Кім екен деп келіп ем түйе қуған
: 1 Кім екен деп келіп ем түйе қуған Кім екен деп келіп ем түйе қуған, Қатын ғой күлдәрімен белін буған. Төркініңнің бергені жауыр айғыр, Бауырыңды… бірге туған. Абай Құнанбаев
: 1 Кім екен деп келіп ем түйе қуған Кім екен деп келіп ем түйе қуған, Қатын ғой күлдәрімен белін буған. Төркініңнің бергені жауыр айғыр, Бауырыңды… бірге туған. Абай Құнанбаев
: 0 Дүйсенқұлға Саудайы ай, сауды алмадың ау, сырқауды алып, Бір пәлеге жолықтың шырқау барып. Ала жаздай көгалды бір көрмедің, Сары жұртқа қондың ба ірге аударып? Абай Құнанбаев
: 0 Әйелің — Медет қызы, аты Ырым Әйелің — Медет қызы, аты Ырым, Айында бір жумайды беттің кірін. Ер кезек жігітке үшке дейін, Бір боқты тағы бас та және сүрін. Абай Құнанбаев
: 0 Баймағанбетке Ажының жақсы-аққызы едім, Жетістірем деп алды. Тілеуін түзден тілесе, Баста мені неге алды? Сол желіккеннен желігіп, Жынды сары жоғалды. Ойбайлаған болайын-ай, Жоқтамасам, обал-ды. Абай Құнанбаев
: 0 Жақсылыққа Аяғыңды аңдап бас, ей Жақсылық! Өз басыңда жының бар бір бақсылық. Борышқорлық — адамға қиын нәрсе, Әрқайда өсіткізеді мал тапшылық. Абай Құнанбаев
: 0 Дүтбайға Жылуы жоқ бойының, Жылмиғаны неткені? Құбылуы ойының — Кетпей құйтың еткені. Мұңды, жылмаң пішінін Кезек киіп, ел жиып, Болыс болса, түсінің Түксігін салар тырсиып. Бір көрмеге тәп-тәтті Қазаны мен қалбаңы. Дөң айналмай ант атты, Бүксіп, бықсып ар жағы. Сенен аяр түгі жоқ, Бүгін сыйлас көрініп, Бүгін жалын, ертең шоқ, Сөзі мен
: 0 Разаққа Мына үйде отыр Разақ, Елдің жөнін айтар ма, Шақырып алып сұрасақ. Үлкен қожа ортан қол, Өзгелері аты жоқ пенен шынашақ. Сонда Абайдың немересі Әубәкір: Омархан ағам ше? дегенде: Оны дағы байқармыз, Біраз ғана сынасақ. Абай Құнанбаев
: 1 Күйісбайға Дұғай сәлем жазамын Күйісбайға, Бермек болған айғырдың көзі қайда? Көзді көрсең бересің, тайсаң танып, Алдамшы атанғанның несі пайда? Абай Құнанбаев
: 0 Рахым шалға Сұлу аттың көркі жал, Азаматтың көркі мал. Өмір сүрегн кісіге Дәулет қызық, бала бал. Бал болатын бала бар, Бал болар ма Рахымшал?! Бүйтіп берген балаңды, Берген құдай, өзің ал! Абай Құнанбаев
: 0 Ғабидоллаға Жазғытұрым қылтиған бір жауқазын, Қайдан білсін өмірдің көбін азын. Бәйтеректі күндейді жетемін деп, Жылы күнге мас болып, көрсе жазын. Күз келген соң тамырынтүсік шалып, Бетегеге жете алмай болар жазым. Мен дағы көп есіттім жастың назын, Қол жетпеске қол созар бар ма ылажың? «Боламынмен» жүргенде болат қайтып, Жалын сөніп, жас жүзін басады