Мұхтар Шаханов, Өлеңдер

Үнсіздік

: 0 Бір танысым қонаққа шақырды да, Топ адамның көзінше Пікір пішіп өзінше, Көңіліңді елемей аппақайдың, Досым, сені жатып кеп даттады-ай бір. Кеткен шақта әділдік заңға айналып, Ақты қара деп айту қандай набыт. Үнсіз қалдым. Өзіңді нақ сол сәтте Ақтап алар дәлелім болмай қалып. Өткен күзде билетін жоғалтып ап, Бір қарт әжей вокзалда жылап тұрды, […]

Мұхтар Шаханов, Өлеңдер

Сұлулықты сезіну немесе Ғабиден Мұстафинмен қарттық жайлы әңгіме

: 0 Нар көңілдің жастығы ма, Әлде оянған арман ба, Жүз жасаған Жамбыл ақын кешегі, О, керемет, Грузияға барғанда, «Бір сұлуға ғашық бопты» деседі. — Міне, нағыз бүгінгінің батыры, Қатал уақыт қарияны сала алмапты-ау төзіне. Неткен қайсар сұлулық бұл, — деп бір орыс ақыны Жас алыпты көзіне. Иә, қарттар бар арғымағы арманнан, Жігерімен дүр сілкінткен

Мұхтар Шаханов, Өлеңдер

Барселона әуежайындағы сұңқарлар

: 0 Бұл не өзі, әлде даңққа ғашықтық? Талайлар жүр өлең-жырды кәсіп қып, Десек-дағы іскерміз һәм батылмыз, Біз солармен күресе алмай жатырмыз. Кедергілер көлденеңдеп күтпеген, Пәле болды көңіл жықпастық деген. Шығып жатыр, Шығып жатыр құлшынып, Бойсыз, Ойсыз, Тек ұшуға құштарлар, Құштарлықтан тұра ма әлде тіршілік?! Жеке күйттеп әдеттенген бас қамын Бір-біріне ұқсас, Ұсақ құстардан Тазартамыз

Мұхтар Шаханов, Өлеңдер

Еркектерге көзқарас немесе әйелге сирек жолығатын бақ

: 0 Отырарда бір қадірлі қарияның қанатты Тұлпар тектес аты бопты сүйсінткен бар алапты. Мінезі сәл жайсыз екен шодыр бала іспетті, — Шаршап-талып шөлдесе де арықтан су ішпепті. Жек көргені жақын келсе, тарпып, теуіп тістепті, Содан аяқ шідерленіп, бастан жүген түспепті. Бозбалалар сымбатына көз тастайтын табына, Қарияның ай дидарлы қызы бопты тағы да. Сол жас

Мұхтар Шаханов, Өлеңдер

Кета балықтың ерлігі

: 0 Өріс ашқан сан кеме, сан қайыққа Біздің сонау айтолқын Ақжайықта Кета деген балық бар. Уылдырық шашар кезде сол балық. Қос жанары тұмандана толғанып, Пәленбай күн жол жүріп, Әбден шаршап болдырып, Құлшына, жанып іштен, Жан жүйесін сыздатқан сағынышпен, Ұрпағына сенімді орын тапқанша, Ешқайда қайырылмастан, Бастапқы бағытынан айрылмастан, Көзінде тек аналық арман ойнап, Жүзеді екен

Мұхтар Шаханов, Өлеңдер

Бесінші еркек

: 0 Намыс туы желбіреген өрінде, Дүниеге келтірген сан алыпты, Отырарда, Менің туған жерімде Мынадай бір асқақ аңыз қалыпты. Жігерімен жіберердей тасты үгіп, Өнер, ойы тармақты, Адал, жайсаң жас жігіт Ел ырысын шашып өткен Тосын келген қасіреттен Жанын салып туған жерін қорғапты. Ал,табиғат — ұлы Ана Ұланыңа тіл қатыпты қуана: — Бұдан да үстем болу

Мұхтар Шаханов, Өлеңдер

Саматтың жұбайы Айжанармен жекпе-жек

: 0 Замана тұр бөркiн алып ойланып, Сол түнгi ойлар кеттi бiздi қайда алып? …Сол түнi бiз сенiң туған сiңлiңнiң Он ceгiзгe толған күнiн тойладық. Мен қуана тост көтердiм қызға арнап: — Ал сапарың сәттi болсын, қызғалдақ. Өмip мынау: Қатар тосқан жеңiлi мен ауырын, Қайғысы мен сауығын, Шуағы мен дауылын. Бүгiн, мiне, сенiң туған күнiңдe

Мұхтар Шаханов, Өлеңдер

Тоқшылық

: 0 Т. Жұмановқа Ол ауылдың қадірмен диқаны еді, Кеудесіне кең дала сыйған еді, Кең даланың мәрттігін жиған еді. Көңілі түскен адамға қажет кезде Жалғыз атын ойланбай сыйлар еді. Бәкір баба осындай диқан еді, Жайсаң жайлау, жаз пейіл бола тұра Айтқанынан қайтпайтын қиқар еді. Сағынышын самғатып сан хатынан, Құлан жүйрік қиялмен таңды атырған. Еркетайы бір

Мұхтар Шаханов, Өлеңдер

Жетінші түйсік

: 1 Үйленіп отау көтердің, мінекей, сен де, бала қаз, Тірліктен, бірақ, жарқыным, үйленбей кеткен адам аз. Сен түгіл қасқыр қасқырмен, маймыл мен маймыл жұптасқан, Өз теңін тапқан соң ғана адымын олар нық басқан. Ойың мен ісің — жаңғырық, кейде оған түйсік жетпейді, Әйел ап, бала тудыру ақылды қажет етпейді. Күнделік құмар сезімді өрілгені үшін

Мұхтар Шаханов, Өлеңдер

Түсінісу теоремасы

: 0 Келіп жатыр, кетіп жатыр дарындар… Қара бұлттай қайғы жапты бөлмені. Адамзаттың алғыр, ұлы қыраны Лев Толстой жатыр еді өлгелі. Әйелі кеп қолын сүйіп, жылады: «Тежей алмай мінезімнің тасырын Өзіңменен өтті жарты ғасырым. Мен бейбақты кешіре гөр. Күнәм көп… Кешіре гөр, Кешіре гөр, асылым?!» Өткен күнің оймен шолып алыстан Үнсіз, іштей күбірледі данышпан: «Жә,