Музаға
: 0 Музаға Отырғанын қарашы күйім келмей, Қайда кеттің? О, Муза! Құйын желдей. Аузымды ашсам өкпемнен жел үреді, Қаңыраған иесіз диірмендей. Мұздатады жанымды бұйым көрмей. Жел үреді желпініп, көрік-кеудем, Күйім келмей отырмын неліктен мен?! О, Муза! Қайдасың сен желік берген? Жалын мен отқа ғана ерік берген Серігім, қайдасың сен сеніп келген? Дәптер жатыр парағы аударылмай, […]