара сөздері

Абайдың қара сөздері. Қырық бірінші сөз

: 0 ҚЫРЫҚ БІРІНШІ СӨЗ Қазаққа ақыл берем, түзеймін деп қам жеген адамға екі нәрсе керек. Әуелі — бек зор өкімет, жарлық қолында бар кісі керек. Үлкендерін қорқытып, жас балаларын еріксіз қолдарынан алып, медреселерге беріп, бірін ол жол, бірін бұл жолға салу керек, дүниеде көп есепсіз ғылымның жолдары бар, әрбір жолда үйретушілерге беріп сен бұл

Абай Құнанбайұлы, Абайдың қара сөздері

Абайдың қара сөздері. Қырқыншы сөз

: 0 ҚЫРҚЫНШЫ СӨЗ Зинһар, сендерден бір сұрайын деп жүрген ісім бар. Осы, біздің қазақтың өлген кісісінде жаманы жоқ, тірі кісісінің жамандаудан аманы жоқ болатұғыны қалай? Қайраты қайтқан шал мен жастың бәрі бітім қылады, шалдар өзді-өзі көп құрбыдан айрылып азайып отырса да, біріменен бірінің бітім қылмайтұғыны қалай? Бір елдің ішінде жамағайынды кісі бірге туғандай көріп,

Абай Құнанбайұлы, Абайдың қара сөздері

Абайдың қара сөздері. Отыз тоғызыншы сөз

: 0 ОТЫЗ ТОҒЫЗЫНШЫ СӨЗ Рас, бұрынғы біздің ата-бабаларымыздың бұл замандағылардан білімі, күтімі, сыпайылығы, тазалығы төмен болған. Бірақ бұл замандағылардан артық екі мінезі бар екен. Ендігі жұрт ата-бабаларымыздың мінді ісін бір-бірлеп тастап келеміз, әлгі екі ғана тәуір ісін біржола жоғалтып алдық. Осы күнгілер өзге мінезге осы өрмелеп ілгері бара жатқанына қарай сол аталарымыздың екі ғана

Абай Құнанбайұлы, Абайдың қара сөздері

Абайдың қара сөздері. Отыз сегізінші сөз

: 0 ОТЫЗ СЕГІЗІНШІ СӨЗ Ей, жүрегімнің қуаты, перзентлерім! Сіздерге адам ұғылының мінездері туралы біраз сөз жазып ядкар қалдырайын. Ықыласпенен оқып, ұғып алыңыздар, оның үшін махаббатың төлеуі — махаббат. Әуелі адамның адамдығы ақыл, ғылым деген нәрселерменен. Мұның табылмақтығына себептер — әуелі хауас сәлим һәм тән саулық. Бұлар туысынан болады, қалмыс өзгелерінің бәрі жақсы ата, жақсы